IV. Жаңа сабақты бекіту.
саясаттану ғылымының мақсаты неде?
Саясаттану басқа ғылымдар сияқты қандай функциялар атқарады?
Саяси ғылымның зерттеу объектілері?
Саясаттанудың негізгі әдістеріне не жатады?
V. Үй тапсырмасын беру: Саясаттану ғылымы
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 17
|
Күні:
|
Тақырыбы: Саясаттанулық білім
Сабақтың мақсаты: Саясаттанулық білім негіздерін атап өту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: саясаттану білімдерінің негізін үйренумен қатар қазіргі заманғы
саясаттанымдық зерттеулер жүргізудің дағдыларымен танысу.
Дамытушылық: табиғи және қоғамдық үрдістерді алдын ала жорамалдау мүмкіндігін
арттыру.
Тәрбиелік: Саси әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекілігі: оқулық, кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Саясаттану – саясат туралы пән.
Саясаттану әдістері
Саясаттанудың қызметі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі
Саясаттану парадигмалары
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл
Саясаттанудың әлеуметтік ақиқат тұрғысындағы атқаратын қызметі. Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Атақты ойшылдардың көзқарастары, әлемнің түрлі аймақтары бойынша қарастырылатын әртүрлі ағымдардың, бағыттардың және мектептердің тарихи дамуының прогрессивтік кезеңдерінде қалыптасқан саяси ой-пікірлер. Марксизм-ленинизмнің бүгінгі саясаттану іліміндегі көрінісі мен оған берілген саяси баға.
Саясаттану тарихындағы идеялық-теориялық күрес. Мемлекет. Құқық, заң, билік, саясат, бостандық, әділдік және т.б. проблемалар бойынша күрес – идеялық-теориялық күрестің өзекті мәселесі.
Саясаттану парадигмалары
|
теологиялық
|
натуралистік
|
әлеуметтік
|
тиімді сыни
|
саясатты, билікті құ-дайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған.
|
саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, география-лық ортамен, биоло-гиялық және психо-логиялық ерекшелік-термен түсіндіреді
|
саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді.
|
саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді
|
Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады.
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл - әлемдік тарихты өзіндік сипат пен жеке даму динамикасына тән жергілікті өркениеттер кезеңдерінен тұрады деп есептейтін тұжырымға негізделеді. Саясаттанудағы өркениетті тәсіл нақты қоғамның саяси ұйымын зерттегенде бірінші кезекте саяси өмірдегі өркениеттік, ұлттық-мәдени ерекшеліктерін қарастырады.
Бұл тәсілдің пайда болуы орыс ойшылы Н.Я. Данилевский (1822-1855) еңбектерімен тығыз байланысты. Ол өзінің "Ресей және Еуропа" (1869) еңбегінде саяси ғылымда алғаш рет жергілікті мәдени-тарихи түрлері (өркениеттер) бар екенін теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Мәдени-тарихи түрлер бір-бірімен және сыртқы әлеммен үздіксіз күресте, бұл жағдайда қалыптасу, ер жету, қартаю және құлдырау сияқты табиғи дәуірлерді басынан кешіреді. Н.Я. Данилевский жеке, дербес құндылықтары бар 10 өркениетті көрсетеді. Әр мәдени-тарихи түрлер қоғамның саяси жүйесіне негіз болатын өзіндік идеалды, үлгіні қалыптастырады. Мінеки, осылай дүниежүзілік тарих өркениеттер мен оларға сәйкес саяси ережелердің кезекпен ауысып отыруынан тұрады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Саясаттану парадигмаларын атап бер.
Әлеуметтік парадигмаға мысал келтір.
Өркениеттік тәсіл дегенді қалай түсінесің?
V. Үй тапсырмасын беру: Саясаттанулық білім
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 18
|
Күні:
|
Тақырыбы: Саясат өнер ретінде
Сабақтың мақсаты: Саясатта қажет өнер, қабілеттілік жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: оқушылардың саясаттанудағы категориялық аппараттарды игеруі.
Дамытушылық: саясаттанымдық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: Саяси іскерлік белсенділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция, дискуссия
Көрнекілігі: оқулық, кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі
Саясаттану парадигмалары
Саясаттанудағы өркениеттік тәсіл
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Саясат өнер ретінде
Саяси партияның даму кезеңдері
Саяси партия қызметтері мен жіктелуі
Саясат өнер ретінде - саясат өзін жүзеге асырушы партиялардан, топтар, мемлекеттік мекемелерден және т.б. жақсы дайындықты, жоғары тәжірибелікті, асқан шеберлікті, халыққа қуатты ықпал ете білуді қажет етеді. Саясатта әр түрлі тәсілдер пайдаланылуы мүмкін. Онда келісім де, қысым да, қулық та, алдап-арбау да кездесіп жатады. Саясатты өнерге теңеуі де сондықтан. Дегенмен, басқарушы саясат адамгершілік өлшемдеріне сай келсе ғана айтарлықтай жемісті бола алады.
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға
бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ. Мысалы, неміс ойшылы М.Вебер саяси партиялардың дамуында келесі кезеңдерді атап көрсеткен:
аристократиялық үйірмелер;
саяси клубтар;
көпшілік партиялар.
Демократиялық тәртіп жағдайында партиялар азаматтар, әлеуметтік топтар мен қоғам мүдделерін шынайы саяси үрдіске айналдыра алады.
Саяси партия қызметтері - саяси партиялардың негізгі міндеттерінің бірі - қоғамдық мүдделерді жинақтау мен оларды саяси шешімдерді қабылдау жүйесі шеңберіне ұйымдасқан және бағытталған түрде енгізу. Саяси партиялар билік үшін бәсекелестік күресте қоғамдық қолдауды жұмылдырушы құрал ретінде қызмет жасайды. Партиялық жұмылдыру арқылы азаматтар қазіргі заманның саяси үрдісінің белсенді мүшесіне айналады, яғни іріктеу қызметін атқарады. Партиялар қоғамдық мүдделерді қалыптастыруда да белгілі рөл атқарады.
Саяси партиялардың жіктелуі - М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты:
а) маманданған;
ә) бұқаралық деп жіктейді.
Маманданған деп қатарында сайлаушылардың 10%-дан кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйымдастырылуымен және тәртібімен көзге түседі. Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды.
Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:
1) авангардтық партиялар. Олардың ұйымы жоғары орталықтанумен сипатталады, өзінің барлық мүшелерінің партияның жүмысына белсенді қатынасуын талап етеді;
2) сайлаушылар партиясы. Олардың негізгі мақсаты үміткерлердің сайлау науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу және т.б.;
3) парламенттік партия. Ол негізгі екі қызметті атқарады: сайлауға дайындалу және парламентке бақылау жасау;
4) қауымдастық партия. Ол адамдарды белгілі бір саяси жолды ұстанғандығына қарай емес, ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай, маңызды мәселелерді ортақ талқылау үшін біріктіреді.
Партияларды таптық негізде жіктеу:
жүмысшылар,
шаруалар,
буржуазиялық.
Саяси жүйедегі рөліне байланысты:
парламенттік,
сайлаулық,
жетекші
мақсаттық
IV. Жаңа сабақты бекіту.
«Саяси партиялардың қоғамдағы орны» тақырыбында дискуссия құру
V. Үй тапсырмасын беру: Саясат өнер ретінде
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 19
|
Күні:
|
Тақырыбы: Саяси мәдениет
Сабақтың мақсаты: Саясат пен мәдениет арақатынасын түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Саяси мәдениет ұғымы, жіктелуі уралы білім беру.
Дамытушылық: салыстырмалы анализ жасау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады.
Тәрбиелік: саналылыққа, байыптылыққа, әлеуметік әділеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: әңгіме
Көрнекілігі: оқулық, тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Саясат өнер ретінде
Саяси партияның даму кезеңдері
Саяси партия қызметтері мен жіктелуі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Саяси мәдениет түсінігі
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси мәдениет құрылымы
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет түрлері:
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау да кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Саяси мәдениетті қалай түсінесің?
Саяси мәдениет қалай жіктеледі?
Саяси мәдениеттің құрылымы қандай?
V. Үй тапсырмасын беру: Саяси мәдениет
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 20
|
Күні:
|
Тақырыбы: Жеке тұлға және саясат
Сабақтың мақсаты: Жеке тұлғаның адамдық негізде қалыптасуына әсер ететін саяси факторлар жайлы мәлімет беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Жеке тұлғаны саяси қалыптастыру маңыздылығын түсіндіру, ақпарат беру.
Дамытушылық: Оқушыға тәрбиенің маңыздылығын жеткізе отырып, ақыл-ой қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау
Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Саяси мәдениет түсінігі
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси мәдениет құрылымы
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Тұлға саяси субъект, объект ретінде
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге араласуы
Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.
Саяси сайлауларға азаматтардың саналы қатынасу деңгейін ескерген жөн, өйткені сайлау – саяси қатынастардың барлық субъектілері үшін сайлау туралы заңмен шектелген ерікті қызмет алаңы болып табылады.
Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі - жеке түлғаның саяси мәртебесі мен саяси мәдениеті, саяси кәсібилігінен туындайтын саяси қатынастарға, саяси үрдіске ықпал ету шарасы, деңгейі. М.Вебер саясаттың үш түрін жіктейді. Және оған қатысуына байланысты саясаткер-тұлғаның үш түрін көрсетеді. "Жағдайға байланысты, кездейсоқ" саясат - саяси қатысудың түрі, бұл жағдайда жеке тұлға өз еркін ара-кідік, тіптен саяси акциялардың маз¬мұны, сипаты мен бағыты туралы ойланбай жүзеге асырады. "Қосымша" сая¬сат адаммен қажет және мұқтаж болған жағдайда басқа қызметімен қатар жүзе¬ге асырылады. Саясатпен "қосымша" айналысатын адамдар үшін саяси қызмет басты болып есептелмейді. Кәсіби саясат бұл жеке тұлғаның кәсібі болып табылады. Кәсіби-саясаткер - саяси кеңестер мен ұсыныстар беруге қабілетті талдаушы, билік технологиялары бойынша маман. Жоғарыда көрсетілген жағдайлардағы саясатта жеке тұлғаның қатысуынан оның рөлі анықталады.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.
Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.
Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені , ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарынөз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек.Сонымен қатар ол саяси «ойындардың» ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Адамның саясаттағы орны қандай?
Саяси сайлау процесіне жеке тұлға қатыса ала ма?
Адамды саясаттың объектісі ретінде қарастыруға бола ма?
V. Үй тапсырмасын беру. Азаматтың саяси өмірге қатысуы
VI. Бағалау.
11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық
Сабақтың тақырыбы: 21. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: ІІІ Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау
Сабақтың міндеттері:
Саясаттану негіздері атты ІІІ бөлімде өткен «саясаттану дегеніміз не?» және «саясат және мәдениет» тарауларын қайталау.
Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту
Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: әңгіме, семинар
Көрнекілік: оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Тұлға саяси субъект, объект ретінде
Саясаттағы жеке тұлғаның рөлі
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге араласуы
Жаңа сабақтың жоспары:
Саясаттану ғылымы
Саясаттанулық білім
Саясат өнер ретінде
Саяси мәдениет
Жеке тұлға және саясат
Сабақты бекіту:
саясаттану ғылымының мақсаты неде?
Саясаттану басқа ғылымдар сияқты қандай функциялар атқарады?
Әлеуметтік парадигмаға мысал келтір.
Саяси мәдениетті қалай түсінесің?
Саяси мәдениет қалай жіктеледі?
Адамның саясаттағы орны қандай?
Саяси сайлау процесіне жеке тұлға қатыса ала ма?
Адамды саясаттың объектісі ретінде қарастыруға бола ма?
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: қайталау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 22
|
Күні:
|
Тақырыбы: Еңбек нарығы
Сабақтың мақсаты: Нарықтың негізгі халықтың әлеуметтік жағынан қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Еңбек нарығы мәні, қатысушылары жайлы жаңа мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде баулу.
Сабақтың түрі: презентация
Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық
Көрнекілігі: схемалар, слайд
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен бөлімді қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Еңбек нарығы түсінігі
Еңбек нарығының қызметі
Еңбек нарығына тән қасиеттері
1) Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастар жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек нарығында екі жақты байланыс болады: жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар арасындағы қатынас заңды түрде – келісім-шарт арқылы және еңбек заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек ұсынысы нақты жалащқы өскен сайын өсіп отырады.
Американ экономисі П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;
- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);
- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес. (Самуэльсон П. Экономика Т.1.М.: НПО «Алгон», 1992.)
2) Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне етуімен белгіленеді. Еңбек нарығының қызметтері қоғам өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді, еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың өте маңызды өндірістік ресурс болып табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік функцияға адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс халының әдеттегідей дәрежесінің қамтамасыз етілуі және жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының экономикалық функциясына еңбекке рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану жатады. Еңбек нарығы бірсыпыраынталандыру функцияларын атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуінге, квалификацияның жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне квалификацияның жоғарлауына, мамандықты ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Жұмыс берушілер ұсынатын жұмыс орындары және жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
3) Еңбек нарығына тән қасиеттер:
- жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
- әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
- еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете алмауы;
- жұмыс күші жалақының мөлшерімен бағаланады.
Еңбек нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін келесі шарттарды орындау керек:
- қызметкерлер мен жұмыс берушілер экономикалық еркіндігі және қызметтегі тұрақтылығының сақталуы;
- жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны, сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;
- жалақының өсуіне кедергінің болмауы, себебі ол сатып алушы мен сатушы арасындағы басты реттеуші болып табылады;
- жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне сәйкес біліктілігінің өзгеруі және миграциялық қатынасы.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Еңбек нарығына анықтама бер.
Еңбек нарығынығ ерекшелігі неде?
Еңбек нарығы кімдердің арасындағы қарым-қатынасты зерттейді?
V. Үй тапсырмасын беру. Еңбек нарығы
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 23
|
Күні:
|
Тақырыбы: Капитал нарығы және табиғат ресурстары
Сабақтың мақсаты: Нарықтың негізгі халықтың әлеуметтік жағынан қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Капитал нарығы, табиғат ресурстары туралы түсінік беру, құрылу жолдарына тоқталу.
Дамытушылық: Экономикалық білімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Нарықтық экономикаға сай заманауи азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа материалды меңгеру, дәріс, ұжымдық жұмыс
Көрнекілігі: кестелер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Еңбек нарығы түсінігі
Еңбек нарығының қызметі
Еңбек нарығына тән қасиеттері
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Капитал нарығы түсінігі
Капиталдың түрлері
Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі
Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.
Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал деп ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Негізгі капитал
|
Айналмалы капитал
|
бұл өндіріс процесіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал.
Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады.
|
өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады;
оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады
|
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда «ресурс» деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар – дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазыналы рыноктағы терминдер. Тапсырманы әр топтың тез құру әрекетімен есептеледі.
1
|
Р
|
Р
|
У
|
С
|
С
|
Е
|
|
2
|
П
|
И
|
К
|
Т
|
Л
|
А
|
А
|
3
|
Р
|
Б
|
Ж
|
А
|
И
|
|
|
4
|
Р
|
Ы
|
Қ
|
Н
|
А
|
|
|
5
|
Л
|
И
|
Р
|
А
|
Т
|
М
|
А
|
6
|
О
|
К
|
Н
|
П
|
У
|
|
|
Ресурс, капитал, биржа, нарық, материал, купон.
V. Үй тапсырмасын беру. Капитал нарығы және табиғат ресурстары
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 24
|
Күні:
|
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Сабақтың мақсаты: Кәсіпкерлік ұғымына анықтама бере отырып, кәсіпкерлік іс-әрекетке үйрету.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Кәсіпкерлі туралы жаңа мағлұмат беру.
Дамытушылық: Іскерлік қабілеті жоғары кәсіпкерлікке үйрете отырып дамыту.
Тәрбиелік: Іскерлік қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: ойын технологиясын қолдану
Көрнекілігі: кесте
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Капитал нарығы түсінігі
Капиталдың түрлері
Ресурстың бір түрі – табиғи ресурстың ерекшелігі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері
1) Кәсіпкерлік дегеніміз – белгілі бір істі істей білу. Іс істеу – адамның белсенділігі және іскерлігі. Белсенділік, және іскерлік адамдардың еркін өмір сүру түрі.
Кәсіпкерлік – ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қол өнері қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Кәсіпкерліктің түрлері
Атқаратын міндетіне қарай кәсіпкерліктің мынадай түрлері болады: өндірістік, коммерциалық, финанс және консультациялық.
Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.
Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның немесе коллективтің (ұжымның) құрамы болуы керек.
Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: 1) ұжымдық – құқықтық және 2) ұжымдық экономикалық.
2)
Формалар
|
Артықшылықтары
|
Кемшіліктері
|
Жеке шаруашылық -бизнес, иесі бір адам.
|
Іс әрекеттің еркінділігі,
тәуелсіздік,
барлық пайдаға ие болу
|
Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі,
несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
|
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма:
жауапкершілігі шектеулі,
толық жауапкершіліктегі,
жауапкершілігі аралас серіктестік.
|
Ұйымдастырудің қарапайымдылығы,
қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл,
мамандандырылу-дың деңгейі жоғары,
өндіріс көлемін кеңейту мүмкіншілігі мол.
|
әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі,
серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі,
құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы,
бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
|
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық.
|
Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі,
фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.)
|
Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі,
акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі,
кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.
|
3) Нарықтық экономика еркін кәсіпкерлікті қолдайды. Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері:
тәуекел
белсенділік
тәуелсіздік
тапқырлық
жауапкершілік
белсенді түрде іздену
V. Жаңа сабақты бекіту.
«Сөз шектерін қос» ойыны
Сөз шектерін қосып, экономикалық терминдарді табу.
Сол бағанада экономикалық терминдердің басы, ал оң жақта соңы берілген. Сөз шектерін қосып, олардың мағынасын түсіндір.
ЭКО
|
КӘСІП
|
ПАЙ
|
КЕР
|
САУ
|
ПАНИЯ
|
ЖАР
|
КЕ
|
МЕН
|
ДА
|
ӨНЕР
|
ЛЯЦИЯ
|
КОМ
|
ЮТА
|
ИНФ
|
НАМА
|
ВАЛ
|
УАР
|
ТА
|
НУШЫ
|
ТҰТЫ
|
НЕС
|
БИЗ
|
ЛЕКЕТ
|
КӘСІП
|
ІС
|
ӨНДІР
|
НОМИКА
|
БӘСЕ
|
ПОЛИЯ
|
МОНО
|
ДА
|
V. Үй тапсырмасын беру. Кәсіпкерлік қызмет негіздері
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 25
|
Күні:
|
Тақырыбы: Экономикалық дамудың негізгі принциптері
Сабақтың мақсаты: ҚР экономикасын дамытудың ерекшелігін түсіндіру, мағлұмат беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: ҚР экономикасынң даму кезеңдеріне тоқталып, жаңа мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылардың экономикалық санасы мен ойлауын үздіксіз дамыту.
Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, баяндау, презентация
Көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні.
Қазақстандағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.
Кәсіпкерлік іс әрекеттің ерекшеліктері
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
ҚР экономикасының даму кезеңінің алғашқы сатысы – тәуелсіздік кезеңі
Қазақстан экономикасын дамытуда қолданған шаралар
1) Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды. Мемлекеттік экономикалық саясаттың базалық бағыттары мыналар болды:
социалистік экономикадан кейiнгi қайта құру;
дағдарысқа қарсы бағдарлама;
макроэкономикалық тұрақтандыру;
дүниежүзілік экономикалық дағдарысты еңсеру;
экономикалық өрлеудi қамтамасыз ету.
2) Қазақстан экономикасының дамуыкезеңдері: 1993-1994 жж:
Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзiлуi;
өнеркәсiптiң шегiне жете құлдырауы;
бұл кезеңде халықтың жаппай көшi-қоны басталды;
“рубль аймағынан” шығып, ұлттық валюта — теңгенi енгiзді (1993 ж. қараша);
Халықаралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.
1995-1997 жж:
Тиімды жағы
|
Тиімсіз жағы
|
меншiктi қаржы рыногi құрылды,
банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды;
мемлекеттік бағалы қағаздар рыногi құрылды,
мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарымды қарқынмен жүргiзiлдi
|
әлеуметтік- демографиялықахуалы күрт нашарлады,
халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi;
өмiрдiң ұзақтығы қысқарды;
бiлiм деңгейi төмендедi;
материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi,
жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi.
|
Тәуелсiздiк алғаннан кейiнгi 12 жылдың iшiнде Қазақстанда әлеуметтік, зейнетақы жүйесi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформалары жүргiзiлдi, қызмет көрсету аясы 100% жекешелендiрiлдi, жер реформасын жүргiзу үшiн жағдай жасалды. Қазақстанда iрi өнеркәсiп орталықтары, оның iшiнде отын-энергетикалық,
металлургия, химия, машина жасау, құрылысөнеркәсiбi жұмыс iстейдi.
Республиканың машина жасау кешенiнiң өнiмi өнеркәсiп өнiмiнiң жалпы көлемiнде 3%-ға жуық. Оңтүстік аймақта Станок жасау зауыты, Алматыда Ауыр машина жасау зауыты жұмыс iстейдi, олар түрлi станоктар шығарады. Солтүстік аймақта “Шағын литражды двигательдер зауыты”, “Дизель”, “Ротор” ЖШС-терi, “ЗИКСТО”, “Мұнаймаш”, “С.М. Киров атындағы зауыт”, Петропавл “Ауыр машина жасау зауыты” АҚ-дары сияқты iрi машина жасау кәсiпорындары жұмыс iстейдi.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
ҚР экономикасын дамытуда қандай шаралар қолданылды?
Қазақстан экономикасын даму сатыларына талдау жасаңдар.
V. Үй тапсырмасын беру. Экономикалық дамудың негізгі принциптері
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 26
|
Күні:
|
Тақырыбы: Экономикалық өсім ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай экономикалық ойлауын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Экономикалық қсу жайлы жаңа мағлұмат беру, оқушылардың білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың бойында экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Нарықтық заманға сай бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, дәріс
Көрнекілігі: тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
ҚР экономикасының даму кезеңінің алғашқы сатысы – тәуелсіздік кезеңі
Қазақстан экономикасын дамытуда қолданған шаралар
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
Экономикалық өсу дегеніміз не?
Экономикалық өсудің типтері
Экономикалық өсудің факторлары
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Экономикалық өсудің типтері
Достарыңызбен бөлісу: |