интенсивті Экстенсивті Аралас
Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
жұмыс күшінің санының өсуі;
капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
|
Жанама факторлар:
|
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
|
Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
|
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Экономикалық өсуге анықтама бер
Экономикалық өсудің қандай типтері бар?
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?
V. Үй тапсырмасын беру. Экономикалық өсім ерекшеліктері
VI. Бағалау.
11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық
Сабақтың тақырыбы: 27. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 4-ші Бөлімде өткен материалдарды қорытындылау
Сабақтың міндеттері:
Экономикалық теорияға кіріспе атты ІІІ бөлімде өткен «Өндіріс факторларының нарығы мен факторлық кірістерді қалыптастыру» және «Ұлттық экономика және оның динамикасы» тарауларын қайталау.
Оқушылардың экономикалық ой-санасын қазіргі модульге сәйкестендіріп дағдыландыру
Экономикалық әрекетте пайда болатын қатынаста қоғамдық белсенділікке баулу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: әңгіме, семинар
Көрнекілік: оқулық
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Экономикалық өсу дегеніміз не?
Экономикалық өсудің типтері
Экономикалық өсудің факторлары
Жаңа сабақтың жоспары:
Еңбек нарығы
Капитал нарығы және табиғат ресуртары
Кәсіпкерлік қызмет негіздері
Экономикалық өсу негізгі принцптері
Экономикалық даму ерекшеліктері
Сабақты бекіту:
Еңбек нарығына анықтама бер.
Еңбек нарығынығ ерекшелігі неде?
ҚР экономикасын дамытуда қандай шаралар қолданылды?
Қазақстан экономикасын даму сатыларына талдау жасаңдар.
Капитал нарығының ерекшелігі
Табиғи ресурстарға не жатады?
Экономикалық өсуге анықтама бер
Экономикалық өсудің қандай типтері бар?
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар не?
Білгенім
|
Үйренгенім
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма: қайталау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 28
|
Күні:
|
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет
Сабақтың мақсаты: ҚР-ны құқықтық мемлекет ретінде қарастыру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Құқықтық мемлекет ұғымы, ерекшелігі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Құқықтық мәселелерді негізге ала отырып, бірлестікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сыныптық
Сабақты ұйымдастыру әдісі: жаңа сабақ меңгеру, дәріс
Көрнекілігі: тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
4 бөлімді қайталау
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі.
Құқықтық мемлекет–бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде қамтамасыз етілуіне және құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.
Құқықтық мемлекеттің мәнін қарастыруда оның негізгі екі жағын (екі негізгі қағиданы) бөліп қарастыруға болады:
1) мазмұнды жағы– адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық көлемде қамтамасыз етуден, тұлға үшін құқықтық ынталандыру режимін орнықтырудан көрінеді;
2) формальды-заңды жағы–мемлекеттік билікті құқықпен байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін орнықтырудан көрінеді.
Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің қағидасына мыналар да жатады:
билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу;
заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық конституциялық тәртіптерді сақтай отырып қабылданған заң атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертіліуі және тоқтатылуы мүмкін емес;
мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі;
қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі;
азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі.
Қағиданың басты талабы–саяси бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық (биліктің өқілдік органы тағайындайтын және заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге асырумен айналысатын) және сот (бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің, кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіс.
Құқыққа бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен қамтамасыз етіледі. Оларға:
Үкіметтің өкілдік органдардың алдындағы жауапкершілігі,
мемлекеттің кез-келген деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзғандығы,
билікті асыра пайдаланғаны,
қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін тәртіптік,
азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілігі,
импичмент және т.б. жатады.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі неде?
Биліктің тармақталуы құқықтық мемлекетте маңыздылығы
Тұлға құқықтық мемлекетте қандай орын алады?
V. Үй тапсырмасын беру. Қазақстан Республикасы-құқықтық мемлекет
VI. Бағалау.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық
|
Сынып: 11
|
Сабақ: 29
|
Күні:
|
Тақырыбы: ҚР мемлекеттік билік органдары
Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік билік органдарының ерекшелігін түсіндіру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Президент, парламент, үкімет, сот билігіне анықтама беру.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту
Тәрбиелік: Өзара көмек қасиеттерін, бірліктерін арттыру
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру әдісі: лекция
Көрнекілігі: тірек сызбалар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары.
2. Биліктің тармақтарға бөлінуі құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде.
3. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру
ҚР мемлекеттік билік органдарының конституциялық жүйесі
Президенттің мемлекеттегі ерекшелігі
Парламент, Үкімет пен сот билігінің мәні
Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. ҚР-сы Президенті:
халық пен мемлекеттік биліктің,
Конституцияның мызғымастығының,
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентіне қойылатын талаптар:
Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұру қажеттігі
мемлекеттік тілді еркін меңгерген азамат
40 жасқа толған азамат және т.б.
Бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шеткеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды.
Президенттің кезекті сайлауы заңға сәйкес желтоқсанның бірінші сәрсенбісінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, ең жоғарғы өкілді органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады
Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады.
Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғаз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын, жалпы құзыреттерге ие алқалы орган болып есептеледі.
Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белігенген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |