Тақырыбы: «Буллинг және оның алдын- алуы» әдістемелік сабақ.
Мақсаты: Мектептегі буллинг себептері және алдын алу жұмысы.
Сабақтың міндеттері:
1.Мектептегі буллинг құрбандары.
2.Буллинг жарақатының алдын- алуы.
Қажетті құралдар: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Буллинг: Оқушыға бір немесе бірнеше оқушылар тарапынан ұзақ уақыт агрессивті іс-әрекет қолдануы.
Буллингтің белгілері:
-
Ұзақ уақыт бойы іс- әрекеттердің қайталанбауы
-
Жәбірленушінің әсершілдігі
Буллингтің түрлері:
-
Физикалық
-
Вербалды
-
Қорқыту
-
Шеттету
-
Бопсалау
-
Мүлікті бүлдіру
-
Кибер буллинг
-
Буллинг құрбаны:
-
Мінез ерекшелігі тұйық, ұялшақ, сезімтал, мазасыз, сенімсіз, өзін- өзі сыйлауы төмен;
-
Түр әлпетінің ерекшеліктері: сепкіл, құлағы үлкен т.б.
-
Әлеуметтік дағдылардың төмен дамуы- досы жоқ, ешкіммен араласпайтын бала.
-
Мектеп қорқынышы- сабақты нашар оқитын т.б.
-
Ауыратындар- кекеш, дислалия т.б.
-
Жаңадан келген балалар.
Буллингті айыру белгісі:
-
Мектептен көңіл- күйі түсіп келеді;
-
Себепсіз жылау;
-
Сыныптастары туралы ештене айтпайды;
-
Сыныптастарының үйіне, туған күн кештеріне бармайды;
-
Көп ауырады;
-
Ақша көп сұрайды
-
Көп сөйлемейді.
Педагогтың буллинг жағдайында жүрген балаға көмек көрсету:
-
Педагог осы жағдайдағы сезімін жақсы түсінетінін білдіру. Сонда оқушы өзін жалғыз сезінбейді, қолдау мен көмек алатынына көз жеткізу.
-
Өзін бағалауының көтерілуін қажет етеді. Сен болған оқиғаны айтып нағыз батырлық жасадың” оның батырлығын бағалаңыз.
Ата- аналарға жадынама
-
Егер бала буллинг жағдайына түскенін мәлімдеп берсе, ата- ана сабырлы болып, ашуды көрсетпеуі қажет, өйткені ата- ана ашу мен мазасыздығын байқатуы- әлсіздіктің белгісі. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып оны жұбату қажет. Бәрін білгішсініп ақыл үйретуден аулақ болу, өйткені баланың өзін- өзі бағалауы, өзіне деген сенімі одан ары қарай жоғалып кетуі мүмкін.
-
Шұғыл түрде әрекет жасау: баланың көзінше мұғалімге телефон шалып сөйлесу.
-
Мұғаліммен сұхбат жүргізу барысында өзін сабырлы ұстау (эмоцияларға ерік бермеу), дегенмен ата- ана ретінде балаңызға жауапты екенін білдіре отырып келеңсіздіктерге жол бермейтінін жеткізу.
-
Балаға зорлыққа жол бермейтінін көз жеткізу. Ата- ана қамқорлығын сезген бала өз ойын басқаға жеңіл аударады. Өзіне сенімділікті оята алады.
Буллингтің алдын- алуының психологиялық көрінісі:
-
Буллингті болдырмау шартын құру.
-
Баланы сәйкес күйзеліс әсерінен жылдам және сауатты бөлектеу.
-
Дені сау және сол сияқты соматикалық немесе психикалық патологиясы бар балаларда және жасөспірімдерде қудалауға қарсы тұруға денсаулықтың және тұлғаның күшін нығайту.
Ұсыныс:
Мектептерде буллинг жайлы түсінік қалыптастыру
Буллингтің алдын алу мақсатында тәрбие жұмыстарын жүргізу
Балалардың қарым қатынасын қадағалау
Достарыңызбен бөлісу: |