Сабақтың міндеттері



бет8/8
Дата09.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#23092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
 

Мысалы: 1.Тәуелсіздік арқасында қазақтың асыл арманы әнге айналды және өзге дербес елдермен тереземіз теңесті.

2.Еліміздің болашағы келер ұрпақтың қолында, сондықтан қазіргі қазақ жастары терең білім алуға, мәдениетті адам болуға ұмтылуы тиіс.

Пошта қызметі.

Қазпоштаның бәсекелестік нарықтағы басты ерекшелігі – кейбір қызмет түрлері бойынша аса маңызды, әсіресе әлеуметтік бағытта жүйелі қаржылық операциялар жүргізуі болып табылады. Қазіргі таңда пошта жүйесіндегі ақша аударымдарының ең көп сұранысқа ие болып отырған түрі – республика ішіндегі жедел ақша аударымдары болып отыр. Оның басты артықшылығы – автомат­тан­дырылған пошта бөлімшесінен жіберілген ақша аударымын небәрі 10-15 минуттың ішінде алуға болатындығында. Пошталық жедел ақша аударымының бұл түрімен сту­денттер, зейнеткерлер, сондай-ақ елі­міз­­дің түкпір-түкпірлерінде іссапармен не­ме­се басқа да жұмыстарымен жүрген азаматтар жиі пайдаланады. Интернет сынды электронды-техни­калық құралдардың мүмкіндіктері қанша­ма қарыштап дамығанымен, пошта қызме­тіне сұраныс ешбір елде бәсеңдеген емес. Қазақстанда цифрлық технологиялардың негізінде поштаның қызметі жаңа деңгейге көтеріліп келеді.  Әрине, ұялы телефон, SMS жүйесі, ин­тер­нет желісінің жұртшылық арасына ке­ңінен таралуына байланысты жеке адам­дар­дың арасында дәстүрлі хат немесе те­­лег­рамма жіберу үдерісі саябыр­сыған­мен, ұжымдар мен мекемелер, мемлекеттік ұйымдар арасында пошта қызметі маңыз­дылығын жоғалтқан жоқ. Түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелер келісім­шарт­тарын, төлем түбіртектерін, ресми жауап хаттары мен сенім хаттарды, сот және әске­ри комиссариаттардың шақыру хаттарын жолдауда пошта қызметіне жүгінеді. Пошта жәшіктерін жөндеу, алмастыру және орнату мәселесіне қатысты қала, аудан әкімдері мен пәтер иелерінің кооперативті ассоциациясына хат жібердік. Алайда олардан мәселені қаржы тапшылығына байланысты ысырып қойғандығын білдік. Сондай-ақ олар мұндай мәселені тұрғындармен бірлесіп шығарған қаражат көздерімен шешуге болатындығын айтады. Өкінішке қарай, биліктегілердің қарапайым пошта жәшігін қалпына келтіруге қаржысы да, құлқы да жоқ сияқты...

1-тапсырма.Талдау жұмыстары.

І топ. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

1991 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды, бірінші президент сайланды.

ІІ топ. “Тәуелсіздік” сөзіне дыбыстық мінездеме бер.

ІІІ топ. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз.

2-тапсырма. «Білімпаздардың қалашығы». Сәйкестендіру тесті.

1.Қазақстан Республикасы ұлан – байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан – ғайыр кең өлке.

2.Отан деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері.

3.Адамның жақсы,бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген үйіспеншілігіне

байланысты.

4.Отан – ошағым.

5.Тәуелсіздік ұлттың санасын оятып, баршаны ата-баба жолына үңілдірді.

Сабақтас құрмалас сөйлем, жалаң сөйлем, жалғаулықты салалас

құрмалас сөйлем, жақты сөйлем, жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.

ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма VІ. Бағалау.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Пошта қызметі туралы сұхбат. Ыңғайлас салалас.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Ереже – Ыңғайлас салалас

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері
Құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мағыналық қарым - қатынасына қарай:
1. Ыңғайлас салалас
2. Қарсылықты салалас
3. Себеп - салдар салалас
4. Түсіндірмелі салалас
5. Талғаулы салалас
6. Кезектес салалас
Ыңғайлас салалас - құрамында жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнді қарым - қатынастағы салаластың түрі.
Ыңғайлас салалас:
1. Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас _____, _______.
2. Жалғаулықты ыңғайлас салалас: да, де, та, те, әрі, және ____ да, ______.
Мәтінмен жұмыс.

Пошта қызметі туралы сұхбат

Бүгінгі уақыт пошта үрдістерін түбірімен өзгертіп, жаңа заманның талабына икемдеп үлгерді. Қазақ­стан Республикасы Дүниежүзi­лiк пошта одағына мүше болуымен байланысты отандық поштаға инно­вацияның жаңа түрлері енгізілді. Осыған орай, «Қазпошта» АҚ поштасының қазіргі қызмет ауқымы мен ерекшеліктері қандай? 
 –Алматы қаласындағы 200-ден ас­там ұйымның заңды тұлғаларына күн­де­лікті басылымдарды жеткізіп беру міндетін атқарады. Оған бізде жұмыс істейтін 263 пошташы, 96 жүргізуші жұмылдырылған.
Қаланың барлық аумағын қамтитын Алматы филиалы почта байланысының 65 бөлімшесі, алты байланыс пункттері, бес учаскесі мен 90 бірлікті автомашиналар паркінен тұратын байланыс автобазасы бар. 
 Қазпоштаның бәсекелестік нарықтағы басты ерекшелігі – кейбір қызмет түрлері бойынша аса маңызды, әсіресе әлеуметтік бағытта жүйелі қаржылық операциялар жүргізуі болып табылады. Қаржылық қыз­метті үйлестіру мен ұйымдастыру мақса­тын­да 2002 жылы компаниямыздың фи­л­иал­дарында арнайы қаржылық қызмет көр­сету бөлімдері құрылды. «Алматы поч­тамты» АФ-ның қаржылық қызмет бөлімі сегіз жылдан бері клиенттерді қаржылық, агенттік қызмет көрсету түрлеріне тартуда ерек­ше белсенділік танытып, нарық  жағ­дайында жемісті жұмыс жүргізе ала­тын­дығын паш етті.
Қазіргі таңда пошта жүйесіндегі ақша аударымдарының ең көп сұранысқа ие болып отырған түрі – республика ішіндегі жедел ақша аударымдары болып отыр. Оның басты артықшылығы – автомат­тан­дырылған пошта бөлімшесінен жіберілген ақша аударымын небәрі 10-15 минуттың ішінде алуға болатындығында. Пошталық жедел ақша аударымының бұл түрімен сту­денттер, зейнеткерлер, сондай-ақ елі­міз­­дің түкпір-түкпірлерінде іссапармен не­ме­се басқа да жұмыстарымен жүрген азаматтар жиі пайдаланады. 
 – Өткен ғасырдың соңынан бастап, әлемде пошта арқылы хат-хабар жіберу азайып бара жатқандығы байқалады. Жағдай шын мәнінде солай ма? Клиент­тер­дің хат-хабар, сәлем-сауқат жол­дауы­ның соңғы жылғы көрсеткіші қандай? 
– Интернет сынды электронды-техни­калық құралдардың мүмкіндіктері қанша­ма қарыштап дамығанымен, пошта қызме­тіне сұраныс ешбір елде бәсеңдеген емес. Қазақстанда цифрлық технологиялардың негізінде поштаның қызметі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. 
Әрине, ұялы телефон, SMS жүйесі, ин­тер­нет желісінің жұртшылық арасына ке­ңінен таралуына байланысты жеке адам­дар­дың арасында дәстүрлі хат немесе те­­лег­рамма жіберу үдерісі саябыр­сыған­мен, ұжымдар мен мекемелер, мемлекеттік ұйымдар арасында пошта қызметі маңыз­дылығын жоғалтқан жоқ. Түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелер келісім­шарт­тарын, төлем түбіртектерін, ресми жауап хаттары мен сенім хаттарды, сот және әске­ри комиссариаттардың шақыру хаттарын жолдауда пошта қызметіне жүгінеді. Сон­дай-ақ сәлемдемелер мен басқа жүктерді электронды пошта арқылы жіберу мүмкін емес. Оның үстіне, біз тасымалданатын ақ­парат­тың қауіпсіздігіне кепілдік береміз. 
 Өткен жылмен салыстырғанда биыл, 2010 жылы, жазбаша хат-хабарлар көле­мінің біршама ұлғайғандығы байқалады. Сәлемдемелер көлемі де айтарлықтай өсу­де. Жастарымыз электрондық жүйе бай­ла­нысын жақсы меңгергенімен, орта және аға буын өкілдері пошта қызметінен қол үзген жоқ. Бұл – поштаның ешқашан халық өмірінен тыс қалмайтындығының айға­ғы. 
Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей. Ыңғайлас салалас сөйлемді табыңыз.

Су табиғатта кең тараған, себебі бүкіл атмосфера судан тұрады. Бүгін үш сабақ оқыдық және оқушылар жиналысы болды. Күн біресе жауады, біресе басылады. Отан дегеніміз адамның туып-өскен жері. Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.



ІІ деңгей. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым. Еңбек адамды көрікті етеді және тынысты тазартады. Еңбек баланы мықты етеді. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды. Қар жауса да, тоңбайды бай баласы.



І деңгей.

Салаластың түрін ажыратыңыз.



Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ .

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

Шығарып салуға мен барайын немесе сен бар. Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.

Оқуға түспеймін, өйткені жұмыс істеймін. Ол сабаққа кейде дайындалады, кейде дайындалмай келеді. Биыл мектеп бітіремін, бірақ оқуға түспеймін.



IV. Сабақты қорытындылау.

V. Үй тапсырмасы.

11-сынып


Сабақтың тақырыбы: Әбдіжәміл Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы.

Сабақтың мақсаты: Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясын меңгерте отырып білім, білік, дағдыны қалыптастыру.


Сабақтың міндеті:
а) білімділік: оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы,
«Қан мен тер» трилогиясынан әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті
жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ - жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі.
3. Журнал бойынша түгендеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
1. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
2. Шығарманың мазмұнын сұрап, табиғат апатымен арпалыстың зардабы.
3. Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сыныпты екі топқа бөлемін.
Сабақтың эпиграфы.
1. Келешек үшін қиғылық ұрған қаншама асыл азаматтарымыз, аяулы боздақтарымыз қанын, терін төкті... Иә, қанын, терін төкті... Қан мен тер.. қан мен тер..
(Ә. Нүрпейісов).
2. Тақтадағы нақыл сөздерді оқыту арқылы жазушы шеберлігін таныту. І. Арал суы асыл ғой. Теңіз түбінде табаныңа бататын не тас, не ұйық жоқ, күмістей ақ қайыр бассаң сықыр - сықыр етеді.
(Ә. Нүрпейісов).
2. Ақшағыл ақ құм далада Айнала ұшқан шағала.
Қоштасқан айдын теңізбен Қайғылы, мұңды жағада.
З. Шығармаға отырар алдында тәуекелге бел байлаған әрбір кісіге таланттан басқа тағы да екі нәрсе керек еді: бірі - білім, екіншісі — тәжірибе.
(Ә. Нүрпейісов).
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі, шығармашылығы, «Қан мен тер» трилогиясынан үзінді әңгімесіндегі кейіпкерлер келбеті жайлы түсіндіремін. «Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пен суреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Арал өңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасына ортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияның аласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңа формацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі. Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріске келуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені. Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын, Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр, Колчак , т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық, сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасау жолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізінде драмалық туынды, киносценарий жазуы.
Әлиза — бұдан бұрын да тоғыз баласы өлген әйел; алты ұл, үш қызы үй сыртындағы қара молада.
Андрей — бауырмал, балықшыларды көрсе үйіріле кететін кішіпейіл жан. Жайраңдап күліп жүреді. Қазақтар оның ибалылығын ұнатып, оны өздерінің адамындай көріп: «Біздің сары бала» деп іш тартып тұрады. Қағаз тапса, сурет салатын өнері бар жігіт.
Федоров — бай, мінезіне қарай ел арасына «Тентек Шодыр» атанған, түсі суық, еңгезердей ірі кісі. Қол - аяғы ұзын, үнемі ашулы жүреді.
Еламан — балық аулайтын кедей кісі. Бетін үсік шалған, қап - қара. өзін Федоров қанша ұрса да былқ етпейтін қайсар жігіт.
Ой шақыру.
Балалар, бұл әңгіменің негізгі идеясы не? Әңгіме туралы ойларыңды жұптап айтыңдар.
1 - жұптық жұмыс.
2 - топтық жұмыс. Топтастыру
Арал теңізі
Табиғат тартуы
Әмудария мен Сырдария құяды
Жойылып кетті
30 - дан астам балықтың түрі бар
Балықшылар
Экологиялық апатты аймақ
Сабақтың қорытындысы:
1. Сабақ соңында сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
3. Үйге тапсырма: Шығарманы оқып, кейіпкерлерге мінездеме жазып, мазмұнын
әңгімелеп келу.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін»

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін» дер едім», – деп бағалаған;– әдебиеттің проза, драматургия, сын-зерттеу салаларында тер тө¬гіп, құнарлы еңбек еткен (ақындықтан да қара жаяу болмаған), қазақ әдебиеті¬нің, қазақ сахнасының мәртебесін биікке көтеруге елеулі үлес қосқан, проблемалық тақырыптар қозғалған құнды дүниелері бұрынғы КСРО-да да лайықты бағаланған, ондаған шетел тілдеріне аударылған, сондай қазыналы шығармалары үшін Мемлекеттік және өзге сыйлықтарды иеленген классик – Т.Ахтанов, ол – әрі қан кешкен майдангер. 


Тахаңның прозадағы үшінші көлемді туындысы — «Шырағың сөнбесін» романы. Тахаң баяғыда, отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шақта қағазға түсірген мына «Шырағың сөнбесін» романында соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті. Бұл романды талдап шығуға бірер сәттік әңгіме ғана емес, бірер күндер де аздық ететіндіктен, осылай қысқаша қайыра тұрайық. Бұл — бір. Екіншіден, соғыс суреттерін әйелдің, анығырақ айтқанда, әйелдердің көзімен суреттейтін, сол себепті де сол қанды қырғындағы әйелдердің психологиясын мұншалықты терең бейнелеп берген мұндай тағы бір роман, келіссеңіз де, келіспесеңіз де өзіңіз білесіз, қазақ прозасында басқашалай жоқ. «Шырағың сөнбесін» романы — қазақ әдебиетінің әскери жанрдағы санаулы жәдігерлерінің бірі.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Қорытынды:

VІ. Үйге тапсырма
11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті. Етістік шақтары.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Етістік шақтары тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Өзің ойлан,өзің тап, өзің ізден, Деген ақыл оқимын көзіңізден.



Талай қазақ келеді сөз алдырмай, Көкжалдықты үйреніп өзіңізден.

Қ.Мырза - Әлі


1.Ереже – Етістік шақтары

Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу, жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез, сәт, уақыт, мерзім сөздері — мезгілдін синонимдері.

Етістік шақтарының өзіне тән белгілері:
- үш шақтың бірінде жіктеліп келеді. Бар - ар - сың, айт - пақ - сың.
- жіктік жалғауы күрд. етістіктердің құрамында көмекші етістікке жалғанады. Жазып отырған - быз, көмектесіп жіберерсіз - дер.
– Етіс - ң шақтары есімше, көсемше тұлғаларымен етістік түбірге – ды, - ді, - ты, - ті ж - е – мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек жұрн. ж. арқ. жасалады.
2. Оқулықпен жұмыс.

Қазақ ұлттық техникалық университеті — Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында орналасқан техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. 1994 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Қазақ ұлттық техникалық университеті болып қайта құрылды. Белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің 1999 жылы 22 қыркүйектегі №1436 қаулысы бойынша Қазақ техникалық университетіне Қаныш Сәтбаев есімі берілді. Қазірге Қазақстандағы ең көп студент тәлім алатын университет атануда (19 000 студент).

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының техникалық мамандық бойынша білім алып жатқан 5, 6, 7 –топ ауған тыңдаушылары 25 ақпанда өз мамандықтары туралы кәсіби ақпарат алу үшін Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне барды. Университетте орналасқан «Қ.Сәтбаев атындағы ғылыми танымдық орталықтың» жетекші маманы М.Сүлейменова ауған тыңдаушыларына университет туралы, факультеттер мен мамандықтар жайлы қызықты ақпараттар беріп, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, университеттегі «Минералды тастар мұражайына» барып, тамашалады. Қазақстан және басқа да аймақтардан табылған асыл тастардың тарихымен таныстыру болды. Бұл шараны ұйымдастырушы куратор-эдвайзерлер: Әділханова Ж.С, Ибраимова Ж.Т, Сапаева Г.Е. 



3. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. Тексті оқып, етістіктерді шақтық мағынасына қарай бөліп жазу.

Домбыраны қолға алсам,

Ағылған жыр мен күй көрем.

(Жамбыл)

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

(Абай)


Мал өсірсең, қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

(Мақал)

Көп жасаған біпмейді,

Көп көрген біледі.

(Мақал)

ІІ деңгей.Тексті оқып, етістіктерді шақтық мағынасына қарай бөліп жазу.

Қазақ музыкасы

Қазақ халқының ұлттық өнері аты аңызға айналған Қорқыт, Әбу Насыр әл-Фараби, Қазтуған, Асанқайғы сияқты қазақтың көне музыка мәдениеті өкілдерінің шығармаларынан бастау алды. Эпикалық аңыздар, тарихи оқиғалар, нақыл сөздер ән-күй арқылы бейнеленіп, ұрпақтан жетіп отырды.

Өнер адамдарының ел аралауы халық өмірін, арман-мүддесін терең түсінуге көмектесті. Халық өнер адамдарын қашанда қастерлеп, сый-құрмет көрсетіп отырған.

ІІІ деңгей. Семантикалық кестені толтыру.



Мысалдар

осы шақ

келер шақ



өткен шақ



1.

Ол жазды










2.

Сіз жазып отырсыз










3.

Сұрақ қиын болмады










4.

Ол сонда оқымаған










5.

Біз осында қаламыз










6.

Кітапты оқыды










7.

Қар жауып тұр










8.

Қыс суық болды










9.

Ол түсінген жоқ










10.

Ол келе жатыр












ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.


11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Интернет желісі. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже – Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлем — бағыныңқы компоненті басыңқы компонентте баяндалатын іс-әрекеттің қалай болғанын, іске асу тәсілін білдіретін сабақтас сөйлем. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары:

Бағыныңқы компоненттің баяндауышы көсемше тұлғалары (-п, -а/-е) арқылы жасалады. Мысалы: Бір мезгілде қараңғылықты қақ жарып, бір адам суға келді (С. Ерубаев).

Бағыныңқы компоненттің баяндауышы -дай/-дей жұрнақты есімше арқылы жасалады. Мысалы: Кең бөлме бос қалғандай, ой ұясына қарап тұр (Ғ. Мүсірепов).

2. Оқулықпен жұмыс.

ІNTERNET   ЖЕЛІСІ


Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "ханшалардан" күнделікті "күңіңізге" айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қафрапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC (Internet Society — Internet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

3. Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей.

І топ.Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

1991 жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігін алды, бірінші президент сайланды.

ІІ топ. «Тәуелсіздік» сөзіне дыбыстық мінездеме бер.

ІІІ топ. Синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.

Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз.

ІІ деңгей. «Білімпаздардың қалашығы». Сәйкестендіру тесті.




1.Қазақстан Республикасы ұлан – байтақ жерді алып жатыр, ол ұлан – ғайыр кең өлке.

Сабақтас құрмалас сөйлем



2.Отан деген сөзді күнде естиміз, себебі Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері.

Жалаң сөйлем



3.Адамның жақсы,бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты.

Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем




4.Отан – ошағым.

Жақты сөйлем



5.Тәуелсіздік ұлттың санасын оятып, баршаны ата-баба жолына үңілдірді.




Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

ІІІ деңгей..Кеспе картамен жұмыс.

1.Сөйлем дегеніміз не?Ол қалай бөлінеді?

2.Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

1.Құрмалас сөйлем қалай бөлінеді?

2.Салалас құрмалас дегеніміз не?

1.Салалас құрмалас сөйлем қалай жасалады?

2.Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?



ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:С.Д Асфендияров Қазақ Ұлттық медицина университеті. Осы шақ.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Осы шақ тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже-Осы шақ

Сөйлеп тұрған уақытта болып жатқан іс-қимылды білдіреді. Оның 2 түрі бар: ауыспалы осы шақ және нақ осы шақ.

Ауыспалы осы шақ-Күнделікті болып жатқан іс-қимылды білдіреді.

Нақ осы шақ-Дәл сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді.

2. Оқулықпен жұмыс.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ,

С.Ж. Аспандиаров атындағы, ҚазҰМУ – медициналық жоғары оқу орны. 1931 жылы құрылған. Қазақстандағы алғашқы медицина жоғары білім беретін мектеп. 1986 жылы С.Ж. Аспандиаров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институты болып аталды. 1996 жылы 7 тамызда институт С.Ж. Аспандияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті болып қайта құрылды. 2001 жылы университеттке ұлттық мәртебе берілді. Университеттің 54 кафедрасында 860 оқытушы жұмыс істейді, 5400 студент оқиды. Оқытушылар құрамында 116 ғылым доктор, 385 ғылым кандидаты бар (2003). Университет шет елдердің жоғары оқу орындарымен 16 ынтымақтастық шартын жасаған, халықаралық бағдарламалар мен гранттар бойынша ғылыми-зертханалық жұмыстарын орындауға қатысады.

3.Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жазу.


Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой.

ІІ деңгей.Берілген сызбаға сәйкес сөйлем құрастырып жазу.


_________ _________ ________ ойнап жүр.
_________ _________ ________ жинап жатырмын.
_________ _________ ________ жаттап отыр.
ІІІ деңгей.Берілген мәтіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жазу.
Жерге киіз төселген,... көрпе жайды. Оқып жүрсің...?
Осы кезде Қуаныш... Қалекең келе қалды. Ерттеулі аттың қасына... тұр. Аттың тұяқтары тасқа тиіп шақ - шақ... тұр. Керекті сөздер: соң, бе, пен, келіп, етіп.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Web-сайтын пайдалану. Мақсат бағыныңқылы сабақтас.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Мақсат бағыныңқылы сабақтас тапсырмалар беру арқылы өтілген тақырыпты бекіту.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже- Мақсат бағыныңқылы сабақтас

Мақсат бағыныңқылы сабақтас – бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы ойдың, істің мақсатын білдіріп келген құрмалас сөйлем.

Мұндай бағыныңқылар не мақсатпен? неге? не үшін? не етпек болып? деген сұраудың біріне жауап береді. Мақсат бағыныңқылардың баяндауыштары мына тұлғаларда келеді. Мұндай сөйлемдерде есімшенің тұйық етістіктің артынан үшін шылауы жалғанады, кейде тұйық етістіктерге барыс жалғауы да жалғанады. Мысалы: Арыстан өзінің сөзінен шығу үшін, үш күнде бір кітап оқып шығады. Ысқақ жылқы суаруға құдық басына барды.

2. Оқулықпен жұмыс.

Веб-портал (ағылш. Web portal немесе ағылш. Portal, «басты кiру») – бұл тікелей өзара байланыстырылған және «Интернеттік» желі арқылы орындалатын аппараттық орта жиынтығы. Компьютермен орындалатын машинамен оқу және электронды жеткiзуштерді сақтаушылар алдын ала жазылған ақпараттарды оларға ақпараттандырады немесе жазып алу орындаушылық мүмкіндігін және компьютерлік программа, ақпараттар қоры және т.б түріндегі ақпараттарды оқу, анықталған ақпараттарды өңдеуді орындаушылық мүмкіндігі және қолданушыларды веб-порталды басқару және өңделген, басқарылған ақпарраттар болған жағдайда Интернет –сервистер оларға ақпарат береді.

Сонымен қатар портал кез келген орындағы байланысы бар ақпаратпен жұмыс жасайды алады және ол қолданушыға көмектеседі іздеген материялын Интернет арқылы табуға. Мұндай порталдар ақпарат бере алады кез келген интернет көзінен немесе анықтаған тәсіл арқылы және де ондай сайттар навигациялық сайт деп аталады.



Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

1........,почта бөліміне бару керек.2......., ол маған екі сом ақша берді. 3.........,біз үйден ерте шықтық.4........дәрігерге бару керек. 5..........,көп оқу керек.

ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов «Балуан Шолақ» повесі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
II Үй тапсырмасын тексеру.
III Сабақтың мақсат – міндеттерімен таныстыру.
IV Жаңа сабақ:
1. Жазушы туралы берілген оқулық мәтінімен жұмыс «өзара оқыту» техникасы арқылы өткізіледі. Әрбір оқушы берілген мәтінді өзі пысықтап, басты ұғымдарды бөліп алып, тірек конспект жасайды. Дайындалған оқушы жасаған конспектісін пайдалан отырып, серігіне түсінгенін айтып береді, кейін жұптар ауысады.Мазмұндаудың тірек сызбасын да жасатуға болады.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі Балуан Шолақ туралы болады. 

Сәбит Мұқанов (1900 - 1973 жж.)

Сәбит Мұқанов – қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері.
Сәбит Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арабша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса - поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. әуелде өлең - жырға, ертегі - әңгімеге әуес бала там-тұмдап әдебиет үлгілерін тауып оқи бастайды. Ол кездегі азын - аулақ қазақ кітаптарында ескі өзбек, немесе татар тілдері араласып келетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне ескіше, дін оқуына қанық молда, немесе қазақ тіліне шорқақ, білмейтін татар оқығандарының қолында болатын. Талантты жастың қолына осындай әрқилы кітаптардың ішінен татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Абайдың кітаптары түседі. Бұл – қараңғыда нұр жауғанмен бірдей еді. Өйткені поэзиядан түсінігі молайған Сәбитке нағыз керегі де осындай шыншыл, түсінікті поэзия болатын. Абай мен Тоқайдың мағынасы терең, нәрі мол, әрі сұлу өлеңдері көкейіне қонып, Сәбиттің кейін ақындық, жазушылық жолға түсуіне көп әсер етеді.

С. Мұқанов революциясы қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі, арман туралы өлеңдер жазған. Соның ішіндегі ең маңыздысы – 1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі.

1926 - 1928 жылдары С. Мұқанов республикалық «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, баспа орындарында қызмет істейді. Мұнан кейінгі жылдарда Ленинград университетінде, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтында оқып, 1935 жылы бітіріп шығады.
Осы кезде С. Мұқанов белгілі «Майға сәлем!» өлеңін; «Ақ аю» поэмаларын жазды.
1935 жылы С. Мұқанов жаңадан шыға бастаған «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болып істеді. 1937 жылы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы қызметін атқарды.
Бұл кезеңдегі С. Мұқанов қаламына шыққан ірі туындылар «Ботагөз» романы (1938, бұрынғы аты «Жұмбақ жалау») «Менің мектептерім» (1941), «Колхозды ауыл осындай» (1937) сияқты шығармалар.
Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақ халқының белгілі сазгері, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерінің атасы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Азан шақырып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Жас күнінде саусағын отқа күйдіріп алуына байланысты және өнеріне сүйсінген халық оны «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. Балуан Шолақтың бар өмірі сұлу Көкше өңірінде өтеді.
Балуан Шолақ бала кезінен балуандықпен аты шығып, ел ішіндегі ойын – тойлардан қалмайды. Ат ойынына ерекше ден қойып, қалың көпшіліктің көңілінен шығып жүреді. Ат үстінде түрегеп тұрып өнер көрсеткен. Теңге алу, сайыс, көкпар ойындарында алдына жан салмаған. Сонымен қатар өнерге деген құштарлығы ерте оянып, Біржан салдың, Ақан серінің әндерін нақышына келтіріп орындайтындардың бірі болған. Ел аралап, халық ішінен шыққан өнерпаздармен танысады, өзі де ән шығарады.
Балуан Шолақ өзінің өнерімен, ақындығымен, әншілігімен ел арасында сыйлы да қадірлі болды. Арқада әншілік өнердің дамуына елеулі үлес қосқан әншілердің бірі.
Балуан Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би-болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай-ақ патша үкіметінің озбырлығына, зорлық-зомбылығына қарсы өзінің ән-жырымен күреседі.
Белгілі музыка зерттеушісі А.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізді.
Өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқаны сазды әуенімен тербеткен, өз заманының айтулы сал-серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

Сөздік жұмысы:
бақ – счастье
ас - годовщина смерти
ұлы думан – великое пиршество
мін - изъян
сыбыс - слух, молва
аждаһадай – гигантский
күндеу – завидовать
ерегіске жаны құмар- любитель спорить, не уступать
теріскей – северная сторона
құрсауылдап айналу - окольцовывать
сусындау – утолить жажду
тақтай үйшік – деревянный домик
делебе – возбуждение, интерес, азарт
тұлға – фигура
сескену – опасаться, страшиться
сылтау – причина
жауырын – лопатка
бұлшық еттер – мускулы, мышцы
мойын – шея
алқым – горло, глотка
тәсіл – прием
тұзақ – петля
үйіру – закрутить
иық – плечо
шалқасынан- на спину
шөкесінен отыру – сидеть на корточках
қауіптену – опасаться
ысқыру- свистеть
өңді- красивый
тыржиту – сморщиться
мертігу – получить травму
нәтиже – результат
кір көтеру – поднять гири
тізе – колено
шынтақ – локоть
Үзіндіні бірнеше бөліктерге бөліп, атау беру. Бөліктер санына байланысты оқушылар өздері де топтарға бөлінеді. Әр топ мәтін бөлігін тағы да бір рет зейін қойып оқып шыққаннан кейін, бөлік мазмұнын сурет, сызба, арнайы белгілер арқылы берулері керек. Енді пайда болған «шпаргалканы» пайдаланып, мәтін бөлігін мазмұндап береді. Барлық топтардың «шпаргалкаларын» біріктіріп, үзінді мазмұны толық баяндалады.
Сабақты бекіту
Үзінді мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру:
• Балуан Шолақтың атағы қандай оқиғадан соң ел ішіне жайылды?
• «Сегіз қырлы жігіт» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
• Балуан Шолақ қандай сыбыс естіді?
• Балуан Шолақ қандай шешімге келеді?
• Балуан Шолақ достарымен қайда келеді?
• Балуан Шолақ пен оның достары Қара масканы қайда кездестіреді?
• Французша күрестің ерекшелігі қандай екен?
• Қара маска мен Балуан Шолақ қалай күресті?Үзіндіні оқып беріңдер.
• Күрес қалай аяқталды?
• Балуан Шолақ жұртқа өзінің күш иесі екенін қалай дәлелдеді?
VI Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.
Блиц-турнир сұрақтарына жауап беру:
• С.Мұқанов ...
• С.Мұқанов - ...
• Жерлестері оны ... атандырды.
• 1919 жылы …
• 1938 жылы ...
• Жазушы ... марапатталды.
• Балуан Шолақ туралы шығармасы...
• Балуан Шолақтың шын аты ...
VII Рефлексия кезеңі
Сабақтан алған әсерлерімен бөлісу, спортпен шұғылдануға көзқарастарын білдіру.
VIII Үй тапсырмасы:
Қазақ халқының атақты балуандары туралы шығармашылық жұмыс орындау.


Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы өмірі мен шығармашылығы.

Мақсаты:

Білімділік-Махамбет өмір сүрген дәуірден мағлұмат беру, Махамбет жайында жазылған шығармалардан, еңбектерден мысалдар келтіре отырып, ақын, батыр екендігін таныту, білімді ғылыми тұрғыдан терең меңгерту;

Дамытушылық: ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып,дәлелді пікір айтуға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істей білуге, өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету;

Тәрбиелік-ақынның шығармаларына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін ояту, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, ұлағатты сөздер, Махамбетке арналған қабырға газеті, рефераттар, электронды оқулық. 

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ. 

Сабақтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы. 

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, қазақ тілі. 

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару)

  2. Сабақтың барысы: 

Алдымен оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады да, кіріспе жұмысы жүргізіледі. 

«Ел намысы-ер намысы». Қазақ халқы-бас бостандығын, ата-мекенін,жері мен малын білектің күшімен, найзаның ұшымен өмір-бақи қорғаған халық.

«Малым-арымның садағасы» деп арын, адамгершілік қасиетін бәрінен жоғары ұстаған халық. 

Ер Махамбет бүкіл өмірін күрес үстінде өткізген, сондықтан ақын жырлары алау сезім, қайсар рухқа толы.

 

Еділдің бойы ен тоғай,



Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім..

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы!

Бұл Махамбеттің арман-мұраты еді. Бостандық, тәуелсіздікті аңсау-қандай ұлы арман! 

Бүгінгі сабақты біз Махамбет Өтемісұлының өмірі, шығармашылығы туралы оқушылардың өзінен естиміз. Сабаққа «тарихшылар!, «Ғалымдар!, «Өнертанушылар!, және «Тілшілер», «Әдебиетшілер» келіп отыр. «махамбет кім:?» сұрағына жауап алу.

Пікіріміз дәлелді болу үшін Алғашқы сұрақты тарих пәнінің ұстазы Қожахмет Т. Ә берейік. «XVII ғ I жартысындағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі, көтерілістің шығу себептері жайлы сіздің пікіріңізді білсек?» 

Келесі сұрақзерттеуші ғалымдарға: «Махамбеттің балалық шағы туралы қысқаша дерек берсеңіздер»

  • Махамбет Өтемісұлы 1804 ж осы күнгі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында Нарын құмында туған. «Менің атым Махамбет» өлеңін жатқа айту. 

Сұрақ тарихшыларға: «махамбеттң хан-сұлтандарға жау болу себебі неде?», «Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны», «Неге көтеріліс жеңіліп қалды?» 

Сұрақ әдебиетшілерге: «Қай жылдары, қандай жағдайда өлеңдері дүниеге келді?»

Сұрақ әдебиетшілерге: «Махамбет қандай ақын?»

Осы жырларынан Махамбет бейнесін былай танытуға болады:

-үдей соққан дауылдай

-жауды көрсе жапырар

-мен қосшымын,

-дұшпанына келгенде-тартылай сөйлер асылмын,

-бойың жетпес биікпен,

-мен ақсұңқар құстың сой едім;

-шамдансам жығар асаумын;

-шамырқансам, сынар болатпын; т.б

 

Сұрақ өнертанушыларға:



Махамбеттің сазгерлігі жайлы сұрақ қойсақ ;» Ақынның күйлері мен әндері туралы не білесіздер деген сұраққа музыка пәнінің оқытушысы Жүнісов Саят ағайға сөз берейік. 

Ақынның «қайран, нарын»,»Жұмыр қылыш», «Шілтерлі терезе» тағы да басқа күйлері мен бірнеше әндері бар. 

Сұрақ зерттеушілерге: «Біз Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінен Махамбеттің басын Ықылас кесіп алғанын білеміз, сонда басы мен денесі бөлек жерленді ме?

 Сұрақ әдебиетшілерге: Махамбеттің 200 жылжығы қашан, қалай тойланды?



Махамбет өлгенмен, оның мұрасы өлген жоқ, бірнеше ақындар шығармаларына ақын бейнесі арқау болды. 

Атап айтсақ, Н.Шөреков «Исатай-Махамбет» поэмасы, Ж.Молдағалиев «Кен» өлеңі, М.шаханов «Қарақұм» трагедиясы, М. Неталиев «Арыстан еді-ау Исатай» поэмасы, Ө. Күмісбаев « Махамбет», Ф. Оңғарсынова «Алмас қылыш», Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгімесі, Ә.Әлімжанов әмахамбеттің жебесі» романы, С.Тұрғынбекұлы «Махамбет және Жәңгірхан» тарихи дастандары дәлел. 

Қорытындылау.

Қара қазан, сары бала қамы үшін өз өмірін сарп еткен жыр семсеріі.

Махамбеттің асыл қазынасын тәуелсіз қазақ елі цжоғары бағалайды.

Махамбет туындылары қазір өзінің шын мұрагерлерінің қолында.




І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ радиосы. Лепті сөйлем.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.



ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Ереже –Лепті сөйлем.

Сөйлеушінің көңіл күйін (қуану,ренжу,өкіну,сену,т.б.) білдіріп,ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейді.

Лепті сөйлемді айтқанда,дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңынан леп (!) белгісі қойылады. Лепті сөйлемнің соныңда көбінесе одағай сөздер (япыр-ай,қандай әдемі!) не еткен,не деген,қандай деген сияқты күшейткіш мәнді сөздер (Астана қандай тамаша!)-ай,-ақ,-ай деген сияқты демеулік шылау басқа да күшейткіш мәнді сөздер болады.

Қазақ радиосы

Радиохабар-радио арқылы берілетін ақпараттық,қоғамдық-саяси,көркем және музыкалық хабарлар,шұғыл ақпарат, бұқарлық үгіт пен насихат,жұртшылықты оқыту-ағарту құралдарының бірі.

Радионың негізгі жанрлары: ақпараттық, қоғамдық-саяси жанрлар,көркем-публистикалық жанрлар (радиоочерк,радио-фельетон,радиокомпозияция); көркем жанрлар (радиоинсценировка,радиопьеса,радиоқойлым). Радио сонымен бірге өз хабарларында барлық жанрда орындалған әдеби және музықалық шығармалардың трансляциясын да, радиоға арнайы дайындалған драмалық және опералық спектакльдерді де пайдаланады.



ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

VІ. Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Жұлдызды қонақ үйлер

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері: Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау;
Оқушыларды өз елінің әсемдігі мен сұлулығына сүйсіндіре отырып, отансүйгіштікке баулу;
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі.

Негізгі әдіс: ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, мәтін.

Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: тарих, жағрафия, мәдениеттану
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І дидактикалық кезең
Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады. Суреттегі ғимараттар атауын атап, олардың қай жерде, қай көшеде орналасқанын айта отырып, бүгінгі лексикалық тақырыпты тауып шығарады.
1.Сыныппен амандасу
2.Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім
3.Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Мұғалім сөзі: дұрыс , балалар, бүгінгі сабағымыз сәрсенбінің сәтінде, қонақтар арасында өтпекші. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі, сондықтан да бәріміз де осы шараға қош келіппіз!
ІІ дидактикалық кезең
«Қайталау – оқу анасы»
Міндеті: Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастырып, сөйлемдер құрап, етістікті әр түрлі формада қолдана алатындарын көрсетеді. (Оқушыларға интерактивті тақтада суреттер беріледі, сол суреттер арқылы етістік тақырыбына тоқталып, оның шақ, жақ, рай категорияларын естеріне түсіреді.
ІІІ дидактикалық кезең
Жұлдызды қонақ үйлердің сипаттамасы мынандай:
1 жұлдызды қонақ үйлер – ғимараты ескі, 1 – 2 қабатты.
Бөлмелерінде терезелері ашылмайды, тек қана барлығына да ортақ коридор, бөлмелердің кіре беріс жері жоқ, полы ағаштан жасалған, холы және сервистік қызмет түрлері жоқ, душы мен дәретханасы бірге орналасқан,саханасы бөлек ғимаратта орналасқан, барлығына да ортақ. Бөлмелері жиһаздалиаған, 1 – 2 төсек орны бар, үлкен столы, орындықтары, айнасы, кондиционері, телефоны, тоңазытқышы,радиосы жоқ, электор жүйесі ортақ, төсек орын 12 күнге 1 рет ауыстырылады.Қонақ үй ішінде кезекшілік тек қана күндіз, күнднлікті күзете тін күзеті жоқ.

2 жұлдызды қонақ үйлер – ғимараты бетоннан немесе кірпіштен


салын –ған, 1 – 2 қабатты ғимарат.Терезелері ашылады, лоджасы мен балконы жоқ, жалпы кішігірім холы бар.Холы телевизормен және жұмсақ жиһазбен жабдықталған, тек қана жүк тасуға арналған лифті бар.Бөлмелері кішігірім, жиһаздары стандартқа сай емес: төсек, қолдан жасалған гардероб, ванна бөлмесінде айнасы бар; душы дәретханасымен біргеорналасқан.Төсек орын келген мерзімнен бастап 2 рет ауыстыры –
лады; климаты ыстық елдердегі қонақ үйлерде кондиционерлері бар; 1қол
сүртетін орамал мен сабын беріледі; стол, орындықтар, тоңазытқыш, телевизор, қонақ үй ішіндегі телефон, қала бойынша телефон кезекшіде бар;электр жүйесі ортақ.Бөлмені жинау күнделікті жүргізілмейді, асха –
насы бөлек ғимаратта орналасқан, сервисі көп түрлі емес және ақылы түрде жүргізіледі, қонақ үй ішінде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі.

3 жұлдызды қонақ үйлер – ғимараты бетоннан немесе кірпішен салынған; 2 – 7 қабатты ғимарат, қонақ үйдегі ортақ холы едәуір үлкен; холда бірнеше телевизоры, кішігірім журналды столдары, ыңғайлы жұмсақ креслолары бар.Қонақ үйде тәулік бойы бар жұмыс істейді.Холы және әрбір қабаты жақсы жарықпен қамтамасыз етілген; қабаттарында кілем төселген; жылдам лифті ( жүк және адам тасымалдауға ) бар.Міндетті түрде қонақ үйдің сыртына аты жазылады.Бөлмелер кішігірім жиһаздар мен жабдықталған; стандартты жиһаз, стол мен орындықтардың болмауы да мүмкін.Төсек орны бар; электр жүйесі бөлме бойынша барлығына да ортақ. Терезелері ашылады,балкон мен лоджы міндетті түрде емес, қонақ үйдің қабырғалары суреттермен безендірілген, телевизор пультпен; кондиционер,тоңазытқыш,радиоапаратура бар ( тек қана « люкс » нөмірлерінде ); қонақ үй бойынша телефон тегін, ал қала бойынша ақылы, дәретхананың ішіне: дәретхана қағазы, орамал ( қол сүртетін және моншалық ) сабын ( күнделікті ауыстырылады ). Бөлмені күнделікті жинайды, төсек орын күнделікті ауыстырылып отырылады; туристердің жеке құнды заттарына арналған сейф ұсынылады.Қонақ үйде тәулік бойғы кезекшілік және күзет жүргізіледі.

4 жұлдызды қонақ үйлер – ғимараиты міндетті түрде кірпіштен, бетоннан салынады.Міндетті түрде сыртқы бетінде қонақ үйдің аты жазылып және демеушілердің жарнамасы болуы шарт.Қонақ үйдің көп қабаттылығы 17 қабатқа дейін болуы мүмкін.Қонақ үйде жылдам лифті ( 2 жүк тасымалдауға және 4 – 5 адамдарға арналған ).Холы қазіргі заман талабына сай жиһаздалған, қабырғалары әдемі дизайынды, гүлдермен әсемделген, жалпы жақсы жарықпен және радио – видео – телеаппарату раларымен жабдықталған.Қонақ үйде кешкі мейрамхана, бөлек кафе және түнгі бар жұмыс істейді. Бассейні қонақ үйдің қасында и орналасқан және бильярд ойнайтын
жері бар.Әр қабатта және холында кілем төселінген.Бөлмелері – үлкен кіреберісі жиһаздармен және толық жиһазбен жабдықталған.Міндетті түрде: телевизор, магнитола, кондиционер, тоңазытқыш және төсек асты кілемі бар.Қонақ үй ішінде және қала бойынша телефон соғуға болады.Душы дәретханасымен орналасқан, 2 орамал ( қол сүртетін және моншалық ) беріледі.Төсек орнын күнделікті ауыстырылады, бөлме күн –
делікті жинастырылып отырады.Қонақ үй бойынша кезекшілік пен күзет тәулік бойы жүргізіледі.Буклеттер, визиткалар, қала бойынша проспектілер тегін таратылады.
5 жұлдызды қонақ үйлер — ғимараиты қазіргі заманға талабына сай, көп қабатты.Міндетті түрде сыртқы және ішкі бөлімшелері қымбат соңғы үлгідегі құрылыс материалдарынан салынған.Кіре – берісі есігінде міндетті түрде швейцар тұрады.Кіретін есікткрі бірнеше, территориясы қоршалған және өте жақсы күтілген ( төсеніштер, гүлдер,клумбалар және тағы басқа ), міндетті түрде туристердің және қонақ үйдің көліктері тұратын орын болады.Бір қабаты қызмет көрсетушілерге арналған орындардан, қызмет көрсетуге арналған құрал – жабдықтар ұратын бөлме кеңістіктері мен бөлмелерден тұрады.

VІ дидактикалық кезең
«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, бірізділеу, жазу.
Атқарылатын жұмыс түрі: Қонақүй қызметінің шартты белгілерін көрсете отырып, оларға түсініктеме беру
VІІ дидактикалық кезең
«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»
Міндеті:Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту
Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру 1.Жалпысыныптық жұмыс түрі:
1.“Қонақүйде өткізген бір күнім..” шағын шығарма жаз
2.Жекелей жұмыс түрі: “қонақүйге тоқтадым” сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жікте.
VІІІ дидактикалық кезең.
«Бағалау – мақсатқа жету жолы»
Міндеті: Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.
Атқарылатын жұмыс түрі: Алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Теміржолы».өзгелік етіс. 11 сынып


Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік мәні: өзгелік етіс  меңгерту, мағлұмат беру арқылы білімін арттыру.
Ә) Тәрбиелік мәні: тәрбие мен білім егіз ұғым екенін бойларына сіңіру, дұрыс түсінуге, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық мәні: оқушының есте сақтау қабілетін арттырып, жаттығу жұмыстары арқылы ой өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, бағалау парақтары,слайд,кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.


Мәтін тексеру. Ереже.

ІІІ. Жаңа сабақ

Өзгелік етіс- қимылдың,іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субьектінің өзі емес, екінші бір басқа субьект, қимылды  орындаушы арқылы істелетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.

Жұрнақтары: -ғыз,-гіз,-қыз,-кіз- айтқыз,жеткіз, отырғыз, барғыз,т.б.

2) -дыр,-дір,-тыр,-тір- ыр,-ір-  салдыр,сендір, кетір, асыр,т.б.

3) -т: жасат, сөйлет,т.б

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 31 қаңтардағы №129 «Қазақстан Республикасы темір жол кәсіпорындарын қайта құру туралы» қаулысымен Алматы теміржол бөлімшесі, Тың теміржолы және Батыс Қазақстан теміржолдарының қосылуы нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Теміржолдарды біріктіру арқылы тасымалдау үдерісі, артық құрылымдарды қысқарту, теміржол саласын қаржылық-экономикалық сауықтыру көзделеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы наурыздың 15-індегі №310 «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысымен «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес кәсіпорындарының бірігуі есебінен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамы құрылды.

2004 жылғы сәуірдің 2-сінде Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы мамырдың 13-інде жарық көрген Заңына сәйкес «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ болып қайта тіркеуден өткізілді.

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жол саласының тасымалдау үдерісі мен қызметтік міндетін қамтамасыз ететін холдингілік құрылымы бар. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ының бірден бір акционері болып «Самұрық –Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы табылады. Ол Ұлттық компанияның оперативтік жұмыстарына араласпай, корпоративтік басқаруды жетілдіру, бюджет ашықтығын қамтамасыз ету, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметін Директорлар Кеңесі арқылы басқаруды қамтамасыз етеді.

Ү. Талдау.

Ас-ыр

Сөз екі құрамнан тұр.



Тұлғасына қарай: туынды

Құрамына қарай: дара

Лексикалық мағынасы: іс бір адамға қатысты

Грамматикалық мағынасы:  етістік,етіс, өзгелік етіс.

ҮІ. Тапсырмалар орындау.

Етіс

өздік

өзгелік

ырықсыз

ортақ

Жазғызды




+







Айтысты













Аудартқызды













Жинасты













Тазаланды












 етістіктерден етіс жасап, түрін анықтап,  сөйлем құру.



Етіс

өздік

өзгелік

ырықсыз

               сөйлем

Сұрау













Шақыру













Оқу













Айту













Өткізу













С/қорыту:

  1. Өзгелік етіс дегеніміз не?

  2. Қазақстан Теміржолы қай жылы құрылды?

Бағалау
Үйге тапсырма: Ереже жаттау
11 сынып

Сабақтың тақырыбы: Әуежай кассасында. Сөздердің жасалуы жлдары.

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға жаңа сабақты меңгерту.

2. Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту.

3. Оқушыларды мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, оқулық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2. Үй тапсырмасын тексеру, ереже, мәтін.

3. Жаңа сабақ.

Ұшу-летать

Қону-приземляться

Тіркеу-регистрация

Белдік-ремень

Ілгектеу-пристегивать

Жол жүгі бөлімі-багажное отделение.

4. Диалог

- Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады? Саяхат жасау-совершать поездку

- Ұшақ Алматыға дейін 2 сағат 20 минут ұшады. Ұшу-летать

- Ұшақ жолда қонады ма? Қону-приземляться

- Ұшақ жолда қонбайды. Тіркеу-регистрация

- Ұшаққа бір билет бар ма? Белдік-ремень

- Сізге қай күнге керек? Ілгектеу-пристегивать

- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек. Жол жүгі бөлімі-багажное отделение

- Ақпанның он бесінде Оралдан Алматыға 9Ү 723 рейсі ұшады. Осы ұшаққа билет бар. Аласыз ба?

- Алматының ауа райы туралы қайдан білуге болады?

- Ұшақ қонуға бет алғанда стюардесса хабарлайды.

- Ұшаққа өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?

- Өзіңізбен бірге 5 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді Алматының жол жүгі бөлімінен аласыз.

- Менің бірінші рет ұшаққа отыруым еді. Егер ұшақта жүрегім айныса, гигиеналық пакет керек болса, не істеуіме болады?

- Егер ұшақта жүрегіңіз айныса, стюардессаны шақыруға болады. Ол сізге минералды су мен гигиеналық пакет береді.

- Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?

- Ұшақтың билеті 40 мың теңге тұрады.

- Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?

- Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.

- Билетті қай кассадан ала аламын?

- Билетті екінші кассадан ала аласыз.

- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек.

Ереже.


Сөздердің жасалуы деген ұғым-жаңа сөз жасаудағы заңдылықтар мен ереже-анықтамалардың жиынтығы. Қазақ тілі сөздерінің жасалу жолдарын оқыту лексика, грамматика заңдылықтарымен тығыз байланыста қарастырылады. Сөздердің мағынасы, олардың тұлғалық ерекшеліктері және сөйлемде қолданылуының бәрі өзара іштей тұтасып жататын заңдылық. Сондықтан сөздердің әр түрлі жолдармен жасалуы, жаңа ұғым, жаңа бір грамматикалық тұлғада жұмсалуы сөздік құрамды байытатын және дамытатын категория болып саналады. Сөздердің әр түрлі тәсілдер арқылы жасалған жаңа ұғымдарының мағыналары да, грамматикалық, көрсеткіштері де, құрамды бөлшектері де түрліше болады. Мысалы: су, бұр, қызыл, суат, сусыз, суғар, бұрғы, қара көк, сары ала, он бес, тасбақа, итмұрын. Аягөз; ата-ана,қора-қопсы, мая-мая деген сөздердің мағыналары да, жасалу жолдары да, сырт көрініс-тұлғалары да әрқилы. Нақтылап талдасақ: су, бұр,қызыл дегендер-бір ғана    сөзден жасалған,түбір сөздер; суат, сусыз, суғар,  бұрғы сөздері -ат, -сыз, -ғар, -ты деген әр түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы жасалған туынды сөздер. Қара көк, сары ала, он бес деген сөздер-екі түрлі сөздердің тіркесіп келуінен жасалған күрделі сөздер. Сол тәрізді тасбақа (тасбақа), итмұрын (итмұрын), Аягөз (Аягөз) сөздері-екі түрлі сөздің бірігуі арқылы жасалған біріккен сөздер. Ата-ана, қора-қопсы, мая-мая дегендер-екі сөздің қосарлануы, қайталануы арқылы жасалған қос сөздер екендігіне жан-жақты талдау жасалады. Осылайша, нақты мысалдар төңірегінде оқушының творчестволық ізденіс жасауына басшылық ету нәтижесінде сөздердің жасалу жолдарының түрліше болатынынан мәлімет беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей: Сұрақ құрастыр. Бір сөйлемге талдау жаса. Өздерің саяхат жасаған қаланың демалыс орны туралы қызықты жарнама мәтінін құрастырыңдар.

ІІ деңгей: Кестеге қарап, рейстер туралы әңгімелеңдер.

І деңгей. Өздерің саяхат жасаған қала туралы диалог құрастырыңдар.

Мәтінмен жұмыс.

Бекіту: сұрақ-жауап

Үй тапсырмасы: ереже, сұхбат.

11 сынып 25.09.15

Сабақтың тақырыбы:      Эйр Астана. Біріккен сөздерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:оқушылардың әуежай қызметі туралы білімдерін кеңейтіп, грамматика саласынан білімдерін тереңдету,  алған білімдерін қолдануға төсілдіру.

Ә)  дамытушылық :  оқушының ауызекі сөйлеу тілін  дамыту, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету, сөздік қорларын кеңейту, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып біріккен сөздерді білуге үйрету .

Б) тәрбиелік : туған жерінің тарихи жерлерін  құрметтеуге   тәрбиелеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі, жаңа білім беру

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, суреттер, карта

Пәнаралық байланыс:  Қазақстан тарихы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,  сөздікпен жұмыс, интерактивті тақтамен жұмыс, тапсырмалар орындау.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сабаққа деген дайындықтарын тексеру,кезекшімен  сұхбаттасу.

  1. Үй жұмысын тексеру: Ұшақ және әуе компаниялары туралы айту сөздік қорларын анықтау

  2. Білімдерін жан-жақты тексеру: Сұрақтарға жауап беру:

– Қандай әуе компанияларын білесің? Ұшақтардың  қандай түрлерін білесіңдер?

  1. Білімді меңгерту.

Мәтінмен  жұмыс істеу:

Сөздік жұмыс істету:

1) таныс сөздерді тауып аудару,

2)жаңа сөздерді теріп жазу, аудару :



әуежай, жолаушылар, айлақ, құрлықаралық, ұшақ,  ереже, тасымалдау

3) Мәтінді түсініп оқу, түсінгендерін  постерге жазып, суреттеп,сыныпқа түсіндіреді.

«Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін орындады.

2002 жылы елімізде әуе тасымалымен айналысатын «ЭйрАстана» атты ұлттық әуе компаниясы құрылған болатын. Еліміздегі әуе тасымалының көлемі бойынша екінші орынды иеленетін ірі компаниялардың қатарында «СКАТ» авиакомпаниясын атауға болады.

«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді: барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс. Boeing (боинг)767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE (рейв)компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ұзақтығы 3 сағаттан асатын барлық рейстердің бизнес-кластарында ойын-сауық жүйелері ұсынылады. Ыстық тағамдар мен бизнес-кластың және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.

1800-ден астам жұмыс орындары бар, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуе көлік жүйесін дамытты. Жаңадан ашылған Бішкекке, Бакуға және Новосібірге бағыттар компанияның аймақтағы ұшу торабын дамытты. Сонымен қатар Бангкок, Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу қалаларына ұшу жиілігі көбейді.



Диалог

- Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады? Саяхат жасау-совершать поездку

- Ұшақ Алматыға дейін 2 сағат 20 минут ұшады. Ұшу-летать

- Ұшақ жолда қонады ма? Қону-приземляться

- Ұшақ жолда қонбайды. Тіркеу-регистрация

- Ұшаққа бір билет бар ма? Белдік-ремень

- Сізге қай күнге керек? Ілгектеу-пристегивать

- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек. Жол жүгі бөлімі-багажное отделение

- Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?

- Ұшақтың билеті 40 мың теңге тұрады.

- Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?

- Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.

- Билетті қай кассадан ала аламын?

- Билетті екінші кассадан ала аласыз.

- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей.

Ережені еске түсіру, мысалдар келтіру, тапсырманы орындау



Бұл сөздерден біріккен сөздерді қос сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.

Асқазан, жан-жануар, күні-түні, он бес, қолөнер, өнеркәсіп, Айнабұлақ, бозторғай, биік- биік Алатау, Ұлытау,Оқжетпес, Тянь-Шань Петропавл, Көкшетау, Теміртау,

Екібастұз, Жолбарыс, тауешкі, ақбөкен.

ІІ деңгей. Сөйлемді аяқта.

Әкем ініме велосипед сатып әперді, .....
Ұшаққа билет болмады, ......
Кеше күн демалыс болды, ......
Ауа райы бұзылып кетті, .......
Мен қаланы дұрыс білмеймін, ......

І деңгей


Сен Эйр Астана компаниясы туралы не білесің?

Тапсырмалар:



1

«Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп,

барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс.

2

«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді

(рейв)компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған

3

Boeing (боинг)767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE

2002 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін орындады.

4

Ыстық тағамдар мен бизнес-кластың

25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуе көлік жүйесін дамытты.

5

1800-ден астам жұмыс орындары бар

және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.

  1. Білімді бекіту

  1. Қорыту: 1) тапсырма: мазмұнын айту .    2)  сұрақ -жауап арқылы мәтін бойынша  сөйлесу.

Үй жұмысы : Әуежай қызметі туралы әңгіме жазу ,сөздерді,ережені  жаттау.                     

  Бағалау. Қоштасу.

«Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп, 2002 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін орындады.

2002 жылы елімізде әуе тасымалымен айналысатын «ЭйрАстана» атты ұлттық әуе компаниясы құрылған болатын. Еліміздегі әуе тасымалының көлемі бойынша екінші орынды иеленетін ірі компаниялардың қатарында «СКАТ» авиакомпаниясын атауға болады.

«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді: барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс. Boeing (боинг)767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE (рейв)компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған. Ұзақтығы 3 сағаттан асатын барлық рейстердің бизнес-кластарында ойын-сауық жүйелері ұсынылады. Ыстық тағамдар мен бизнес-кластың және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.

1800-ден астам жұмыс орындары бар, 25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуе көлік жүйесін дамытты. Жаңадан ашылған Бішкекке, Бакуға және Новосібірге бағыттар компанияның аймақтағы ұшу торабын дамытты. Сонымен қатар Бангкок, Франкфурт, Ыстамбұл және Мәскеу қалаларына ұшу жиілігі көбейді.



Диалог

- Кешіріңіз, Алматыға дейін ұшақ неше сағат ұшады? Саяхат жасау-совершать поездку

- Ұшақ Алматыға дейін 2 сағат 20 минут ұшады. Ұшу-летать

- Ұшақ жолда қонады ма? Қону-приземляться

- Ұшақ жолда қонбайды. Тіркеу-регистрация

- Ұшаққа бір билет бар ма? Белдік-ремень

- Сізге қай күнге керек? Ілгектеу-пристегивать

- Маған ақпанның он бесіне, кешкі уақытқа керек. Жол жүгі бөлімі-багажное отделение

- Ұшақтың билеті неше теңге тұрады?

- Ұшақтың билеті 40 мың теңге тұрады.

- Ұшаққа отырғызу сағат нешеде басталады?

- Ұшаққа отырғызу сағат бесте басталады.

- Билетті қай кассадан ала аламын?

- Билетті екінші кассадан ала аласыз.

- Берген мәліметіңізге көп рақмет.

Деңгейлік тапсырмалар.

ІІІ деңгей.

Ережені еске түсіру, мысалдар келтіру, тапсырманы орындау



Бұл сөздерден біріккен сөздерді қос сөздерді теріп жазып, сөз құрамына талдау.

Асқазан, жан-жануар, күні-түні, он бес, қолөнер, өнеркәсіп, Айнабұлақ, бозторғай, биік- биік Алатау, Ұлытау,Оқжетпес, Тянь-Шань Петропавл, Көкшетау, Теміртау,

Екібастұз, Жолбарыс, тауешкі, ақбөкен.

ІІ деңгей. Сөйлемді аяқта.

Әкем ініме велосипед сатып әперді, .....
Ұшаққа билет болмады, ......
Кеше күн демалыс болды, ......
Ауа райы бұзылып кетті, .......
Мен қаланы дұрыс білмеймін, ......

І деңгей


Сен Эйр Астана компаниясы туралы не білесің?

Тапсырмалар:



1

«Эйр Астана» 2001 жылы тіркеліп,

барлық ұшақтарда бизнес және эконом-класс.

2

«Эйр Астана» компаниясы 2 класс қызметін көрсетеді

(рейв)компаниясыныңжеке ойын-сауық жүйесімен жабдықталған

3

Boeing (боинг)767 және 757 ұшақтары екі кабинасында да RAVE

2002 жылдың мамыр айында алғашқы рейсін орындады.

4

Ыстық тағамдар мен бизнес-кластың

25 ішкі және 18 халықаралық бағыттарға ұшатын әуе көлік жүйесін дамытты.

5

1800-ден астам жұмыс орындары бар

және эконом-кластың барлық рейстерінде ұсынылады.


11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Диктант Экология апаттары.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

1.білімділік: модуль бойынша өткен лексикалық және грамматикалық тақырыптардан алған білім деңгейлерін тексеру, оқушылардың тілдесім әрекеттерін арттыру, емле мен тыныс белгілері ережелерін сақтап сауатты жазуын арттыру;
2.дамытушылық: оқушылардың көру, есте сақтау қабілетін дамыту арқылы қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйрету;
3.тәрбиелік: бір-біріне бөгет болмай, жазба жұмысын жазудағы тәртіпті қатаң сақтауға баулып, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
ІІІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

ІV. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

V. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІ. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
Экология апаттары.

Қазақстанда табиғат апаттары – жер сілкіністері, дауылдар мен құрғақшылық, су тасқындары жиі болып тұрады. Каспий теңізі жыл сайын көтеріліп келеді. ХХІ ғасырдың басына дейін ол 3 метр көтерілген. Арал теңізіне құятын Амудария және Сырдария өзендерін есепсіз пайдалану экологияға үлкен зиян әкелді. Арал теңізі бірте-бірте құрғап барады. Құрғаған теңіз табанынан көтерілген шаң борандары мыңдаған шақырым жерлерге тұз шашуда, қауіпті ауру ошақтары пайда болуда.

Шығыс, Орталық, Оңтүстік-Батыс және Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы түсті металлургия, химия өндірісінің қалдықтары жерді ластауда. Қазақстан Республикасының статистика агентігінің есебі бойынша, жыл сайын 1 млн тоннаға дейін улы газ бен ауыр металл тозандары ауаға тарауда. Қазақстанның аумағы жарты ғасырға жуық ядролық жарылыстар алаңы болды. Мұндағы белгілі Байқоңыр ғарыш айлағы да экологияны бұзуда. (108 сөз.)

Грамматикалық тапсырма: берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

Қазақстанның аумағы жарты ғасырға жуық ядролық жарылыстар алаңы болды.

1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.
2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.
3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамау керек.
4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.
5. Тілдік дайындық.
1. Қазақ тілінің төл дыбыстарының емлесі.
2. Тәуелдік және септік жалғаулары.
6. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
7. Грамматикалық тапсырма.
Мәтіннен тәуелдіктің ІІІ жағында тұрған сөзді тауып алып септеңдер.
ІV. Үйге тапсырма

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Мазмұндам. Тағам түрлері

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ
Мазмұндама «Тағам түрлері»

Адамға азық-түлік өте қажет. Адам күніне үш рет тамақтанады. Азық-түлікте адамға қажетті дәрумендер бар. Азық-түлік әр түрлі. Сүт тағамдары, ет тағамдары, ұн тағамдары, ботқалар, сусындар, жемістер, жидектер, көкөністер өте пайдалы.



1. Мұғалімнің диктантқа байланысты берген тапсырмаларын орындау керек.
2. Сабақ барысында зейін қоя тыңдап, асықпай, қатесіз жазуға тырысу керек.
3. Шала тыңдап, қалай жазу керектігін қасындағылардан, мұғалімнен сұрап, басқаларға кедергі жасамау керек.
4. Таза, ұқыпты жазуды естен шығармау керек.
5. Тілдік дайындық.
1. Қазақ тілінің төл дыбыстарының емлесі.
2. Тәуелдік және септік жалғаулары.
6. Мәтіндегі жаңа сөздермен жұмыс.
7. Грамматикалық тапсырма.
V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.
Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет