Сабақтың міндеттері


Шығармаларының жарық көруі



бет3/8
Дата09.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#23092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Шығармаларының жарық көруі


1940 жыл

Алғашқы өлеңдері жарық көрді. Алғашқы он бес жыл ішінде поэма” сынды шығармалары жарық көрді.

1945 жылы

“Айша”, “Сұлтан” поэмалары жарық көрді.

1949 жылы

“Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы жарық көрді.

1959 жылы

«Біржан сал трагедиясы» дастаны жазды

“Адам туралы жыр” повесі жарық көрді.



1960 жылы

«Өзен жағасында» повесі жарық көрді.

1965 жылы

“Толқиды Есіл” повесі жарық көрді.

1966 жылы

“Айқас” романы жарық көрді. “Айқас” романы үшін І.Есенберлинге Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері деген атақ берілді.

1968 жылы

«Айқас» романына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.

1967 жылы

«Қатерлі өткел» прозасы

1968 жылы

“Ғашықтар” романы

1969 жылы

«Қаһар»

1971 жылы

«Алмас қылыш»

1972 жылы

“Алтын құс” романы

1973 жылы

«Жанталас»

1974 жылы

“Көлеңкеңмен қорғай жүр”

1978 жылы

“Маңғыстау майданы”, “Аманат” романдары жарық көрді

«Қаһар» тарихи роман

Тарихи роман дегеніміз не?

Тарихи романдар деп - өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады

І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХУ-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтардыішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез-құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді,салт-сананы көрсетеді.Тарихи жазба деректерге , шежіре мағлұматтарына , аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қазақ халқының тарихынынң аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды.

«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.

Кестемен жұмыс

Трилогияның қамтитын уақыты

Трилогияның романдары

Трилогиядағы тарихи тұлғалар

ХУ – ХІ ғасырлар

“Алмас қылыш”

Әбілқайыр хан

ХІІ – ХУІІІ ғасырлар

“Жанталас”

Жәнібек хан, Керей хан

ХІХ ғасыр

“Қаһар”

Асан қайғы, Қазтуған,Абылай хан,Бұқар жырау, Кенесары хан, Ағыбай батыр

Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі

1) “Алмас қылыш” романында ХУ –ХУІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі

2) “Жанталас” романында ХУІІ –ХУІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері

3) “Қаһар” романында ХУІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері.

«Қаһар» романы – «Көшпенділер» трилогиясының үшінші кітабы. Роман – қазақ тарихи романистикасының үздік табысы, шоқтығы биік туынды. Қазақ әдебиеті тарихында құбылыс болған, ел тағдырын шындылдықпен бейнеленген халықтық көркем шығарма. Кітап көпшілік қауымға арналған. Трилогияның "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30-40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.

"Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесарыдұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.

Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуахандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттертарихи шындықтарға негізделген.

Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.

Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің ағасұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.

Жалпы алғанда, I. Есенберлиннің "Қаһар" романы — қазақ халқының азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма.

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?

  2. Жазушының қандай кітаптары бар?

Сабақты қорытындылау, оқушылар білімін бағалау.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Е-mail (поштаға ұялы телефонды пайдалану) Сан есім (дара,күрделі,тіркескен)

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Оқушыларға сан есімнің туралы түсінік беру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже-Сан есім


Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай

негізгі

туынды

дара

күрделі

1 есептік

5.Бөлшектік

Бір

Бірінші

Үш

Үш жүз

2. реттік

6. болжалдық

Үш

үшінші

алты

Бес алты

3.жинақтау




жүз

жүздей







4.топтау



Білекті... жығар, білімді... жығар.
... ала болса, ауыздағы кетеді,
... түгел болса, төбедегі келеді.
... сомың болғанша,... досың болсын.
Керекті сөздерді таптыра отырып, сан есімнің ережесін шығарып, түсіндіру.
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.
Сан есім құрамына қарай дара және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді.

2.Оқулықпен жұмыс.

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

Егер Еуропада, Америкада және басқа аймақтарда «e-mail» жазылуы іс жүзінде бірнұсқалы болса, ал орыс тілінде недәуір нұсқалық қатысады. email кирилликалық мәтіндерінде неғұрлым жиі қолданылады, яғни латынша жазылуы транслитерациясыз (басқа формдардың визуалды түйсіктері жаманырақ). Бірақ басқа жазуларды да кездестіруге болады.

Электронды пошта

Имейл,мейл

Е-мейл,емейл,емайл

Мыло (ағылш. жай сөйлегенде)

Пошта (электронды поштаның қысқартылуы)

Сөздікте дұрыс жазылуы әлі бекітілген жоқ. Грамота.ру анықтамалық бюросында Е.Ваулина «мой компьютер» сөздігінде е-майл және е-мэйл деп жазылу ұсынылған, бірақ мұндай жазылу әдеби нормаға сәйкес келмейді делінген, сонымен қатар, басқа жауапта - e-mail жазылуы ұсынылған.

Желі арқылы талқылау форумы, онда пайдаланушы өзінің хабарламаларын орналастырады және басқа қатысушылардың хабарламаларын қарап шығады.

Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері (қызмет жеткізушілері):



  • Yahoo!

  • MSN

  • Gmail

Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп жағдайда тегін. Е-пошта мекенжайы пайдаланушы_атауыңыз@провайдер_мекенжайы.егелік (мыс.: example@mysite.com) пішімінде болады.

3.Деңгелік тапсырмалар

ІІІ деңгей. Дара сан есімдерді бір бағанаға, күрделі сан есімдерді бір бағанаға бөліп жазу

жүзінші, бесінші, үшінші,отыз, он,жиырма, алты, мың тоғыз жүз қырық екінші, жиырма бесінші, жиырма екінші, үш жүз он алтыншы,жиырма екінші, үш жүз он алтыншы,жиырма екі.

ІІ деңгей. Мәтіндегі сөйлемдерден сан есімдерді тауып, дара, күрделі сан есімдерді айырып белгіле.


Алматыда жасақталған жүзінші дербес атқыштар бригадасы мың тоғыз қырық екінші жылы жиырма бесінші қарашада Калинин облысында жаумен шайқасты. Жиырма екінші желтоқсанда жүзінші бригада Великие Лукидің түбіне келді. Үш жүз он алтыншы атқыштар дивизиясының жауынгерлері Дубосеково разъезінде жаумен қалай шайқасса, біздің бригада да Великие Лукиде солай соғысты. Бесінші қаңтарда үшінші батарея жаудың отыз танкісімен жалғыз шайқасты. Батареядан он адам өлді, жиырма кісі жаралы болды. Жиырма екі ат оққа ұшты. Жаудың он үш танкісі қирады, алты рота жаяу әскер жойылды.
І деңгей. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын қысқаша айтыңдар. Сан есімдерді тап.
Отан деген не? Бұл сөзді әрқайсымыз күн сайын әлденеше рет естіп
жүрміз. «Отан от басынан басталады» дейді халық. Отан дегеніміз – адамның туып - өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен, бүкіл жарандарымен бірге тұратын мекені.
Қазақ елінде тұратын барлық адамның Отаны – Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз – Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды.
Осы күнге жету үшін қазақ халқы қанша қиыншылықты бастан өткізді.
Әр мемлекеттің дербес, тәуелсіз ел болуы – барша бақыттың бастауы. Елдің өз құқы өз қолында, ешкімге тәуелді емес.
Бұл күнде дүние жүзінің бірқатар елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танып отыр. Осы бақыт әр қазақстандықтың жүрегіне нұр құяды.
ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Пошта мен электронды пошта. Себеп-салдар салалас

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Оқушыларға себеп-салдар салалас туралы түсінік беру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже- Себеп-салдар салалас

Салалас құрамындағы жай сөлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп – салдар мәнді салалас дейміз.Себеп – салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар:өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.

Себеп – салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былай байланысады: Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын(Ғ. Мұст.)Ақыры тапқан сияқты: оң көзінің астыңғы қабығы бүлкілдей бастапты(Ғ. М.)

Жалғаулықсыз себеп – салдар салаластың ара жігіне үтір, сызықша не қос нүкте қойылады.

Егер салаластың себеп мәнді сөйлемі салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлемі бұрын айтылып, себебі соң тұрса, арасына қос нүкте не сызықша қойылады.

Салалас байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы:


1.Сондықтан
Сол себепті
Мысалы: Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
2.Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
Мысалы: Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
Жалғаулықсыз себеп – салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.
Мысалы: Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәннен қолымнан мен септім ғой.

2. Оқулықпен жұмыс.



Пошта мен электронды пошта.

Электронды пошта (ағылш. Email, e-mail яғни electronic mail) – технология және оның қайта сілтеу бойынша ұсынылған қызметтері және компьютерлік желінің үлестірілуі бойынша алынған электрондық хабарламалар (соның ішінде ғаламдық). Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы (мысалы, әбсәтте келетін хабарламалар қызметі) болып, кейінге қалдырылған жеткізулер мүмкіндігі және дамыған жүйемен тәуелсіз пошталық сервер арасындағы қарым-қатынастар табылады.

Қазпоштаның бәсекелестік нарықтағы басты ерекшелігі – кейбір қызмет түрлері бойынша аса маңызды, әсіресе әлеуметтік бағытта жүйелі қаржылық операциялар жүргізуі болып табылады. Қазіргі таңда пошта жүйесіндегі ақша аударымдарының ең көп сұранысқа ие болып отырған түрі – республика ішіндегі жедел ақша аударымдары болып отыр. Оның басты артықшылығы – автомат­тан­дырылған пошта бөлімшесінен жіберілген ақша аударымын небәрі 10-15 минуттың ішінде алуға болатындығында. Пошталық жедел ақша аударымының бұл түрімен сту­денттер, зейнеткерлер, сондай-ақ елі­міз­­дің түкпір-түкпірлерінде іссапармен не­ме­се басқа да жұмыстарымен жүрген азаматтар жиі пайдаланады. Интернет сынды электронды-техни­калық құралдардың мүмкіндіктері қанша­ма қарыштап дамығанымен, пошта қызме­тіне сұраныс ешбір елде бәсеңдеген емес. Қазақстанда цифрлық технологиялардың негізінде поштаның қызметі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. 



3. Тапсырмалар

Тест тапсырмасы


1) Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
А) – қы, - ғы, - кі, - гі жұрнақты қалау райлы етістіктен
В) – ғалы,- гелі, - қалы, - келі көсемше жұрнақтары арқылы
С) – ған, - ген есімше жұрнақтары арқылы
Д) – са,- се шартты райлы етістік
Е) – ар,- ер жұрнақты етістіктен
2) Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.



А) да - де
В) және
С) Сондықтан
Д) бірде
Е) болмаса



3) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз
А) ыңғайлас В) себеп - салдар
С) түсіндірмелі Д) қарсылықты
Е) кезектес
4) Құрмалас сөйлемді табыңыз.



А) Ол асып та, тасып та сөйледі.
В) Қарағым, бермен кел.
С) Ақылды қарттан нақыл шығады!
Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
Е) Ерлік көрсеткен ер болар.



5) Ешқашан қайталанбай, бір - ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз



А) да
В) та
С) де
Д) те
Е) және



ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Мазмұндама

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу
ІІІ. Жаңа сабақ
Мазмұндама «Компьютер мен ұялы телефон»

Компьютер мен ұялы телефон күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналған қазіргі уақытта олардың пайдасымен қоса зияны шаш етектен екенін естен шығармаған жөн. Десек те, күнделікті қажеттілікті өтеу үшін техниканың бұл түрлерінен біржолата қол үзіп қалуға болмайды.

Ғалымдар уақытының көп мөлшерін компьютер алдында өткізетін адамдардың басқа адамдарға қарағанда онкологиялық ауруларға ұшырау қаупінің басымдау екенін айтып отыр. Сонымен қатар, қазіргі қала көшелеріндегі қаптаған компьютерлік клубтардағы ойындар адамдар лейкоз дертіне шалдықтыратынын дәлелдеген.

Ұялы телефондарға жүргізілген зерттеулері бойынша мынандай тоқтамға келген: әр аптада күніне 10 минуттай уақыт ұялы телефонды пайдалану – адам ағзасын функционалдық өзгерістерге ұшыратады екен. Яғни небәрі 10 минуттық тілдесуден кейін ағзаңыздың өз қалпына қайта келуі үшін 8 сағат керек.

Тәжірибе кезінде 8 жыл бойы күнделікті ұялы телефонды пайдаланған адамды медициналық тексеруден өткізгенде, оның ағзасының патологиялық жағынан едәуір өзгерістерге ұшырағаны анықталған.


Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет