Сабақтың міндеттері



бет4/8
Дата09.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#23092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

11 сынып

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Электронды пошта арқылы не жіберуге болады. Себеп-салдар салалас

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру. Оқушыларға себеп-салдар салалас туралы түсінік беру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық

қабілеттерін ұштау, оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту,сөздік қорын, есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Ереже- Себеп-салдар салалас

Салалас құрамындағы жай сөлемдер өзара бірі екіншісінде айтылған істің себебін не салдарын білдірсе, ондай салаласты себеп – салдар мәнді салалас дейміз.Себеп – салдар салалас іргелес те, жалғаулық шылаулар арқылы да байланысады. Ол жалғаулықтар мыналар:өйткені, себебі, сондықтан, неге десеңіз.

Себеп – салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара былай байланысады: Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын(Ғ. Мұст.)Ақыры тапқан сияқты: оң көзінің астыңғы қабығы бүлкілдей бастапты(Ғ. М.)

Жалғаулықсыз себеп – салдар салаластың ара жігіне үтір, сызықша не қос нүкте қойылады.

Егер салаластың себеп мәнді сөйлемі салдар мәндіден бұрын тұрса, арасына үтір қойылады. Керісінше, салдар мәнді сөйлемі бұрын айтылып, себебі соң тұрса, арасына қос нүкте не сызықша қойылады.

Салалас байланысқан себеп мәнді құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің өзара байланысуы:


1.Сондықтан
Сол себепті
Мысалы: Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
2.Өйткені
Себебі
Неге десеңіз
Мысалы: Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өткені тұқым сепкен суға жүре алмайды.
Жалғаулықсыз себеп – салдар салаласта жай сөйлемдердің қайсысы бұрын тұрғанын тыныс белгілері арқылы айырамыз.
Мысалы: Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді. Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәннен қолымнан мен септім ғой.

2. Оқулықпен жұмыс.



Электронды пошта арқылы не жіберуге болады.

SMTP(ағылш. Simple mail transfer protocol - поштаны жіберудің қарапайым хаттамасы) дүниежүзіндегі жалпы қабылданған электронды поштаның алмасу хаттамасы болып табылады. Жалпы қабылданған реализацияда ол пошта қайта сілтеулерінің ережелерін анықтау үшін DNS -ті қолданады. Әртүрлі домендерде өздерінің, бір-бірлерінен тәуелсіз, пошталық жүйелері икемденген. Пошта қайта сілтеу бағдарламаларының қолдануымен түйіншектер арасында жіберіледі(ағылш. Mail Transfer Agent;мысалы, sendmail, exim4, pastfix, Microsoft Exchange Server, Lotus Domino т.б.). Бір-бірлерімен ара-қатынас кезінде жүйелердің тәртібі қатал түрде стандартизацияланған, ол үшін SMTP хаттамасы қолданылады. Пошталық жүйе және қолданушылардың қарым-қатынасы жалпы жағдайда, ешқалай тәртіптелмейді және озбырлы болуы мүмкін, бірақ қалай ашық болса, солай жабық хаттамалар болады. Пошталық жүйеде жұмыс жасайтын және қолданушыларға қызмет көрсететін бағдарлама, MDA деп аталады (ағылш. mail delivery agent, поштаны жеткізу агенті). Басқа пошталы жүйелерде MDA және MTA бір бағдарламаға бірігуі мүмкін, басқа жүйелерде әртүрлі бағдарлама ретінде таратылып берілуі мүмкін. Қолданушы оның көмегімен қатынауды жүзеге асыратын бағдарлама, MUA(ағылш. mail user agent) деп аталады. Кей жағдайда, мыс, веб-интерфейсте болмауы мүмкін.

Электрондық поштаның ең үлкен қызмет провайдерлері (қызмет жеткізушілері):



  • Yahoo!

  • MSN

  • Gmail

Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп жағдайда тегін. Е-пошта мекенжайы пайдаланушы_атауыңыз@провайдер_мекенжайы.егелік (мыс.: example@mysite.com) пішімінде болады.

3. Тапсырмалар

Тест тапсырмасы


1) Жақсыз сөйлем баяндауышының жасалу жолын көрсетіңіз.
А) – қы, - ғы, - кі, - гі жұрнақты қалау райлы етістіктен
В) – ғалы,- гелі, - қалы, - келі көсемше жұрнақтары арқылы
С) – ған, - ген есімше жұрнақтары арқылы
Д) – са,- се шартты райлы етістік
Е) – ар,- ер жұрнақты етістіктен
2) Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз.



А) да - де
В) және
С) Сондықтан
Д) бірде
Е) болмаса



3) Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз
А) ыңғайлас В) себеп - салдар
С) түсіндірмелі Д) қарсылықты
Е) кезектес
4) Құрмалас сөйлемді табыңыз.



А) Ол асып та, тасып та сөйледі.
В) Қарағым, бермен кел.
С) Ақылды қарттан нақыл шығады!
Д) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің.
Е) Ерлік көрсеткен ер болар.



5) Ешқашан қайталанбай, бір - ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз



А) да
В) та
С) де
Д) те
Е) және



ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы ғарышкерлер. Ғарыш кемелері

Сабақтың мақсаты:
білімділік: бүкіл еліміз адамзат баласының ғарышқа тұңғыш жол салуының және ғарышқа ұшу арманының орындалуын тұлғалар арқылы байланыстырып анықтау;
дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділіктерін,ойлау және шығармашылық  қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік: патриоттыққа, ұқыптылыққа, ерлікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: семинар сабақ

Сабақтың көрнекілігі: ғарышкерлердің суреттері, плакаттар,кестелер, көріністер,тақырыпты ашатын фрагменттер,викториналар,жұмбақтар, ақындарөлеңдері,видеофильм.

Сабақтың жоспары:

1.Ғарыш. 1-ші ғарышкер:

а) Отбасы. Білімі. Жұмыс орны.

ә) Ғарышқа даярлық. Ұшу және оралу.

в).Қызметі.Әскери атақтары.Наградалары.

с)Өмірінің ақыры…

2. Қазақстан ғарышкерлері.

3.М.Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңі.

4.Космонавтикалық викторина.

5.”1-ші ғарыштық жылдамдық” интермедия.

6.Қорытынды: видеофильм  «Ю.Гагарин».

Сабақтың барысы:

Ғарыш десе көңілге туған топырақ төсіндегі Байқоңыр келеді.

Ғарыш -  (араб тілінен) аударғанда  — кеңістік, космос (қазақша) деген сөз.

Қазақстандағы Байқоңыр космодромынан ғарышқа самғап ұшқан халық батыр-

лары-Ұлы  Отанымыздың мақтанышы.

1. 4 қазан 1957 ж. Жердің тұңғыш жасанды серігі ұшырылды

2.  12 қыркүйек 1959 ж. Айға қарай зымыран ұшырылды.

3.  12 сәуір 1961 ж.м.у.б.12 сағатта бұрынғы Одақтың барлық радиостанциялары

адамның  ғарышқа тұңғыш ұшу сапарының сәтті аяқталғанын хабарлады.

Бірінші ғарышкер Рессий азаматы — Юрин Гагарин. 9.03.1934 ж.Рессейдің Смоленск облысының Гжатск (қазіргі Гагарин) ауданында дүниеге келген.

Сол адамға,арада 50 жыл өте шыққан сол күнге тағы бір қайырылып қарасақ:



Наградалары:

1.Чехословакия Социалистік, Болгария Халық, Вьетнам Демократиялық Республикасы-

ның Еңбек Ері атақтары;

2.Григорий Димитров (Болгария), 2-ші  дәрежелі жұлдыз (Индонезия), Әуені зерттеу саласындағы табыстары үшін  т.б. ордендермен.  



Байқоңырдағы Гагариннің ұшуына ескерткіш

Өмірінің ақыры…

Ол 1968 жылы 27 наурызда ұшқыш-сынаушы,полк командирі,Кеңес Одағының

Батыры В.С.Серегинмен бірге УТИ-МиГ-15 ұшағымен әуе жаттығуы кезінде апатқа

ұшырады. Ұшақ Владимир облысы КирЖач ауданының Новоселово деревнясының маңайына құлады.



Марфуға Айтқожақызы “Қос ғарышкер” өлеңінен үзінді:

Қос ғарышкер, Тоқтар мен Талғат десем,

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік,ғарыш керек,

Көз жұмбасам ерлікке,самғап бекер!

Қос ғарышкер,қос батыр,қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар,достың жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым деп,

Аспанның бәйгесіне  қостым бүгін!

Қазақстандық ғарышкерлер,халық қаhармандары — Тоқтар Әубәкіров мен Талғат Мұсабаев туралы мәліметтер беріледі.

Ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан 3-ші ғарышкер –Айдын Айымбетов мен Мұхтар Аймақанов туралы пікірлер.

Ғарыш кемесі – адамның ғарышта ұшуына арналған ғарыштық аппарат. Оның негізгі ерекшелігі – ғарышкердің өмірін сақтауға арналған тұмшаланған кабинасының болуы. Геоцентрлік орбитамен ұшуға арналған ғарыш кемесі Жер төңірегіндегі ғарыш кемесі деп, ал басқа аспан денесіне ұшуға арналған ғарыш кемесі планетааралық (экспедициялық) ғарыш кемесі деп аталады. Бұрынғы КСРО-да бір рет пайдаланылатын (ұшырылатын) «Восток», «Восход», «Союз», т.б. ғарыш кемелері, ал АҚШ-та бір рет пайдаланылатын «Меркурий», «Джемини», сондай-ақ экспедициялық «Аполло» сияқты ғарыш кемелері және көп рет пайдаланылатын «Спейс шаттл» ғарыш кемесі жасалып, ұшырылды. Ұшқышпен басқарылатын ғарыш кемесі бірнеше бөліктен тұрады және ол қозғалтқыш қондырғылармен, сондай-ақ ғарышкер өмірін сақтайтын, қозғалысты басқару, энергиямен қоректендіру, байланыс жүйелерімен, т.б. жабдықталады. Ғарыштық аппарат – белгілі бір мақсатты орындау үшін ғарышқа ұшырылған әр түрлі техникалық құрылғылардың жалпы аты. Кейде ғарыштық аппарат терминінің орнына «Ғарыштық ұшу аппараты» термині де қолданылады. Ғарыштық аппаратты ғарышқа ұшыруға қажетті жылдамдыққа жеткізу ракета тасығыш (ғарыштық ракета) арқылы атқарылады. Ғарыштық аппарат Жер төңірегіндегі ғарыштық аппарат (Жердің гравитациялық әсері аймағынан шықпай, геоцентрлік орбитамен айналатын) және планетааралық ғарыштық аппарат, автоматтық ғарыштық аппарат (Жердің, Айдың, Марстың, Шолпанның, Күннің жасанды серіктері), ұшқышпен басқарылатын ғарыштық кемелер, ішінде адам тұрып, жұмыс істеуге арналған орбиталық стансалар, планетааралық ғарыштық кемелер, т.б. болып ажыратылады. Ұшқышпен басқарылатын ғарыштық аппаратқа жүктерді жеткізу үшін автоматты көліктік ғарыштық аппараттар (мысалы, «Прогресс», «Спейс шаттл») пайдаланылады. Ғарыштық кеңістіктегі ерекше факторлардың (вакуум, метеор бөлшектер, радиация, салмақсыздық) әсерлері кезінде ұзақ уақыт бойынша өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ғарыштық аппаратта жылу режимін реттеу, борттық аппаратураны энергиямен қоректендіру (мысалы, Күн батареясы, т.б.), Жермен радиобайланыс, т.б. жүйелер болады. Экипажы бар ғарыштық аппараттың герметикалық кабинасында адам өмірін сақтау және оның жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар (температура, ылғалдылық, ауа қысымы, т.б.) жасалған. Ғарыштық аппаратты Жер бетіне (не басқа планетаға) қондыру екі тәсілмен: тежегіш ракета көмегімен (атмосферасы жоқ аспан денелеріне) немесе аэродинамикалық тежеу арқылы (Жерге, Шолпанға қондыру кезінде) атқарылады. Дүние жүзіндегі тұңғыш ғарыштық аппарат – Жердің жасанды серігі 1957 ж. төртінші қазанда, ал ұшқышпен басқарылатын тұңғыш ғарыштық аппарат – «Восток» кемесі 1961 ж. он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш алаңынан ұшырылған.

Космонавтикалық викториналар:

1. Жұлдыздар жүйесін қалай атайды?

2. Космонавтиканың негізін қалаушы кім?

3. Жердің жасанды серігі қашан  ұшырылды?

4. Космодром қай жерде,аты қандай?

5. Ең алғаш ғарышқа кім ұшты,қашан?

6. Ғарышқа ұшқан әйел аты?

7. Қазақстан ғарышкерлерін ата.

8.Космонавтиканың туған күні қашан?

9.Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең?



Кім тапқыр?   Сөйлемдерді дұрыс тауып оқу.

1. “нүК – дызжұл”

Жауабы:  Күн – жұлдыз.

2. “ларшарламҒа”

Жауабы: Ғаламшарлар

3. “неМ – реж мінтізенпер”

Жауабы: Мен – жер перзентімін.

4. “діргілКө панас”

Жауабы: Көгілдір аспан.

Жұмбақтар:

1. Сатайын десем ауыр кілем,                                                      2. Өлшеусіз піштім,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)                                             Жіпсіз тіктім. (Жер)

 Сабақты қорытындылау:    



І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Киім дүкенінде. Талғаулы салалас.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.



ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: жаңа сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Ереже –Талғаулы салалас.

Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалады.

Шылау-не,немесе,әлде,я,яки,әйтпесе, не (я)болмаса

Мысал: Я болар жерінде айт, я бізге килікпей тыныш жүр.



Киім дүкенінде» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

-Мынау әмбебап дүкені ме?

Мынау орталық әмбебап дүкені

-Ол неше қабатты?

Ол 4 қабатты дүкен

-Сіз не алғыңыз келеді?

Мен өзіме киім аламын

-Сыртқы киім қай қабатта орналасқан?

Сыртқы киім екінші қабатта орналасқан.

-Маған 48 өлшем қысқы пальто немесе тон   керек. Сізде бар ма?

Бізде әр түрлі қысқы киім бар. Таңдап алыңыз.

-Маған мына тон ұнап тұр. Қанша тұрады?

Бұл тон 35 мың теңге тұрады.

-Ақшаны қайда төлеуім керек?

Ақшаны кассаға төлейсіз.

-Ұлттық киімдер бұл дүкенде сатыла ма?

Иә, ұллтық киімдер бірінші қабатта сатылады.

-Маған әдемі камзол керек. Көруге бола ма?

Бізде әр түрлі камзолдар бар. Сіз кімге аласыз?

-Мен әжеме сыйлыққа камзол аламын. Мына камзол маған ұнап тұр.

Бұл камзол сіздің әжеңізге дәл болады. Алыңыз. Рахмет. Сау болыңыз.

ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

VІ. Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау.

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Электронды дауыс беру. Етістіктің райлары.

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту; оқушыларға етістіктің райлары туралы мәлімет беру, олардың түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дұрыс таба білуге үйрету.

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.

Ауызекі сөйлеу, жазбаша тілін дамыту, сөздік қорын молайту, еске сақтау қабілетін дамыту.

3. Өз ойларын дұрыс, нақты жеткізе білу.



ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: дәстүрлі сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

б) Сынып оқушыларын түгелдеу;

в) Оқушылар назарын сабаққа аудару.



ІІ. Үй тапсырмасына шолу

ІІІ. Жаңа сабақ

Ой қозғау.

1) Етістік дегеніміз не?

2) Ол нені білдіреді?

3) Етістіктің түрлері қандай?

4) Етістіктің неше шағы бар?

Ереже – Етістіктің райлары

1) ашық рай

2) бұйрық рай

3) шартты рай

4) қалау рай


Ашық рай - үш шақта тұратын етістіктер.

Мысалы: жазып отырмын, жаздым, жазамын.

Бұйрық райетістікке-айын,-ейін,-ыңыз,-іңіз,-сын,-сін,-айық,-ейік,-ыңыздар, -іңіздер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады.

Мысалы: барайын, кел, айтсын, оқыңыз.

Шартты рай – түбір + ca, се + жіктік жалғау.

Мысалы: көрсем, барсаң, айтсаңыз, жүрсе.

Қалау рай - түбір + қы, кі, ғы, гі + жіктік жалғау + кел.

Мысалы: тойлағым келеді, барғың келеді.

1-тапсырма. Жақша ішіндегі етістіктерді шартты рай, қалау рай тұлғасында қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар



1) Тоқтар Әубәкіров ағаңдай ғарышкер (бол) келе ме?

2) Абайдың өлеңдерін жатқа (айт) келеді.

3) (Оқы), балалар, шамнан шырақ жағылар.

4) Шолпан (кел), киноға барамыз.

5) Ертең күн ашық болса, тауға (бар) келеді.

6) Қазақстанның нағыз азаматы (бол) келеді.

7) Почтаға (бар), хатты саларсыз.

8) Қазақтанның қай аймағының таулы екенін (біл) келеді.

Электрондық дауыс беру жүйесінің артықшылықтары

Орталық сайлау комиссиясы қағаз бюллетеньдермен бір уақытта электрондық бюллетеньдер пайдаланылатын сайлау округтері мен учаскелерін айқындайтын болады. 


Электрондық дауыс беру жүйесі көптген елдерде өзінің тиімділігін дәлелдеп, Қазақстанда табысты сыналғанын естеріңізге саламыз. 
Оның артықшылықтары сайлаушылар үшін қолданудағы қарапайымдылығы мен қолайлылығы, сайлау процесінің жоғары дәрежедегі ашықтығы мен объективтілігі, дауыс беру нәтижелерін санаудың жеңілдігі мен шапшаңдығы болып табылады. 
Біздің Республикамызда бүгін жоғары технологияларды барлық тіршілік салаларына енгізуге басымдық беріліп отырғаны белгілі. Электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, сіз де Қазақстанда инновацияларды белгілі бір шамада алға жылжытуға көмектесесіз, барлық деңгейлердегі сайлау комиссияларының жұмыс тиімділігін елеулі дәрежеде арттыруды қамтамасыз етесіз, электрондық дауыс беру жүйесіне деген сеніміңізді көрсетесіз. 

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті етістіктерді жаз.



1) Жаңбыр ..., біз ешқайда бармаймыз.

2) Мен ..., сен жоқсың.

3) Олар ертең өздері саяжайға ... .

4) Біз орманға серуенге ... келеді.

5) Оның музыка ... келеді.

6) Менің теледидар ... келеді.

7) Айнұрдың дәрігер ... келеді.

8) Кітапты ... , суретті көресің.

Керекті сөздер: ашсаң, жауса, барады, келсем, тыңдағысы, болғысы, барғымыз, көргім.

ІV. Бекіту: Ал, енді бүгінгі сабақтан қандай үлгі алдыңдар. Сендер де өз- өздеріңе есеп беріп көріңдер.

VІ. Қорытынды:

  • Балалар біз бүгін қандай тақырып өттік?

  • Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау
Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин. «Аққудың айырылуы»
Сабақтың мақсаты: 1) Қазақстанның көрнекті ақыны С.Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдету. «Аққудың айырылуы» поэмасымен оқушыларды таныстырып, поэмадағы негізгі идея – адал достық, шынайы, кіршіксіз, таза махаббат мәселесін көрсету; 2) поэманы мазмұнына сай мәнерлеп, оқу дағдыларын дамыту. Махаббат пен зұлымдықты салыстыра отырып, ізгілік жөнінде ой қорыту дағдыларын дамыту;
3) Адал достыққа үндеу, махаббаттың белгісі – аққуға жасалған зұлымдықты айта отырып, балалардың табиғатқа ізгілік қарым – қатынасын дамыту, қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық тәрбие беру, жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: С.Сейфуллиннің портреті, көлде жүзген қос аққудың суреті.
Сабақтың эпиграфы: «Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді». Р. Сейсенбаев.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу
Оқушыларды түгелдеу
Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.
а) Біз ХІХ – ХХ ғасырлардың қандай ақын – жазушыларымен таныстық? Олар туралы қысқаша мәліметті мына сызба бойынша толтырайық.
ІІІ. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
балалар, тақтаға қараңдар. Біз бүгін сабақта ХХ ғасырдың тағы бір белгілі ақыны С.Сейфуллин туралы айтамыз. Біз мына сұрақтарға жауап береміз.
1. С.Сейфуллин деген кім?
Оның шығармашылығымен қай сыныпта таныстық?
Оның қандай шығармаларын білеміз?
Алдын – ала тапсырма алған балалардың көмегімен және 57 –бетте берілген мәтін бойынша дәптерге ақын туралы қысқаша мәлімет беру, жаздыру.
1. С.Сейфуллин — қазақтың аса көрнекті ақыны, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері.
2. Ол 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында дүниеге келген. Оның әкесі – сейфолла жақсы домбырашы, анасы — әңгімешіл адам болған. Бала жасынан ән – күйге, өлең – жырға құштар болған.
3. С.сейфуллин шығармашылығымен біз 6 – сыныптан таныспыз және оның «Туған жер», «Дала» атты өлеңдерін жаттадық. Оның «бандыны қуған Хамит» атты әңгімесі бойынша түсірілген фильм «Даладағы қуғын» деп аталады.
балалар, Сәкен ағаларың жиырма жыл аралығында көптеген лирикалық өлеңдер, поэмалар, әңгімелер, романдар жазды. Ақын 1938 жылы жазықсыз жала жабылып сталиндік репрессияның құрбаны болды. Бірақ оның шығармалары ақынның атын өшпестей етіп отыр. Атақты жазушы Р.Сейсенбаев с.Сейфуллин туралы былай дейді: «Ол өз елін сүйген. Ол нағыз ақын болған, ал нағыз ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді».
Бұл сөздерді сендер қалай түсінесіңдер?
Біз бүгінгі сабақта ақынның «аққудың айырылуы» атты поэмасымен танысамыз.
Поэма деген не?
Поэма жанырының басқа лирикалық жанрлардан айырмашылығы неде?
Поэмада үнемі лирикалық кейіпкер болады.
Мәтіннің соңында берілген сөз, сөз тіркестерімен танысып, дауыстап оқып шығу.
Оқып болған соң оқушыларға шығарманы мынадай бөлімдер бойынша талдауды ұсынуға болады:
І.Кіріспе.
ІІ. Екі аққудың кездесуі.
ІІІ. Мергеннің аққуды атуы.
ІҮ. Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі. (Әр топ өз тапсырмасын орындайды). Жұмысты жеңілдету үшін әр топқа жетекші сұрақтар беріледі:
І топқа. Кіріспе.
1)Кіріспеде не туралы жазылады?
2)Көлді сипаттаған үзіндіні оқулықтан тауып, жазып, оқып бер.
3) Көлді сипаттаудағы теңеулерді тауып көшіріп жаз…
(құмы – маржан, суы – көл,…)
4) Көлді мекен еткен аққу қандай? (тірек сызба бойынша жауап бер).
5) Көлді тағы қандай құстар мекендейді?
6)Құстар қайтеді?

ІІ топқа: Екі аққудың кездесуі


1)Бір мезгілде алыстан не естіледі?
3)Кездескенде екі аққу қайтті?
4) Екі аққудың бұл әрекетінен не байқадыңдар?
5)бұл бөлімде ақын нені жырлайды?

ІІІ топқа. Мергеннің аққуды атуы.


1)Аққулар айырылып кеткен соң не болады?
2) «Суық жүрек» деп кімді атайды? («суық жүрек» деген сөздің синонимін табыңдар).
3)Аққуға атылған оқ немен теңелген?
4)Атылған оқ көлге қалай әсер етті? Көл қайтті?

ІҮ топқа: Жалғыз қалған аққудың қасіреті мен өлімі.


1)Аққудың сыңары қалай күңіренеді? (Мәтіннен тауып, өз сөздеріңмен баяндаңдар).
2) Зарлаған аққу мергенге не деп жалынды?
3) Мергеннің өзін атпасын білген аққу қандай шешімге келді?
4) аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?5) Аққу өлімінен қандай ой түюге болады?
Әр топ өзінің тапсырмасын орындап болған соң топтан бір оқушы дауыстап жауаптарын оқиды.
Сабақтың қорытындысы:
Ал, балалар, поэманы оқыдық, әр топ сұрақтары бойынша жұмыс істеді, енді біз қорытындылайық.
1)Осындай тамаша поэманы жазған ақын С.Сейфуллин қандай адам деп ойлайсыңдар?
2) Аққу құсы қазақ халқында ненің белгісі екен?
3)Аққу өзінің өлімімен нені дәлелдеді?
4) Аққу өлімінен қандай ой түюге болады?
Әр топ жетекшісі топ мүшелерінің жауабына түсініктеме береді. Әр оқушының белсенділігі туралы айтады.
Үй тапсырмасын беру:
а) мәтінді мәнерлеп оқу;

І. САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:Компьютердің атасы кім? Қимыл сын бағыныңқы сабақтас .

ІІ. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың сабақтардан алған білімдерін саралай отырып,практикалық дағдымен салыстыру.

ІІІ. САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: 1. Оқушылардың ойлай қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын молайту;

2. Оқушының тіл байлығы мен дүниетанымын дамытып, шығармашылық қабілеттерін ұштау.



ІV. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: талдау, жинақтау, бекіту.

V. САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ- жауап, сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, т.б.

VІ. САБАҚТЫҢ ТҮРІ: жаңа сабақ.

VІІ.САБАҚТЫҢ ӘДІСІ: сұрақ-жауап, топтастыру, тірек сызбалар арқылы әңгімелеу.

VІІІ. САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интерактивті тақта, тірек сызбалар, суреттер.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет