Сабақтың міндеттері



бет2/8
Дата09.08.2017
өлшемі3,08 Mb.
#23092
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Дамытушылық: тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойландыру, түсіндіру.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Әңгіме рөлдерге бөліп оқыңдар.



Енші үлесу

Бәреудің екі баласы бар екен. Әкесі өлерінде балаларына айтыпты:

-Мен өлемін. Менен қалған мал-мүлікті қақ бөліп алындар. Әкесі өлген соң, қалған мирасты балалары бөліп алмақшы болады. Бірақ даусыз, талассыз үлесе алмайды. Екеуі дауласып, қоңсыларына жүгініпті. Қоңсылары айтады:

-Әкелерің өсиетінде не деді?

-Әкеміз мал-мүлікті қақ бөліп алыңдар деп еді.

-Олай болса әр киімді қақа бөліп жыртарға керек, әр ыдысты қақ бөліп сындырарға керек. Әр малды сойып, қақ бөліп аларға керек,-деп қоңсылары ақыл беріпті.

Солардың сөзіне еріп, айтқаның істеп, екеуі малсыз, мүліксіз қалыпты. Кісі ақылын талғап ал, жағымдысын таңдап ал.

Сөздік

Қоңсы-сосед, өсиет-завещание, мирас-наследство, қақ бөлу-разделить половину, жағымды-позитивный, енши-енши часть имущества, которая выдается сыновьям при отделении, доля в наследствии.

Заттың, нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейміз.

Көмекші есімдер : үсті, алды, жаны, іші, асты, арты, қасы,сырты

Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, мысалы; үйдің маңы, мектептің алды, баланың сөзі;

жасырын түрде де көрінуі мүмкін: үй маңы, мектеп алды, бала сөзі.

-Ережені бекіту мақсатында тақтада жазылып тұрған сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті көмекші есімдерді қойып жазыңдар. Оқушылар бір-бірлеп тақтаға шығады.

Керекті сөздер: жанында, асты, үстінде, қасына, ішінде, маңы, алды, сыртында

Мектептің ... кітапхана бар.(ішінде )

Үстелдің ...оқулық жатыр. (үстінде)

Қаланың ... өзен ағып тұр.(сыртында)

Үй ... тап-таза. (маңы)

Есік ... гүлдер өсіп тұр.(алды)

Аяқ ... кілем төселіп жатыр.(асты)

Ол тақтаның ... келіп тұрды.(қасына)

Мұғалімнің ... оқушылар отыр.(жанында)

1-тапсырма. Берілген көмекші есімдерге жатыс септігінің жалғауларының тиістісін жалғап жазыңдар. Үлгі: Үсті – үстінде

2-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.

Есіл өзенінің

үлкен қала

Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.

Парламент

өкілдері

Жастар

ортасында

Тұрғын

алдында

Парламент үйінің

бойында

Қаланың

үйі

Ұлт

сарайы

Болашағы

үйлер

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Парламент үйі қаланың ортасында тұр.Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар.Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр.Саябақтың қасы... Жаңа тұрғын үйлер салынған.Ескерткіштің арты... Үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... Әдемі гүлдер егілген.



V.Сабақты бекіту.

-Астана қаласы сөзінен сөздер құрастыру.

(ас,аса,тана,ана,ат,сан,сана,нас,қал,қала,ал,сал,қыс,алыс,қыл,салақ,лақ...)

VІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма: ережені жаттау,

Сабақтың тақырыбы:Азық түлік сатып аламыз.

Грамматикалық тапсырма: Жалғаулар. 
Сабақтың мақсаты: оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:

Білімділік: есте сақтау қабілетін ұлғайту, жаңа сөздерді меңгеруге , қысқа әңгіме айта және жаза білуге үйрену;

Дамытушылық: тақырып бойынша өз ойын айта білу, ауызекі сөйлеу және сауатты жазу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік: ата-анасын,бауырларын ардақтауға , қадірлеуге , әдепті болуға тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, суретпен жұмыс, ойландыру, түсіндіру.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ .Мақсат қою кезеңі: сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

IV. Жаңа сабақ

Азық түлік сатып аламыз

Әдетте, біз қажетті азық-түлік тағамдарын қаладағы көтерме дүкендер мен гипермаркеттерден сатып аламыз. Көтерме дүкендерде азық-түліктер мен заттар арзан болады. Осылайша менің ата-анам отбасы бюджетін үнемдейді. Қалада «Арзан», «Дастарқан», «Магнум», «Метро» және тағы басқа гипермаркеттер бар. Дүкенге ата-анам жұмыстан шыққан кешкі уақытта не демалыс күндері барамыз.

Біз дүкенге шығар алдында қажетті азық-түліктің тізімін жасаймыз. Дүкенде көп заттарды сатып алғың келеді. Ал тізім жасау қажетсіз шығыннан сақтандырады, отбасының бюджеті (кіріс) үнемделеді. Сонымен қатар қажетті заттарды сатып алуға мүмкіндік тудырады және жарнамадағы тағамдарды сатып алудан сақтандырады. Әрине, азық-түлікті үйдің жанындағы дүкендерден, шағынмаркеттерден алуға болады. Бірақ онда бағалар қымбаттық. Үйдің жанындағы дүкеннен күнделікті нан, сүт сатып аламыз.

Ақшаны үнемдеу мен үшін қажет заттан бас тарту емес. Керісінше өзіңе қажет затты сатып алуға біртабан жақындау, өзіңнің арманыңа жол ашу дегенді білдіреді.

Ереже.

Жалғау—сез бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік (к.). Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.

Көптік жалғау — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде кене заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі  формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айнапған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к,  формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ

Соңғы дыбыс

Дауысты

Дауыссыз

Жуан
буын


Жіңішке
буын


Жуан
буын


Жіңішке
буын


1. I жақ





-ым

-ім

2. II жақ





-ың

-ің

3. II жақ

-ңыз

-ңіз

-ыңыз

-іңіз

3. III жақ

-сы

-сі





Септік жалғаулары (орыс. Падежные окончания) арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.

Бұл қосымшалар сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұр. Осындай қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Сөздердің жалғауларды қабылдап өзгерту жүйесін сөздердің септелуі деп немесе септеу деп атайды.






Септік жал-
ғауларының
аты


Сұраулары

Жай септіктің
сұраулары


Тәуелдік септік сұраулары

1

Атау

кім? не?

кімім? кімің? кіміңіз? кімі?
нем? нең? неңіз? несі?

2

Ілік

кімнің? ненің?

кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің? кімінің?
немнің? неңнің? неңіздің? несінің?

3

Барыс

кімге? неге?
қайда?

кіміме? кіміңе? кіміңізге? кіміне?
неме? неңе? неңізге? несіне?

4

Табыс

кімді? нені?

кімімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?

5

Жатыс

кімде? неде?
қайда?

кімімде? кіміңде? кіміңізде? кімінде?
немде? неңде? неңізде? несінде?

6

Шығыс

кімнен? неден?

кімімнен? кіміңнен? кіміңізден? кімінен?
немнен? неңнен? неңізден? несінен?

7

Көмектес

кіммен? немен?

кіміммен? кіміңмен? кіміңізбен? кімімен?
неммен? неңмен? неңізбен? несімен?

Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.



Жақ (Лицо)

Сан (Число)

Есімдік (Местоимение)

Жалғаулар (Окончания)

1 жақ (1 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Мен

мын/мiн, бын/бiн, пын/пiн

2 жақ (2 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Сен

сың/сiң

2 жақ (2 лицо ув.)

жекеше (ед.ч.)

Сіз

сыз/сiз

3 жақ (3 лицо)

жекеше (ед.ч.)

Ол

-

1 жақ (1 лицо)

көпше (мн.ч.)

Біз

мыз/мiз, быз/бiз, пыз/пiз

2 жақ (2 лицо)

көпше (мн.ч.)

Сендер

сыңдар/сiңдер

2 жақ (2 лицо ув.)

көпше (мн.ч.)

Сіздер

сыздар/сiздер

3 жақ (3 лицо)

көпше (мн.ч.)

Олар

-

Деңгейлік тапсырмалар:

Тестік тапсырма (І деңгей)
1. ілік септігінің сұрақтарын көрсет.
а) кімнің? ненің? в) кімге? неге? с) кімді? нені? д) кім? не?
2. Ілік септігінің жалғауларын белгіле.
а) - ға, ге в) - ны, ні с) - ды, ді д) ның, нің, дың, дің
3. Барыс септігінің сұрақтары
а) кім? Не? в) кімді? Нені? с) кімге? Неге? д) кімде? Неде?
4. Барыс септігіндегі сөзді белгіле
а) қалада, далада в) қалаға, далаға с) қаланы, даланы д) қала, дала
5. Табыс септігінің жалғауын белгіле
а) - ны, ты, ті в) - мен, бен, пен с) - ға, қа, ке д) - нан, нен, тан
6. Табыс септігінің сұрақтары
а) кіммен? Немен? в) кімді? Нені? с) кімнен? Неден? д) кімде? Неде?
7. Жатыс септігінің жалғауларын белгіле
а) - ға, ге в) - нан, дан с) - да, та, те д) - мен, бен, пен
8. Жатыс септігінде тұрған сөздерді белгіле
а) үстелде, жерде в) қалаға, ағама с) ер, адам д) менен, сенде
9. Шығыс септігінің сұрақтары
а) кімде? Неде? в) кіммен? Немен? с) кімнен? Неден? д) кімді? Нені?
10. Көмектес септігінің жалғаулары
а) - мен, бен, пен в) - ға, ге, қа, ке с) - нен, нан, дан, тан д) - ның, нің, дың, дің
Тестік тапсырма (ІІ деңгей)
1. Қазақ тілінде неше септік бар?
а) 5 в) 7 с) 6 д) 4
2. Кімді? Нені? Қай септіктің сұрағы?
а) атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) табыс септік
3. Балаларыма - сөзі қай септікте тұр?
а) табыс септік в) барыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік
4. Жатыс септіктің жалғаулары
а) - ны, ні в) - ға, ге с) - ды, ді д) - да, де
5. Барыс септікте тұрған сөзді белгіле
а) балалармен в) балаларына с) балаларын д) балалардың
6. мектептен - сөзі қай септікте тұр?
а) жатыс септік в) шығыс септік с) көмектес септік д) табыс септік
7. үстел.... дұрыс жалғауын қой.
а) - тың в) - нің с) - тің д) - дің
8. Асан дүкен..... барады. Тиісті септік жалғауын қой.
а) - да в)- ге с) - нда д) - ға
9. Қай септіктің жалғаулары жоқ?
а) Атау септік в) ілік септік с) барыс септік д) жатыс септік
10. « Н» қай септіктің жалғауы?
а) Атау септік в) барыс септік с) табыс септік д) жатыс септік
Тестік тапсырма (ІІІ деңгей)
1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?
а) Атау септік в) ілік септік с) жатыс септік д) көмектес септік
2. Тәуелді септелген сөзді көрсет
а) әкеде в) әкені с) әкеме д) әкеден
3. « Жақсы... үйрен, жаман... жирен» тиісті жалғауын белгіле
а) - тан, мен *в) - дан,- нан с) - ның, мен д) - дан, ды
4. Бағытты білдіретін септік
а) табыс септік *в) барыс септік с) жатыс септік д) атау септік
5. Табыс септігіндегі сөзді тап
а) келді в) балалы *с) дәптерді д) кетті
6. Септік жалғауы жалғанған зат есімді белгіле.
а) жақсыны в) жазғандарды с) келуді *д) баланы
7. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс септігіндегі сөзді тап
а) алманы в) алманың с) алмамен *д) алмамды
8. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны белгіле
а) - ға, ге, қа, ке в) - ның, нің, тың, тің с) - ны, ні, ды, ті *д) - мен, бен, пен
9. Көмектес септігінде тұрған сөзді көрсет
а) аулға бару в) ананы тыңдау с) есіктің тұтқасы *д) мұғаліммен сөйлесу
10. - ға, ге, қа, ке, а, е – қай септіктің жалғаулары?
*а) барыс септік в) табыс септік с) жатыс септік д) шығыс септік

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Есенберлин «Каһар романы».

Сабақтың мақсаты:

А/ Білімділік: І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру.

Б/ Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.



Ә/Тәрбиелік: тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне,халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: слайд, кестелер,

Сабақтың әдіс –тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап,венн диаграммасы

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

А/ Ұйымдастыру.

Ә/Оқушылардың назарын сабаққа аударып, оқу-құралдарын түгендеу.

Б/ Үй тапсырмасын сұрау


1. Өмір жолына шолу жасау

1915 жылы

Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған.

1940 жылы

Тау-кен институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

1947-67 жылдары

Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы , «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі.

1967-71 жылдары

“Жазушы” баспасының директоры

1971 жылдан бастап

Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары

1983 жылы

Алматыда 68 жасында қайтыс болды.

І.Есенберлиннің қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия
Каталог: uploads -> doc -> 1151
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1151 -> Сабақ тақырыбы: «Математикалық индукция әдісіне есептер шығару»
1151 -> Сабақтың тақырыбы : «Менің сүйікті тағамым- палау»
1151 -> Тақырыбы: «Мен және менің достарым» Мақсаты
1151 -> Сабақтың тақырыбы: сандық ақпаратты кодтау мәтіндік ақпаратты кодтау Сабақтың мақсаты
1151 -> 3 Смирнов орта мектебі баяндама оқушының тілдік құзырлығын дамытуда этнопедагогиканың маңыздылығы
1151 -> Сабақтың тақырыбы: Cанның модулі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет