Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет10/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___6_____
Сабақтың тақырыбы: Хлоропластың құрылымдық компоненттері және олардың қызметтері. Фотосинтездің пигменттері.
Мақсаты : 11.1.2.1. - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
Қысқаша конспект
Өсімдік клеткасының протопласында протоплазма мен ядродан басқа пластидтер де бар. Жасыл өсімдіктердің жапырақ клеткаларында, көп жасыл пластидтер — хлоропласт кездеседі. Пластидтер түссізде — лейкопласт, қызғылт қоңырда — фукопласт /қоңыр балдырларда/, қызғылттатародопласт /қызыл балдырларда/, қызғылт сарыда — хлоропласт болып келеді. Көп уақытқа дейін пластидтердің структурасы біркелкі / гомогенді/ болады деп келген еді.
1903 жылы К.А.Тимирязев хлоропластың құрылысы бірыңғай емес, гетерогенді гранулды екендігін эксперимент арқылы дәлелдеді. Пластидті қант ерітіндісіне салып және оған аздап су қосып отырғанда хлоропластың сыртқы жасыл қабаты ортаңғы түссіз қабатынан ажырағанын байқаған. Тимирязев хлорофилл хлоропластың ішінде емес, оның сыртқы қабатындағы гранулда бірыңғай таралған деген қорытындыға келген. Кейіннен А.А. Табенцкий /1948 ж/ Тимирязевтің бұл пікірін жете зерттеп, мақұлдады. Жоғарыда аталған пластидтер қаншама бір-бірінен өзгеше болса да, олардың барлығының да құрылысы, принципі бірдей — олар түссіз протоплазматикалық негізі стромадан және боялғыш заттардан тұрады.
Қазіргі кездегі электроскопиялық зерттеулер хлорофилдің құрылысы гранулды екендігін толық дәлелдеді. Табенцкийдің зерттеулері бойынша хлоропласт гранулалары стромаға қарағанда өте тығыз, төзімді екендігін және олардың, кейбір жағдайларда, стромада оңай бөлінетіндігін анықтады. Сонымен бірге Табенцкийдің зерттеулері хлорофилл дәнінің тұрақты статистикалық дене емес, белгілі бір заңдылыққа лайық өзгеріп отыратын динамикалық дене екендігін дәлелдеді.
Мысалы: жас жапырақтың хлоропластары бірыңғай құрылысты, майда гранулды болып келсе, жетілген жапырақта ірі гранулды болып келеді, ал сарғайып келе жатқан ескі жапырақтарда хлоропластың стромасы суланып, кейде ол протоплазмаға жайылып кетеді де, ірі гранулдар протоплазмада бос жатады. Хлоропластың химиялық құрамын алып қарайтын болсақ, оның структуралық негізі белок екендігін көреміз. Хлоропластың денесі 30-45%-ға дейін белоктан /протоплазманың 80-95 %-ы белок/, 20-40% липоидты заттардан /пртоплазманың 2-3%-ы липоид/ тұрады.
Н.М. Сисакян, М.С.Черняк пластидтерде нуклеин қышқылдарын да тапқан. Хлоропласта өсімдік жапырағындағы барлық темірдің — 80%-ы, мырыштың- 70%-ы, мыстың — 50%-ы жинақталған. Бұл жағдайлар хлоропластың структуралық физика-химиялық құрылыстары да өте күрделі екендігін көрсетеді. Хлоропласт денесінің 75%-ы су болып келеді. Академик Н.М.Сисакянның зерттеулері бойынша хлоропласта күрделі ферменттер жинағы бар. Мұнда гидролитикалық та, тотықтыру, тотықсыздандыру ферменттері де бар. Сондықтан хлоропласта тек фотосинтез жүретін орын ғана деу қате болады. Бұлардың жалпы биологиялық рөлі өте үлкен.

  • Яндекс.Директ


Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=VkVxn01L0WY#action=share осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Хлоропласттың негізгі құрылымдарын анықтап, сипаттаңдар.
2. Хлоропласттардың негізгі қызметін анықтаңдар.
3. Оқулықтағы осы параграфтың соңында берілген №1 кестені толтырыңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет