Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет6/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___3_____
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Иммобилизациялаудың ферменттердің белсенділігіне әсерін зерттеу».
Мақсаты : 11.4.1.2 – кешеннің фермент-субстрат түзілу механимін түсіндіру
Қысқаша конспект
Иммобилизденген ферменттерге жалпы сипаттама
Иммобилизденген фермент деп ерімейтін тасымалдағыштармен жасанды
байланысқан, бірақта өз каталитикалық қасиетін сақтаған ферменттер.
1916 жылдың өзінде Дж. Нельсон және Гриффин көмірде сорбирленген сахароза өз каталитикалық активтілігін сақтайтынын көрсетті, тек 1953 жылы ғана Н.Грубхобер және Д. Шлейт алғаш рет ерімейтін тасымалдағышта амилазаның, пепсиннің және карбоксипептидазаның ковалентті байланысын іске асырды. Иммобилизденген ферменттердің бірқатар артықшылықтары бар. Ең алдымен мұндай ферменттер гетерогенді катализаторлар, реакциялық ортадан оңай бөлінеді, көп қайтара қолдананыла береді және каталитикалық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, иммобилизация фермент қасиеттерін өзгертеді: тұрақтылық, орта параметрлеріне активтіліктің тәуелділігі. Иммобилизденген ферменттер өміршеңді және бос энзимдерге қарағанда тұрақты. Барлық айтылғандар, иммобилизденген фермент қолданатын технологияларға жоғары үнемділікті, ұтымдылықты және бәсекелестікті қамтамасыз етеді. Иммобилизациялық ферменттер үшін тасымалдағыштар. Ферменттерді иммобилизациялауға қолданылатын материалдар келесідей негізгі қасиеттерге ие болуы керек: ерімеуі; жоғары химиялық және биологиялық тұрақтылық; айтарлықтай гидрофильділік; ферменттер, коферменттер және субстраттар, реакция өнімдері үшін де өткізе алу қабілеті; тасымалдағыштың оңай активтелу қабілеті (реакцияға қабілетті формаға өтуі).
Шындығында жоғарыда айтылған талаптарға тасығыштардың түгелдей дерлігі жауап бермейді. Бірақта нақты жағдайда белгілі ферменттер үшін
тасығыштардың кең таңдауы бар.
Табиғатына байланысты тасығыштар органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық полимерлі тасымалдағыштар. Көптеген ферменттерді иммобилизациялау табиғаты органикалық полимерлі тасығыштарда іске асады. Органикалық полимерлі тасымалдағыштарды екі классқа бөлуге болады: табиғи және синтетикалық полимерлі тасымалдағыштар. Өз кезегінде органикалық полимерлі тасығыштардың кластарының өзі құрлымына байланысты топтарға бөлінеді. Табиғи полимерлердің арасынан бөледі, ақуызды, полисахаридті және липидті тасымалдағыштар, ал синтетикалық арасынан – полиметиленді, полиамидті және полиэфирлі
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=FpmndyFB4WM осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар

1. Зертханалық жұмысты жасау барысында қандай нәтижеге қол


жеткіздіңдер және талдаңдар

Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.



Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет