Сабақтың нөмірі: 1 Сабақтың тақырыбы: Антиген мен антидененің әрекеттесу механизмі


Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары



бет11/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,73 Kb.
#96409
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
био каз-11 ОГН

Биология пәні бойынша 11 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
IV тоқсан
Сабақтың нөмірі: ___7_____
Сабақтың тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Әртүрлі өсімдік жасушаларында фотосинтездеуші пигменттердің болуын зерттеу»
Мақсаты : 11.1.2.1. - хлоропласттың құрылымы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
Қысқаша конспект

Күн спектірінің көрінетін бөлігінде жарық сәулелерін талдап сіңіретін
заттар – пигменттер деп аталады. Барлық органикалық пигменттер
молекулаларының атомдары арасында бір және қос байланыс кезектесіп келіп отыратын жүйелері болады. Мұндай байланыс жүйесіконьюгацияланған жүйе деп аталады. 1906 жылы М.С.Цвет өсімдіктердің көпшілігінде хлорофиллдің а және в деген екі түрі болатынын көрсетті, ал қазіргі кезде хлорофиллдің 10- ға
жуық түрі белгілі, а хлорофилі фотосинтез процесін жүргізуші барлық
өсімдіктерде болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жасыл балдырларда а
хлорофилімен қатар в хлорофилі де болады. Қоңыр және диатомды балдырларда – с хлорофилі, қызыл балдырларда – d хлорофилі болады. Спирт тобының қалдықтары хлорофиллин қышқылының карбоксил тобындағы сутегінің орнын басады. Эфир ретінде хлорофилл сабындалу реакциясына қабілетті келеді. Қышқылдың әсер етуімен хлорофилл молекуласындағы магний өзінің орнын сутегінің екі атомына беріп, феофитин түзеді. Жарық сәулесінің энергиясын сіңіру және оны басқа қосылыстарға беру немесе флуоресценция кванттары түрінде қайтадан шағылыстыру қабілеті хлорофиллдің аса маңызды қасиеттері. Бұл қасиеттер тұтасымен алғанда атомдардың ерекшеліктеріне және молекуласының құрылымын неміс биохимиктері Вильштеттер мен Штоль анықтаған. Хлорофилл молекуласының орталық бөлігі төрт пиррол тобынан түзілген. Бұл топтар порфирин сақинасын түзеді. Порфирин сақинасының ортасына магний атомы орналасады. Пиррол тобы рим цифрларымен (І, ІІ, ІІІ, ІV) нөмірленеді. Неміс биохимигі Штрель мен американ биохимигі Вудворд 1960 жылы а хлорофилін қолдан синтездеу әдісін жүзеге асырады. 2-суретте а хлорофилі молекуласының құрылысы көрсетілген. Бұл хлорофиллден в хлорофилінің айырмашылығы мынада: в хлорофиліндегі көміртегінің үшінші атомына СН3 тобының орнына – СОН тобы қосылған. Порфирин сақинасында тұйық цикл түзетін коньюгация байланыс жүйесі болуының маңызы зор. мұндай жүйеде π-электрондар еркін айналым жасайды.
Коньюгация байланыстарының тұйық циклінің болуы нәтижесінде хлорофилл сіңірген жарық толығымен бере алады. Осының арқасында хлорофиллдің көптеген жекелеген молекулалары сіңірген кванттар энергиясы бір орталыққа жиналады. Бұл екі хлорофиллдің максимум сіңіру спектрлерінің өзара сәйкес келмеуі сіңіру сәулелерінің барынша кең диапазонын қамтуға мүмкіндік береді. а хлорофилінің ерітіндісі көк-жасыл түсті, ал в хлорофилінің ерітіндісі жасыл-сары түсті болады. Егер екі ерітіндіні де оған түскен жарық жағынан қарайтын болсақ, онда ашық-жасыл түсті жарқылды көреміз, бұл – флуоресценциялық сәуле шығару.
Оқушыларға арналған тапсырмалар
1. сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=sUlJEC9b9vc осы видеоны көре отырып қандай ой түйдіңіз,ойыңызды қысқа хабарлама түрінде жазыңыз.
Тақырып бойынша сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер ,талдаңдар.
1. Әртүрлі өсімдік түріндегі пигмент хлорофилдер мен каротиноидтер
құрамын салыстырыңдар.
2. Жұмыс барысымен танысып пигменттерді бөліп алудың қандай әдістері
бар екенін анықтаңдар.
3. Жұмыс нәтижесіндегі көрген суретті салыңдар.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.

Ескерту: Сабақтың ұзақтығы – 10-15 минуттан аспауы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет