§ 4. Географиялық аудандастыру әдістері
Мақсаты: Оқушыларды географиялық аудандық әдістерімен таныстыру, мәнін түсіндіру, зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық аудандастыру әдістерін қолдануды үйрету.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар:аудандастыру,аудандастыру құрылымы
Сөздердің мағынасын түсіну: экономикалық аудан
Аудандастыру – табиғи,әлеуметтік және экономикалық жүйелерді үйлестірудің аса маңызды әдістерінің бірі. 21-беттегі 9-сызбанұсқамен мұқият танысу.
Аудандастырудың кезеңдері. 10-сызбанұсқа
1.Геожүйелерді таңдау
2.Аудандастыру үшін маңызды белгілерді анықтау
3.Белгілері бойынша жіктеу,сипаттау
4.Ареалдар негізінде шекараларды анықтау
Оқулық беттеріне, Интернет-ресурстарға сілтеме: bilimland.kz, «Мектеп» баспасы, 21 - 23 беттер
Оқушыларға арналған тапсырмалар:
1. Тапсырма.Аудандастырудың басты принциптерін ұстана отырып экономикалық аудандарды салыстыру.
2. Тапсырма.Тақырыпта,бөлімде оқылып жатқан географ ғалымдар туралы мәліметтер жинау.
Кері байланыс: орындалған тапсырманы оқушы электронды пошта немесе WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы жібереді.
Құрастырушы:Космуратов Кайсар Нурманбекулы - Алматы қаласы Алатау ауданы № 182 жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі.
Алматы қаласының Білім Басқармасының «ҚББЖТҒӘО» қолдауымен
География пәні бойынша 11 - сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: №5-6
Сабақтың тақырыбы: ІІ бөлім.Картография және геоинформатика
Картография
Заманауи картографиялық әдістер
Достарыңызбен бөлісу: |