§ 7-8. Қашықтықтан зерделеу әдістері
Мақсаты: Оқушыларды қашықтықтан зерделеу әдістерінің ерекшеліктерімен таныстыру, мәнін түсіндіру, қашықтықтан зерделеу жүргізуде қолданылатын құрал-жабдықтармен танысу.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар: қашықтықтан пассивті зерделеу,активті зерделеу,сәулелену диапазоны,жер серіктерінің техникалық мүмкіндіктері,мониторинг
Сөздердің мағынасын түсіну:гиперспектр,спектр,техноген
Қашықтықтан зерделеу деп Жердің және басқа аспан денелерінің беткі бөлігі мен ішкі қойнауындағы болып жатқан өзгерістер туралы арнаулы аспаптар көмегімен қашықтықтан ақпарат алу үдерісін айтады. Қашықтықтан зерделеу түсірілімдері егер күн сәулесі немесе нысанның өзінің сәулеленуі көмегімен жүргізілсе,пассивті,ал арнаулы сәуле түсіру,мәселен,радиотолқындар көмегімен жүргізілсе,активті деп аталады.
Ең алғашқы қашықтықтан зерделеудің барлық диапазондағы электромагниттік сандық спектрлік бейнелері 1972 жылы ұшырылған америкалық LANDSAT Жер серігі көмегімен алынған болатын. (7-сурет)
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Әуе-ғарыштық комитет тарапынан Қазақстан жеріндегі қашықтықтан зерделеу жұмыстары 2014 жылдан бері тұрақты жүргізіліп келеді.(6-сурет)
Қашықтықтан зерделеу жұмыстарын зерделеу арқылы болашақта шаруашылық салаларын жүргізуде мынадай бақылауды күшейту мақсаттары қойылып отыр.35-бет
Достарыңызбен бөлісу: |