§ 9-10. Геоақпараттық әдістер мен ГАЖ-технологияларының ерекшеліктері
Мақсаты:Оқушылар геоақпараттық әдістер мен ГАЖ-технологияларының ерекшеліктерін түсінеді.
Қысқаша конспект
Жетекші ұғымдар: ГАЖ-технологиялары, ГАЖ бағдарламалар
Сөздердің мағынасын түсіну:ГАЖ,буферлік зона
Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте ГАЖ-технологияларын қолдану күнделікті қажеттілікке айналып отыр.Ғылым мен бизнес,білім беру мен басқару жүйелері,экологиялық және көліктік бақылау,мұнай-газ индустриясы,жерді пайдалану және кадастр,тұрмыстық қызмет көрсету,төтенше жағдайлар,әскер мен тәртіп сақтау ұйымдары,басқа да шаруашылықтың түрлі салалары осы бағдарламаны кеңінен пайдаланады.
Картографиядағы қолданылатын компьютерлік бағдарламалар 8-кестеде берілген. ГАЖ-технологияларының тұжырымдамасы көпқабатты электронды карталар жасауға негізделеді. Оның тірек қабаты алынған аумақтың географиялық жағдайын сипаттайды,ал қалған әр бір қабат сол аумақтың белгілі бір ерекшелігін айқындауға бағытталады.
ГАЖ-технологияларының басты қызметіне:мәліметтерді еңгізу және жаңарту, мәліметтерді сақтау және өзгерту, мәліметтерді талдау, мәліметтер мен нәтижелерді қорытындылау және оны таныстыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |