§ 14. Шаруашылық және тұтыну салаларында табиғатты пайдалану үдерістерін басқару Мақсаты: Оқушылар шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты пайдалануды реттеу механизмін талдауды және жерді пайдаланудың заңнамалық тәртіппен бекітілген нормаларға сәйкестігін анықтауды үйренеді.
Жетекші ұғымдар:табиғатты пайдалану кезеңдері,экологиялық қауіпсіздік,жер заңнамасы
Сөздердің мағынасын түсіну:ҚР Жер кодексі
Табиғатты тиімді пайдалану табиғат ресурстарын өндіру және өңдеумен қатар,оларды жаңғырту немесе қалпына келтіруді,табиғи жүйелердің экологиялық тепе-теңдігін сақтауды және ұтымды өзгертуді көздейді.Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі талаптары табиғатты тиімді пайдаланудың маңызды ұстанымы болып табылады.
Жерді пайдаланудың негізгі қағидаттары 15-сызбанұсқада берілген. Жер кодексі жалпы табиғатты пайдалану құқығын реттеп,заңнамалық тұрғыдан белгілі бір шектеулер енгізе отырып,мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандырады.