Сабақтың нөмірі: ­­­­­­­­­­­­­2 Сабақтың тақырыбы : Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу



Дата06.02.2022
өлшемі68,07 Kb.
#79774
түріСабақ
Байланысты:
№ 2 сабақ Физика -10 ЖМБ,қаз


Физика пәні бойынша 10 сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың нөмірі: ­­­­­­­­­­­­­2
Сабақтың тақырыбы : Физикалық шамалардың қателіктері. Өлшеулер нәтижесін өңдеу

Мақсаты: жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу; тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау;


Қысқаша тезисті конспект: Физикалық тәжірибенің мақсаты-өлшеудің көмегімен қандай да бір физикалық шаманы анықтау.Алынған нәтижелердің қателігін бағалау- тәжірибенің ажырамас бөлігі.Физикалық өлшеулер тікелей және жанама болып екі түрге бөлінеді.Тікелей өлшеуге денелердің сызықтық өлшемдерін сызғышпен, штангенциркульмен,микрометрмен,уақытты секундомермен,электрлік шамаларды (ток,кернеу) электрөлшеуіш құралдармен өлшеуге болады.Өлшеу кезінде жүйелік және өрескел қателер кетуі мүмкін.
Жүйелік қателер көп факторлардың әсерінен пайда болады, мысалы,электрлік және магнит өрісінің құралға әсерінен, құралдың немесе оның бағытты көрсететін құрал тілінің дұрыс орналаспауынан және т.с.с.Өрескел қателіктер әсерінен өлшеулер кезіндегі тәжірибе нәтижелері өлшеніп отырған шаманың артық мәнінен едәуір ерекшеленеді.
Өлшеулерді қателіксіз жүргізу мүмкін емес.Тәжірибе жүргізуші берілген шаман өлшеп қана қоймай,алынған нәтиженің қателігін ба,алауы қажет.Өлшенетін шаманың x мәні келесі түрде жазылады: , мұндағы – абсолют қателік.
Тікелей өлшеулердегі қателердің бағалануы.Өлшеулердің нақтылығын арттыру үшін xанықтау мүмкін болса, қажетті түзетулер енгізіледі.Егер өлшеуіш құрал арқылы алынған қателік кездейсоқ қателіктерден біршама үлкен болса, өлщеу бір-ақ рет орындалады.Онда өлшеудің аболют қателігі құралдың қателігіне тең болады.Кездейсоқ қатені бағалау әдісін қарастырайық: шамасы n рет тікелей өлшенсін. – жекелей өлшеулер нәтижелері, кездейсоқ қателіктердің бар болуы салдарынан жалпы жағдайда әртүрлі мәнге ие болады. Ықтималдылық теориясынан өлшенген шаманың нақты мәні өлшеулер кезінде алынған шаманың орта мәніне тең болады, яғни = .Өлшенген мәндерінің ауытқуы өлшемдердің абсолют қателігі деп аталады: =| , мұндағы i = 1,2,...,n
Қателіктер.Белгілеулер енгізейік: А,В,С,.... қандай да бір физикалық шамалар болсын. Онда - физикалық шаманың жуық мәні, яғни тікелей немесе жанама жолмен алынған мәні; кез келген физикалық шаманы өлшедің абсолют қателігі; А- А физикалық шаманың абсолют қателігі; ал - салыстырмалы қателік: ·100 . Тікелей өлшеудің максимал абсолют қателігі басқа қателіктер болмаған кезде абсолют құралдың қателігі мен есептеудің абсолют қателігінің қосындысына тең: А= ₊ , мұндағы = -аспаптың құрылымының кемшілігінің әсерінен кеткен қателік, абсолют құралдың қателігі, есептеудің абсолют қателігі.
Салыстырмалы қателік. Екі физикалық шамалардың өлшеу нәтижелері А= 2,5 0,05, В=0,025 0,001 болсын.Өлшеу дәлдігін = салыстырмалы қателік береді.

  1. Оқулық беттеріне, интернет-ресурстарға сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=XyRBnzKEkE8&feature=emb_logo



  1. Оқушыларға арналған тапсырмалар (2-4 тапсырмадан артық емес) Оқулық-10, №7,8,9 беттер

  2. Кері байланыс (орындалған тапсырманы оқушы электронды почта немесе WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы жібереді)



  1. Сабақтың ұзақтығы 10-15 минут


Әзірлеуші: Слямгалиева Гульнар Набиевна, №178 лицейі, физика пәні мұғалімі, Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет