Жұқа линзаның формуласы. Жұқа линзаның формуласын қорытып шығарайық.S – жарық шығарып тұрған нүкте. S1 – нүктенің кескіні, SA - түскен сәуле, AS1 - линза арқылы өткен сәуле, F - линзаның бас фокусы, BF - линзаның фокальдік жазықтығы, О - линзаның оптикалық центрі, ОВ - линзаның қосымша осі,В нүктесі- линзаның қосымша фокусы.Нәрседен линзаның оптикалық центріне дейінгі SO қашықтықты d әріпімен, линзаның оптикалық центрінен кескініне дейінгі OS1 қашықтықты f әрпімен, линзаның фокустық арақашықтығы OF -ты F әрпімен белгілейді.
Бұл формула жұқа линзаның формуласы деп аталады.
Линзаның оптикалық күші. Линзаның сәулені қалай сындыратынын анықтау үшін линзаның оптикалық күші деп аталатын физикалық шама енгізіледі. Оны D әрпімен белгілейді.линзаның оптикалық күші деп бас фокус арақашықтығына кері шаманы айтады:линзаның оптикалық күшінің физикалық мағынасы жарық сәулелерінің линзадан өткендегі сыну дәрежесін сипаттаудан тұрады: немесе Линзаның оптикалық күші диоптриямен өлшенеді: 1дптр= 1 м-1.
Линзаларда кескіндерді тұрғызу.
Линзалардағы кескіндердітұрғызу үшін негізгі үш сәулені пайдаланады.
1. Бас оптикалық оське параллель сәулелер линзадан сынғаннан кейін оның фокусы арқылы өтеді.
2.Линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін сәуле сынбайды.
3. Линзаның бас фокусы арқылы өтетін сәуле линзадан сынғаннан кейін бас оптикалық оське параллель өтеді.
Линзалардың ұлғайтуы. Линза нәрсенің үлкейген немесе кішірейген кескінін береді.Линзаның сызықтық ұлғайтуы деп кескінің сызықтық шамасының нәрсенің сызықтық шамасына қатынасымен анықталатын шаманы айтады :
мұндағы d –нәрседен линзаға дейінгі,ал f- линзадан кескінге дейінгі қашықтық.
Шашыратқыш линзадағы нәрсенің кескінін тұрғызсақ, ол әрқашан кішірейген және тура (төікерілмеген)жорамал кескін болады.Ал жинағыш линза заттың қай жерде орналасқанына байланысты нақты, жорамал,үлкейген кішірейген кескіндер бере алады.