Сабақты өткізген: Аюбекова К.Т. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы №3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты. Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі. 7 «Б» сыныбы Тақырыбы: «Отбасылық құндылықтар» Мақсаты: жас ұрпақты адамгершілік-рухани дамытуда отбасының тәрбие мүмкіншіліктерін пайдалану арқылы отбасы құндылықтарының рөлін насихаттауға және бекітуге мүмкіншілік ету.
Міндеттері:балаларда өз отбасыларын мақтан тұту сезімін қалыптастыру;
ұсынылған тақырып бойынша өз ойын білдіре алуға бағыттау; тілдесу барысында сөйлеу мәдениетінің нормаларын білуге және қолдануға үйрету;
отбасылық құндылықтарды бағалай білуге жетелеу;
әлеуметтік серіктестікте жұмыс істеу қабілетін дамыту.
1.Мұғалім сөзі: Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.