Негізгі қосымша бетіндегі Абзац тобынан Интервалды таңдау.
Жоларалық интервалдан қажетті санды шерту.
Пішімдеу сызғышын экранда бейнелеу үшін Түр – Көрсету немесе – жасыру – Сызғаш бұйрығын орындау қажет.
Сабақтың тақырыбы:
Нөмірленген және маркерленген
тізімдер
Реттелген ақпаратты тізім түрінде ұсыну өте ыңғайлы. Нұсқауларды, пәндердің
Тізбесін немесе нысандарды нөмірленген және маркерленген тізімдер түрінде ұсынады.
Нөмірленген тізім – бұл нөмірленген абзацтар қатары.
Маркерленген тізім – әрбір пункті бірдей маркерлермен белгіленген абзацтар.
Маркерленген тізімді құру үшін келесі әрекеттер орындалады:
Негізгі (Главная) қосымша бетіндегі Абзац тобынан Маркерлер командасын таңда.
Маркерленген тізім үлгісінде ұсынылған жеті маркердің ішінен бірін таңда.
Жаңа маркерді анықтау (Определение нового маркера) терезесінен Жаңа маркерді
анықтау... (Определить новый маркер...) пункті арқылы маркерді өзгерте аламыз.
4. Маркердің (шегініс) және мәтіннің орналасуын (мәтін шегініс) сызғыштағы маркермен
туралауға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:
Негізгі қосымша бетіндегі Абзац тобынан Нөмірлеу командасын таңда.
Ашылған тізімнен ұсынылған жеті нөмірлеудің бірін таңда.
Нөмірдің жаңа пішімін анықтау ... (Определить новый формат номера…) пункті арқылы. Нөмірдің жаңа пішімін анықтау терезесінен нөмірлерді өзгертуге болады:
Нөмірленген тізімнен нөмірлеу түрін таңда;
Пішімдегі нөмір символды көрсетеді, осылайша келесі нөмірмен жалғаса береді;
Нөмірдің түрі Үлгі аймағында көрініп тұрады.
4. Нөмірдің (Шегініс) және мәтіннің орналасуын (мәтін шегінісі) сызғыштағы маркерлермен туралауға болады.
5. Бастапқы мәнді беру (Задание начального значения) терезесі арқылы тізімдегі жаңа нөмір бапталды.