Сабақ Абзацтар, шегіністер және интервалдар



Дата08.09.2017
өлшемі98,18 Kb.
#30822
Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі

Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебі

Ашық сабақ


Абзацтар, шегіністер және интервалдар 


Сыныбы: 6 сынып


Пән мұғалімі: Меллатұлы М


2016-2017 оқу жылы

Күні:12.11.2016ж



Пәні: Информатика

Пән мұғалімі: Меллатұлы М

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)

Сабақтың мақсаты: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс-әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету.

Білімділік: Оқушыларға алгоритм типтері, яғни сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер туралы түсініктеме беру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру, алгоритм жайлы білімдерін толықтыру

Сабақтың түрі: аралас сабақ (топтық жұмыс, жеке жұмыс, практикалық тапсырма орындау, сұрақ-жауап)

Сабақтың әдісі: интерактивті тақта көмегімен түсіндіру

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, ұялы телефон,

Күтілетін нәтиже: Оқушылар алгоритм типтерін үйреніп,оларды ажырата біледі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Оқушыларды жасырылған сөздер арқылы 3 топқа(сызықтық алгоритм, тармақталған алгоритм, циклдік алгоритм) бөлу,топ басшыларын сайлау, назарын сабаққа аудару.

3. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру үшін "Ұшақ ұшыру" тренингін жасау. А4 қағазынан ұшақ жасатып, оның екі қанатына екі тілек жазып, карсы топқа ұшырады және тілектерін оқиды.

II. Үй тапсырмасын тексеру (Smart құрылғыларды пайдаланып, Kahoot ойыны арқылы тест сұрақтарын қою)
III. Жаңа сабақты түсіндіру: (Слайд)
Алгоритм блоктардың өзара байланысуына қарай үш құрылымға – сызықтық тармақталу және циклдік түрлерге бөлінеді.


Алгоритм типтері




Сызықты немесе тізбекті алгоритм

Тармақталу алгоритмдері

Циклдік алгоритмдер


Толық емес түрі



Толық түрі алгоритмдері

Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.

Сызықтық алгоритм командалары осында көрсетілген рет бойынша орындалатын тізбектеле орналасқан командалардан (блоктардан) тұрады.

Мысалы, «Үй салу алгоритмі».

1. Қолыңа қара, сары, қызыл, көк, жасыл түсті қарындаштар ал;

2. Үйдің суретін сал;

3. Шатырын қызыл түске боя;

4. Қабырғасын сары түске боя;

5.Терезесін көк түске боя;

6. Есігін жасыл түске боя.



2. Тармақталу алгоритмдері. Тармақталу алгоритмінде көбінесе арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер орындалса, онда алгоритм бір тармақпен жүзеге асырылады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдер шартты тексеру немесе тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе түйінді сөздері пайдаланылады.

Егер көшеде жаңбыр жауып тұрса, онда етік киеміз, әйтпесе туфли киеміз.


иә

жоқ




Етік киеміз

Туфли киеміз





3. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдар екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.
1.Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Келесі жұмыстарды атқаратын орындаушылардың атаулары қандай?

    • Көшені тазалау

    • Жолаушыларды тасымалдау

    • Жалақы беру

    • Емтихан қабылдау

    • Емтихан тапсыру

    • Оқушыларға сабақ беру

2. Апана жұмыртқа қуыруға көмектес, орындау реттілігін көрсет.



1. Газды жақ

  1. Газға табаны қой

  2. Табаға май құй

  3. Жұмыртқаны жар

  4. Жұмыртқаның қабықтарын таста

  5. Жұмыртқаға тұз сеп

  6. Жұмыртқаны 5 минут қуыр.

  7. Газды өшір.



    1. Газға табаны қой

    2. Жұмыртқаны жар

    3. Газды өшір

    4. Жұмырқаға тұз сеп

    5. Жұмыртқаны 5 мин қуыр

    6. Газды жақ

    7. Жұмыртқаның қабықтарын таста

    8. Табаға май құй



ІІ деңгей тапсырмалары

1.Егер күн жауын болса, онда үйде отырамын, әйтпесе, киноға барамын алгоритмінің блок-сызбасын құр.



2. Дорбадағы асықтардың ішінен қызыл асықты табу алгоритмінің блок-сызбасын құрыңдар

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. “Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады.” Алгоритмнің қай түріне жатады?



2. Сергіту сәті. (логикалық сұрақтарға жауап беру) 
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? 
(4) 
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? 
(3 стакан) 
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? 
(15км/сағ) 
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? 
(жоғары) 
5. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? 
(шырпы) 
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? 
(8) 

IV. Сабақты бекіту.

3 топ оқушылары топтарының аты бойынша алгоритмнің үш түріне постер қорғайды(онда алгоритм түрлерінің ережесі және мысал келтірілген болу керек)
V. Сабақты қорытындылау

«Сенемін, сенбеймін» стратегиясы арқылы сабақты қорытындылау.Оқушыларға бір-бір кестеден таратып береді. Кестедегі тұжырымға сенетін болса, яғни тұжырым дұрыс болса «+» таңбасын, тұжырым қате болса «-» таңбасын қоюды ескертеді.




Тұжырымдар

«+» -сенемін,

«-» сенбеймін



Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы.






Алгоритмнің 3 түрі бар






Кез келген алгоритм «басы» деген бұйрықпен бітеді.






Алгоритмнің тізбектеле орныдалуын циклдік алгоритм деп атайды.






Блок-сызбада әр іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.






Алгоритм дыбыстық формада беріледі.






Блок-сызбада шарт ромб тәріздес фигурада беріледі





VI. Үйге тапсырма: §10-11.Алгоритм типтері. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
VII. Оқушыларды бағалау: Топ басшылары өзінің тобының мүшелерін бағалайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет