Өңештің зақымдануы және хирургиялық аурулары .
Өңештегі бөгде заттар- көбінде жас балалардың тиынды, ойыншықты, түймені жұтып қоюынан болады.
Белгісі:
ішкен асын лоқсып қайта шығаруы
өңештің тарылуын сезуі
өңештегі ауырсынуы
жөтелуі,құсуы
Диагноз қою үшін: сыртартпасын жинау (анамнез) , объективті көру, рентгенография жасау, эзофагоскопия жүргізу арқылы
Алғашқы көмек пен емі: сабырлық сақтау, спазмолитиктерді енгізу, ауыз қуысыы мен көмейін қарау, тасымалдау, бөгде затты эндоскопен қарау.
Өңештің зақымдалуы- үшкір заттарды жұтқанда, әр түрлі жарақаттан өңештің зақымдануынан болуы мүмкін.
-тағам жегенде іш жағынан зақымдануы
-сыртқа зақымдануы
Диагноз қоюы қиын, ол үшін: контрасты рентгенография жасау керек.
Белгісі:
өңештегі ауырсынуы
жұтынудың қиындалуы
жөтелуі, құсуы
Алғашқы көмек пен емі: сабырлықты сақтау, ауырсынуды басу, ауыз қуысы мен көмейін қарау, тасымалдау, хирургиялық ем.
Негізгі асқынуы- көкірек аралығының қабынуы (медиастенит.)
Достарыңызбен бөлісу: |