Сабақтың тақырыбы: § 9-10Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері Сабақтың мақсаты



Дата05.06.2017
өлшемі192,94 Kb.
#17803
түріСабақ
Күні:09.10.2014 ж

Сынып: 8 «а»

Пән аты:Биология

Пән мұғалім:БукееваА.А

Сабақтың тақырыбы: § 9-10Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері

Сабақтың мақсаты:

1. Қалқанша маңы бездері, тимус, және бүйрек үсті бездері қызметімен таныстыру.

2. Олардың ауытқушылығынан туындайтын аурулар және оларды болдырмау туралы түсінік беру.

3. Аурулардың алдын алу шаралары туралы мағлұмат беру арқылы өз денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салты негіздеріне, алған білімі мен дағдыларын өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.


Қолданылытын жабдықтар:

Таблица «Гормондар», «Асқорыту жүйесінің құрылысы», «Ішкі секреция жүйесі», «Иммундық жүйе», Слайд топтамасы, диапроектор, видеопроектор, «Зәр шығару жүйесі» моделі, үлестірме материалдар.



Сабақ түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап т.б

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру:Фронтальды сұрақтар.

ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:

1 - Экспресс тест

1.Гормон дегеніміз не?

а)Сыртқы, ішкі секреция бездерінен бөлінетін биологиялық актив зат

в) ағзаға тамақ арқылы түсетін биологиялық актив зат

с) химиялық реакцияны тездететін биологиялық актив зат

д) ішек бөліп шығаратын биологиялық актив зат

е) жасуша структурасы


2.Гормонын қанға бөліп шығаратын арнайы өзегі жоқ бездер қалай аталады?

а) сыртқы секреция

в) аралас секреция

с) ішкі секреция

д) сілекей безі

е) тер безі


3. Сыртқы секреция бездеріне қайсысы жатады?

а) Гипофиз

в) Тер безі

с) Қалқанша безі

д) Қалқанша маңы бездері

е) Тимус


4. Ішкі секреция бездеріне қайсысы жатады?

а. Сілекей безі

в) Қарын безі

с) Гипофиз

д) Ішек бездері

е) Бауыр
5.Тироксин гормонының құрамына кіреді.

а) көмірсу

в) азот


с) нәруыз

д) йод


е) май
ІV. Жаңа сабақ мақсаты

1. Организм қызметіне қалқанша маңы бездері гормондарының әсері.

2. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы.

3. Бүйрек үсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы.

4. Организм қызметіне адреналин гормонының әсері.

V.Жаңа сабақ түсіндіру.

Қалқаншамаңы бездері( 0,1- 0,13г), мөлшері кішкентай, екі жұп без.



Гормондарының қызметі:

1. Қандағы фосфор және кальций тұздарының мөлшерін реттейді.

2. Ішекте кальцийдің сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сіңуін қамтамасыз етеді.

Қалқаншамаңы бездерінің гормондары жетіспегенде:


  1. Сүйектер бұзылады

  2. Тіс бұзылады

  3. Тісте бор тәрізді дақтар пайда болады

  4. Қанда кальций мөлшері кемиді

  5. Сүйектер сынғыш және нәзік болады

  6. Жүйке жүйесінің қозғыштығы артады, тырыспа(судороги) байқалады


Қалқаншамаңы бездерінің гормондары артқанда:

  1. Сүйек майысқыш болады, қисаяды.

  2. Кальций қанда, бүйректе, бауырда, мида жинақталады,

яғни зат алмасу бұзылады.
Тимус(айырша без) жасөспірім безі деп аталады, тимозин гормонын бөледі.
Тимозин гормонының қызметі:

  1. Өсу процестеріне қатысады.

  2. Организмнің қорғаныштық реакциясын, иммунитетті қамтамасыз етеді.

Тимуста лимфоциттер - иммунитет реакциясына және басқа лейкоциттер қызметін реттеуге жауапты қан жасушалары жетіледі.



Бүйрек үсті бездерінің құрылысы күрделі:


  1. Сыртқы қабаты – қыртысты.

  2. Ішкі қабаты – ми қабаты.

Бүйрек үсті бездерінің қыртысында бөлінеді:

  1. Нәруыздар мен көмірсулар энергия бөле ыдырауын күшейтетін гормон

  2. Нәруыздың көмірсуға, көмірсудың майға айналуына әсер ететін гормон

  3. Тұз – су алмасуын реттейді

  4. Қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий, хлор алмасуын реттейді.

  5. Жыныс мүшелерінің дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.


Бүйрек үсті бездерінің милы затында бөлінеді:

  1. Адреналин гормоны


Адреналин:

  1. Артериялық қысымды арттырады.

  2. Жүректің соғуын жиілетеді.


VІ Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

1. Организм қызметіне қалқанша маңы бездерінің гормондары қалай әсер етеді?

2. Бүйрек үсті бездерінің құрылысы қандай?

3. Бүйрек үсті бездері гормондарының организм қызметін реттеудегі маңызы қандай?

4. Организм қызметіне адреналин гормоны қалай әсер етеді?

VІІ.Жаңа сабақты бекіту:

Кестені толтырыңдар:



Ішкі секреция безі

Бөлетін гормон

Гормон әрекеті

Қалқанша маңы безі





Гормон жетіспесе

Гормон артқанда



Тимус





Бүйрек үсті безінің қыртысында








Бүйрек үсті безінің милы затында






2 - Сәйкестік тесті:


Бездердің белсенділігінің өзгеруі мен соған сәйкес организмдегі бұзылулар арасындағы байланысты көрсетіңдер.


1.Қалқанша без-

2.Бүйрек үсті безі-

3.Гипофиз-



а) тістің бұзылуы

ә) ергежейлілік;

б) микседема;

в) акромегалия;

г) базедов ауруы;

д) алыптылық;

е) сүйектің сынғыштығы

ж) кретинизм.




VІ. Қорытындылау: №3 - Қорытындылау тесті
1.Тимус( айырша) безінің гормоны қайсысы?

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е) иодомарин



2.Бүйрек үсті безінің милы затында бөлінетін гормон:

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е) иодомарин



3. Қалқанша маңы безі гормоны жетіспегенде:

а) Сүйектегі кальций мөлшері төмендейді

в) Сүйек майысады

с) Тістің өсуі бұзылады, оларда бор тәрізді дақ пайда болады

д) Кальций бауырда жиналады

е) Кальций қанда жиналады



4. Бүйрек үсті безінің қыртысында

а) Тироксин

в) Тимозин

с) Адреналин

д) Инсулин

е)Нәруыздар мен көмірсулардың энергия бөле ыдырауын күшейтетін гормон бөлінеді



5. Қалқанша маңы безі гормоны артқанда:

а) Қанда кальций мөлшері төмендейді

в) Кальций қанда, бүйректе, бауырда, мида жиналады.

с) Тістің өсуі бұзылады

д)Тісте бор тәрізді дақ пайда болады

е) Сүйектер сынғыш және нәзік болады



6. №4 - Графикалық тест ( Гормондар таблицасы бойынша)
І. Сыртқы секреция бездері деп – сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады,

гормонын асқорыту мүшелеріне және сыртқы ортаға бөледі, олар:


1. Сілекей безі

2. Қарын безі

3. Ұйқы безі

4. Ішек бездері

5. Бауыр

6. Тер безі

7. Май безі

8. Жас безі


ІІ. Ішкі секреция бездерінің – сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды, гормондар тіке қанға бөлінеді олар:
1. Гипофиз

2. Эпифиз

3. Қалқанша безі

4. Қалқанша маңы бездері

5. Тимус

6. Бүйрек үсті безі


Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: § 9-10 оқу. .

Күні:11.10.2014 ж

Сынып: 8 «а»

Пән аты:Биология

Пән мұғалім:Букеева А.А

Сабақтың тақырыбы: § 11 Аралас бездер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға алған білімдерін пысықтап, аралас бездер жайлы түсінік қалыптастару

Дамытушылық мақсаты: ұйқы безі мен жыныс бездерінің маңызы ағзаның жұмыс қызметі үшін ерекше екендігі мысалдар арқылы айта отыра оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың құзырлығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Отан сүйгіштікке, елбасын қүрметтеуге,қоршағанорта мен табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын ұстануға, өздерінің жеке гигиеналарын

дұрыс қалыптастыруға, денсаулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу



Сабақ түрі:Дәстүрлі

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап т.б

Көрнекілік: Таблица «Бездер»,Слайд топтамасы, үлестірме материалдар.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың сабаққа қатысы, оқу құралдары, сынып бөлмесінің сабаққа дайындығы.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар келіп дене мүшелерінен бір мүшені алады, сол мүшенің артында эндокриндік жүйеге байланысты бір термин жазулы болады. Оқушылар сол терминге төмендегідей етіп сипаттама беруі тиіс.

А) қай безден шығады немесе қандай гормон бөлінеді?

В) дененің қай бөлігінде орналасқан

С) осыған байланысты қандай ауруларды білесің

Д) адам ағзасы үшін маңызы

Е) осыған байланысты қызықты

.ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту:Сөзжұмбақ шешу.

Бүгінгі тақырыпты ашу мақсатында әр топқа кроссворд беріледі. Сұрақтары төмендегідей:



  1. Организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін пән? (Анатомия)

  2. Биологиялық белсенді химиялық заттар (Гормон)

  3. Тироксин гормонын бөлетін без. (Қалқанша)

  4. Есту мүшесі (құлақ)

  5. Осы гормон бүйрек үсті безінен бөлінеді. (адреналин)

  6. Тірек – қимыл жүйесіне кіретін негізгі мүше. (сүйек)

  7. Зәр шығару жүйесінің негізгі мүшесі (бүйрек)

  8. Ол аурумен ауырған адамның бойы 60 см-ден 1 м-ге дейін болады.

  9. Ішкі секреция безінің маңызды безі (эпифиз).

  10. ...... зоб

  11. Бадырақ көз немесе ....

  12. Ол без өзінен тимозин гормонын бөледі (айырша)

ІV. Жаңа сабақ мақсаты

1. Аралас бездер жайлы таныстыру

2. Ұйқы безінің қызметі.

3. Жыныс безінің қызметі.



V.Жаңа сабақ түсіндіру.

VІ Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

1.Ұйқы безінің қызметі қандай?

2.Әйел организіміндегі аналық жыныс гармондарының рөлі қандай?

3.Ер адам организімінің қалыптасуында аталық жыныс гарсондары қандай рөл атқарады

VІІ.Жаңа сабақты бекіту

«Артығын тап» ойыны

Асқазан,тік ішек,өңеш, жыныс безі

Қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, сүт безі

Сүт безі, май безі, тері безі,гипофиз

Тироксин, паратгормон, инсулин, тері

Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: § 11 оқу. .

Күні:16.10.2014

Сынып:8 «а»

Пән:Биология

Пән мұғалімі:Букеева А.А

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің маңызы.Рефлекстік доға.

2 зертханалық жұмыс.



Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың жүйке,рецептор,рефлекстік доға маңызы жайлы білім қалыптастыра отырып, үйренген білімдерін ойындар арқылы қайталап бекіте түсу.

2) Дамытушылық: Жауапты тез таптырып, тапқырлыққа дағдыландыру. Білім бере отырып,шығармашылығын,дүниетанымын дамыту.Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

3) Тәрбиелік:Денсаулықты,гигиенаны сақтауға,табиғатты аялауға тәрбиелеу. .

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,медициналық балға, оқу құралдар, ойындар.

Сабақтыңәдіс–тәсілдері:сөздік,көрнекілік,сұрақ-жауап,практикалық,баяндау,деңгейлік тапсырмалар



Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, оқу құрал-дарын даярлау, сабаққа назарларын аудару.
2.Үй тапсырмасын қайталау. Аралас бездер. Ұйқы без. Жыныс бездері.Гуморальдық және жүйкелік реттелу.

Үй тапсырмасын сұрау түрлі ойындар ойнату арқылы сұралады.

1. «Ғажайып ондық»
Инсулин гормоны жетіспесе,адам қандай ауруға шалдығады

Аралас безерге қандай бездер жатады?

Сыртқы секреция бездеріне қандай бездер жатады?

Гуморальдық реттелуге мысал жаз?

Жыныс бездері неліктен аралас бездерге жатады ?

Жыныс бездері неліктен аралас бездерге жатады ?

“Қола ауруы” деп неліктен атаған ?

Ұйқыбездің құрылысын таныстыру?

Қалқанша маңы бездері бөлетін гормон

Алыптық ауруының болуы қай безге байланысты ?

Айырша без бөлетін гормон?
2. «Миға шабуыл »
1.Адам қарынсыз, бір өкпемен, бір бүйрекпен, жарты бауырмен өмір сүре алады.

Адам ағзасында оншақты ішкі секреция бездері бар, олардың салмағы 100 гр болады.

Егер адамның салмағы 0,5 гр гипофиз безін алып тастаса адам өледі.
Сұрақ: а) Ішкі секреция бездері өте кішкентай болғанымен ағза үшін маңызы өте зор.Неліктен?

ә) Ағзада олар қандай қызмет атқарады?


2.Ішкі секреция бездері тәулігіне өте аз мөлшерде гормондар түзеді.Тәулігіне В дәрумені 0,000003г,ал адреналин одан мың есе аз түзіледі.15гр адреналин жер шарындағы бүкіл адамға жетеді екен.
Сұрақ: а) Гормондар дегеніміз не? Аттарын атаңыз.

ә) Ағза үшін ішкі секреция бездері гормондарының маңызы қандай ?


3.Адамның өміріне, денсаулығына биологиялық белсенді заттар ферменттер, витаминдер

және гормондар әсер етеді. Мысалы: қауіп төнгенде жануарлар, жүгірер алдында спортсменнің

қанында адреналин көбейіп кетеді.

Сұрақ: Гормондардың ағзаға әсері қандай?


3. «Сәйкестендіру тесті»


Ұғымдар

Анықтамалары

1. Қалқанша без

а) массасы 0,1 - 0,13 г, мөлшері өте кішкентай , екі жұп без;

2. Қалқанша маңы безі

ә) төссүйектің алдында орналасқан, жасөспірім безі;

3. Бүйрек үсті безі

б) мойында көмекейдің алдыңғы жағында таға тәрізді өзара байланысқан екі бөліктен тұратын без;

4. Тимус

в)массасы 0,5 - 0,7 г, басқа бездердің қызметін реттеуге әсер ететін гормон бөледі;

5. Гипофиз

г) оң жақтағы – үшбұрышты, сол жақтағы - жарты ай тәрізді, адреналин гормонын түзеді;


3.Жаңа сабақ меңгерту кезеңі.

13.Жүйке жүйесінің маңызы.Рефлекстік доға.

Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі.Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды.Жүйке жасушашалары-нейронның денеден,ұзын және қысқа өсінділерінен тұрады.Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады.Ұзын өсіндісі-аксон ми мен жұлынның кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді.

Нейрондар 3 топқа бөлінеді.

1.сезгіш,

2.байланыстырғыш

3.қозғалтқыш

Жүйке жүйесіне :ми,жұлын,жүйкелер жатады.

Жүйке жүйесінің маңызы.

1.Мүшелердің жұмысын реттейді.

2.Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің үйлесімді жұмыс істеуін басқарады.

3.Ағза мен сыртқы орта байланысын қамтамасыз ету

Рефлекс.Рефлекстік доға.

Рефлекс (жауап қайтару)сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару әрекеті.

Рефлекстік доға 5 бөлімнен тұрады.

1)жүйке ұштары-рецепторлар

2)сезгіш нейрондар

3)жүйке орталығы

4)қозғалтқыш нейрондар

5)тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарса ғана рефлекс болады.Егер рефлестік доғагның бір бөлімі зақымданса рефлекс болмайды.

№2 зертханалық жұмыс

Тізе рефлексін бақылау.

Тізені жазу рефлексін мектеп дәрігерінің көмегімен зертханалық жұмыс ретінде өтуге де болады.Ол үшін бір аяқтың үстіне екінші аяқты айқастыру керек.Тізе қақпағынан сәл ғана төмендеу жердегі сіңір байламынрезеңке балғамен шамалап ұрады.Балғаның соғуынан пайда болған қозу толқыны бұлшықетке беріледі де аяқ жоғары көтеріліп ,тізе жазылады.Бұл кездегі тізені жазу рефлексі екі нейрондық (сезгіш және қозғалтқыш )байланыс арқылы жүзеге асады.

Бекіту кезеңі.

Бұл кезеңде «Сандар жырлайды» бинго ойыны ойнатылады.Қапты шайқап,керек сұрақ таңдалынады.

1.Нейрон дегеніміз не ?

2.Жуйке жүйесі қандай қызмет атқарады?

3.Нейрондар қандай топтарға бөлінеді?

4.Рефлекс ұғымына анықтама бер?

5.Аксон және дендриттер қайда болады?

6.Нейронның әр тобының қызметін талдаңдар?

7.Рецептор дегеніміз?

8.Жүйке жүйесінің ақ заты және сұр заты дегенді қалай түсінесің?

Үйге тапсырма:12.Жүйке жүйесінің құрылысы.Рефлекс.Рефлекстік доға.

2 зертханалық жұмыс.Деңгейлік сұрақтарға жауап беру.



Бағалау:белсене араласқан оқушыларды бағалау.

Күні:18.10.2014 ж

Сынып: 8 «а»



Пән аты:Биология

Пән мұғалім:Букеева А.А

Сабақтың тақырыбы: Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі

Білімділік: Жүйке жүйесінің бөлімдерін таныстыру. Жұлынның маңызы, құрылысы мен қызметі, шартсыз рефлекстің рөлі туралы оқушыларға білім беру

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын талап ететін тапсырмаларды пайдалана отырып интелектуалды қабілеттеріндамыту; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, танымдық белсенділігін, өз бетінше білім алу, саралау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: Салауатты өмір сүруге, денсаулықты күтуге, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу;

Сабақтың мақсаты: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану, оқыту үшін бағалау, ,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету талантты және дарынды балаларды оқыту, АҚТ-ны пайдалану

Құрал – жабдықтар: жүйке жасушалары мен ұлпалары, жүйке жүйесінің бөлімдерінің, жұлынның құрылысы көрсетілген көрнекі кестелер; интерактивті тақта..

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақтыңәдісі: жеке жұмыс, топпен жұмыс, диалогтік әңгімелесу, оқулықтағы суреттерді, кестелерді пайдалана отырып жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру,

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) оқушыларды топқа бөлу; ( 1,2,3,4 сандары бойынша оқушыларды 4 топқа бөлу)



Тренинг «Өзінді және басқаларды тану»

1. «Бағалайтын қолшатыр»

-Ашылған қолшатыр суретін салыңыз, әр сымына көршіңізді сипаттайтын сөзді жазыңыз.Неше сым сонша сөз болу керек.



ІІ. Үй тасырмасы.

ІІІ. Үй тасырмасын бекітуОй шақыру.

а\ Жаңа сөздерді еске түсіріп, дәптерлеріңе теріп жазыңдар. Әр сөз 1 ұпай.

б\Енді осы жазған сөздеріңізге анықтама беріңіздер.Әр жауапқа 1 ұпай

1\Нейрон – жүйке жасушасы

2\Аксон – нейронның ұзын өсіндісі

3\Дендрит – нейронның қысқа өсіндісі

4\Рецепторлар – сезімтал аксонның талшықтары

5\ Сұр заты – нейрон денелерімен қысқа өсінділерінің жиналуы ми мен жұлының сұр затын құрайды

6\Ақ зат – май қабығымен қапталған ұзын өсінділер

7\Сезімтал нейрондар – орталыққа тепкіш

8\Қимыл – қозғалыс нейрондар-орталықтан тепкіш

9\Аралық нейорндар – өткізгіш

10\Синапс – нейронның бұлшықет талшығымен түйісуі

11\Медиатор – химиялық зат

12\Биоэлектрлік ток – жүйке талшықтары бойынша 0,5-120 м\с-ке дейінгі жылдамдықпен таралатын жүйке импульстері

13\Рефлекс – орталық жүйке жүйесімен іске асырылатын және басқарылатын,сыртқы немесе ішкі тітіркенгіштерге жауап реакциясы

14\Рефлекс доғасы – жүйке импульсі өтетін жол

15\Тізе рефлексі – ең қарапайым рефлекс



Барлығы: 15*3= 30ұпай

Биологиялық диктант (Ұжымдық жұмыс) (Интерактивті тақтада орындау)

1.Нейрон денелері мен қысқа өсінділердің топтасуы (ми мен жұлынның сұр затын) құрайды.

2.Ақ май қабығымен қапталған ұзын өсінділер – аксондар (ақ затты) түзеді.

3.Нейронның ұзын өсінділерінің тармақталуы жүйке ұштарын – (рецепторлар) құрайды.

4. Нейрондар: (сезімтал, қозғалтқыш, аралық ) бөлінеді.

5. Жүйке жасушалыры: (денесінен, өсінділерден, жүйке ұштарынан) тұрады.

Сұрақтар:


  1. Нейрон дегеніміз не?

  2. Қандай жүйке жасушасын сезімтал нейрон дейді?

  3. Қозғалтқыш нейрондардың қызметі қандай?

  4. Аралық нейрондар жүйке импульсін өткізуде қандай рөл атқарады?

  5. Жүйке импульстері қалай бір жүйке жасушасынан екінішісіне беріледі?

  6. Рефлекс дегеніміз не?

  7. Рефлекс доғасы дегеніміз не?

ІV. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Жүйке жүйесі


    • Орталық

        • ми

        • жұлын

    • Шеткі

        • соматикалық

        • вегетативті

        • симпатикалық

        • парасимпатикалық

Мағынаны тану

Жақсы меңгерген топқа 10 ұпайдан

Жоспары

а\Сыныпты топқа бөлу. Барлық оқушыға мозайка бөліктерін үлестіріп, сәйкестерін табу арқылы топқа бөліну.

б\ « Ой ашар »

в\Өздіктерінен тақырыпты меңгеру. Диалогпен оқыту



V.Жаңа сабақты түсіндіру;

Сыныпты топқа бөлу: Топтарға тапсырма беру:

І топ. Сілтеме табушылар. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, жаңа ұғымдарды табыңыздар) ІІ топ. Баяндаушы топ. «Жұлынның қызметі» (оқулықтан мәтінді оқып, топпен талқылап, әр оқушы өз ойын ортаға сала отырып, флипчартпен ортаға қорғау) ІІІ топ. Ізденуші топ. «Жұлынның құрылысы» (оқулықтағы 27-26 суретті талдау, қосымша мәліметтермен жұмыс) IV топ: Сұрақ қоюшы топ. «Жұлынның құрылысы мен қызметі» (мәтінді оқып, мәтін мағынасын ашатын сұрақтар құрастыру )

VI. Қорытындылау:

кестені толтыру; (Ұжымдық жұмыс)

Жүйке жүйесінің бөлімі немесе оның бөлігі

Құрылысы мен атқаратын қызметі

Ми




Жұлын




Шеткі жүйке жүйесі




Сұр зат




Ақ зат




Жұлын түбірлері




Аралас жұлын жүйкелері





Жеке оқушылармен жұмыс.

Сәйкестігін тап:

1. Тізе жазу рефлексінің орталығы - ..............

2. Қозғалғыш нейрондардың ұзын өсінділері - ..................

3. Нейрон денелерінің шоғырлануы - ....................

4. Сезімтал тамыршалар - ............................

5. Миға импульстер береді - .........................

6. Мидан бағытталған импульстерді өткізеді - .........................

7. Нейрон өсінділерінің шоғыры - ...............................



Кітаптағы(50 бет) сәйкестік тестісімен жұмыс.(жеке жұмыс)

Нейрондар қызметі

Нейрон түрлері

1.Тітркенуді жүйке импульстеріне түрлендіреді.

а)сезімтал

ә)аралық


б)қозғалтқыш

2.Миға ішкі мүшелер мен сезім мүшелерінен жүйке импульстерінмберуді жүзеге асырады.

3.Мида бір нейроннан екіншісіне импульстерін беруді жүзеге асырады.

4.Жүйке импулстерін бұлшық етке, бездерге және басқа атқарушы үшелерге береді.

Сәйкес жауаптарды жазыңдар

1

2

3

4














А – сұр зат

Б–алдыңғы тамыршалар

В-артқы тамыршалар

Г-бел бөлігі

Д – ақ зат

VII. Рефлексия

Сабақтың маған әсер еткен тұсы

Оған менің көзқарасым







VIII. Үй тапсырмасы. §13 мәтінін оқып-білу, Терминдерге анықтама жазу, жаттау

Шығармашылық жұмыс әр топ «Жұлының зақымдануының адам өміріне қауіптілігі» тақырыбында презентация жасап келу немесе реферат дайындау



XI. Бағалау: Оқыту үшін бағалау; «Екі жұлдыз, бір тілек» (Сабақтың басында оқушыларға кесте таратылып беріледі, өздері орындаған тапсырманы белгілеп отырады. Сабақ соңыныда мұғалімге тапсырады, мұғалім осыны ескере отырып жиынтық баға қояды)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет