Сабақтың тақырыбы : Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі



Дата10.06.2017
өлшемі56,09 Kb.
#18895
түріСабақ
5-сынып, информатика.

Мерзімі:____Тексерілді___

Сабақтың тақырыбы :Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері. Ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.

Сабақтың мақсаты : тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру.

Оқушылардың білуі тиіс : ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін, «ақпарат көздері» мен «ақпарат қабылдаушы» түсінігін, ақпарат жеткізу арналарын.

Оқушылар үйренуі тиіс : ақпаратты сақтаудың, өңдеудің және ақпарат жеткізу түрлерін анықтау тәсілдерін.

Сабақтың түрі : жаңа сабақты меңгерту сабағы

Сабақтың көрнекілігі : компьютер, интерактивті тақта, презентация
Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

Жұппен жұмыс жасау . Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Сұрақтар экранда көрсетіліп тұрады.


  1. Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  2. Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма ?

  3. Ақпаратты ұсынудың қандай формаларын білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

  4. Қандай әрекеттермен ақпаратты өңдеуге болады ?

  5. Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды ?

  6. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер ? Мысал келтіріңдер

І V Білімді өзектендіру

Сұрақтар :



  1. Біз ақпаратты қайда кездестіреміз ?

  2. Біз ақпаратпен не істейміз ?

  3. Қандай да бір әрекетсіз ақпарат бола ма ?

V Жаңа тақырыпты түсіндіру

Соңғы сұраққа жауап оқушыларды жаңа тақырыпқа жетелейді. Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады . Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Қазір сабақта біз бір-бірімізбен ақпарат алмасамыз. Осы ақпарат беру кезеңінде ақпаратты кім қабылдайды, ал ақпарат көзі кім ?

Жауап : ақпарат қабылдаушы – оқушылар, ақпарат көзі – мұғалім .

Сұрақ : қандай жағдайда біз орын алмастыра аламыз ?

Жауап : сұрақ –жауап кезінде .



Ақпаратты жөнелту

      Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интеретті және басқаларды жатқызуға болады.

     Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады .

Ақпаратты өңдеу

           Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы , есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару. Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесінде адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек . Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз.

     Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т.б.өлшеу қабылданған. Ал салмақты – граммен және килограммен, т.б.өлшейміз.



Компьютер- электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды. Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі ( әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1- дің көмегімен белгілеу қабылданған.

Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.

Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.

Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.



«Ақпарат» сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.

Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ – ол кез келген белгі : әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.

    Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келед. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) =1024 Кб

1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб

 


Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі

 

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері                                            50000

Түрлі түсті слайдтар                                150

Музыкалық фрагмент                              10 минут

Фильм                                                        15 секунд

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп көлемді ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік береді, мысалы, Интернет желісі арқылы.

 

Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұнда жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с.өлшенеді.

 


 ·         Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі – бит. Бит келесі екі мәннің бірін қабылдай

алады – 0 немесе 1.

·         Әдетте ақпаратты байтпен санайды, мұндағы 1 символ = 8 битке = 1 байтқа тең.

·         Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с.өлшенген ақпараттың көлемі.

 

VІІ Сабақты қорытындылау


  1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады ?

  2. Адам ақпаратты қалай сақтайды ?

  3. Ақпаратты қайда сақтауға болады ?

  4. Ақпаратты жөнелту арналары деген не ? Мысал келтіріңдер .

  5. Адама ақпаратты қалай өңдейді ?

6.       Ақпараттың өлшем бірліктерін ( ең кішісін ең үлкеніне дейін ) атаңдар.

7.      БайтКбайттан, Кбайт Мбайттан, Мбайт Гбайттан қанша шамаға кем ?

8.      1 байтта неше бит бар ?

9.      « Кездесу қыркүйек айына тағайындалды» деген хабарламада қанша көлемдегі ақпарат бар ?

10.   «Алақай ! Жазғы демалыс аяқталды!» хабарламасының ақпараттық көлемін өлшеңдер. Бұл көлемді битпен және байтпен көрсетіңдер.

11.      Оқулықтың бір бетінің және бүтіндей оқулықтың жуық ақпараттық көлемін өлшеңдер. Көлемі 600 Мбайт, 2 Гбайт болатын дискіге осындай кітаптың нешеуі сыюы мүмкін ?



VІІІ Үйге тапсырма

Оқулықтың § 3 мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру , тест тапсырмасын орындау. § 4 тақырыптарын оқу. Тестке жауап жазу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет