Сабақтың тақырыбы : Ас қорыту жолдары. Ас қорыту мүшелері мен асқорыту бездері



Дата07.05.2017
өлшемі137,4 Kb.
#15702
түріСабақ
Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:


Ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері мен асқорыту бездері
Өткізген: Абуова С.О.

Орал, 2015




Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жолдары . Ас қорыту мүшелері мен асқорыту

бездері

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға ас қорыту мүшелері туралы таныстырып білімдерін жетілдіру, шыңдау, ұғындыру. Ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін көрсету, құрылысын түсіндіру, асқорыту бездері мен ферменттердің ролін ашу.

Тәрбиелілігі: Тамақ ішу, оның сапасын және сақталу жөнінде өзін- өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету. Салауатты өмір сүру салтын насихаттау,ұлттық салт –дәстүрді сақтауға үйрету..

Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрал-жабдықтар: « Ас қорыту жүйесі» кестесі, Адамның макеті,оқулықтағы суреттер, электронды оқулық , интерактивті тақта, бейнетаспа,плакаттар.

Сабақтың типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: Сұхбат, бейнетаспа, топтық, жеке жұмыс, кестелерді және суреттерді көрсету.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды топқа бөлу. ( бағалау қағазын беру)

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Зымыран сұрақтар» ой жинақтауға арналған.



  1. Адам организмі үшін тамақтың ролі қандай?(Организм қалыпты тіршілік әрекеттері үшін жасушалары мен ұлпаларына үнемі қоректік заттар керек)

  2. Адам бір тәулікте 4 мезгіл тамақтануы қажет. Неге?(Себебі біздің асқорыту жүйеміз жақсы жұмыс істеу үшін әруақытта қоректік заттар болу керек)

  3. Ал қоректік заттар дегеніміз не?( нәруыз,көмірсу,май, минер тұз ,су мен витамендер)

  4. Азықтық заттардың, қоректік заттардан айырмашылығы неде?( Құрамында нәруыз,май,көмірсулар бар өсімдіктекті және жануартекті өнім.нәруыз,май,көмірсу ,тұз, су күрделі өңдеуге ұшырайтын орг қосылыстар)

  5. Тағамдық заттар қандай қызмет атқарады?(энергия көзі және құрылыс материалы )

  6. Ас тағамдары әр түрлі болуы керек. Себебін айт?(үнемі бір түрлі тағамдар ішкенде оның сіңімділігі төмендейді және адамның тамаққа тәбеті тартпайды)

  7. Адам организіміндегі нәруыз, көмірсу, майлар мен витаминдердің рөлі қандай?( нәруыз-құрылыс материалы,майлар-энергия көзі, құрылыс материалы, көмірсу-энергия көзі,витамин-алмасу процесіне қатысады.)

  8. Ас қорыту дегеніміз не?( тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым,организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процесі)

  9. Ферменттердің ролі қандай?( нәруыз текті заттар. Олар ас қорыту жолында заттарды ыдыратады ,химиялық реакцияларды тездетеді.Фермент белгілі бір затқа әсер етеді)

  10. Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері қандай?(Суды дұрыс пайдалану керек,суды артық пайдалану зиян.

  11. Тамақтануды дұрыс пайдалану ғылымы қалай аталады?(диетология)

Тест

1. Адам денесіндегі судың орташа мөлшері қандай?

А) 20-25% ә)0,6-5,0% б)60-65%

2. Мынадай қосылыстардың қайсысы аминқышқылдарынан тұрады?

А) майлар  Ә) көмірсулар  Б) нәруыздар 

3. Майлардың ыдырау өнімдері:

А) глюкоза  Ә) глицерин, май қышқылдары Б) нуклеотидтер

4. Ең жоғары энергиялық құнды заттар:

А) сиыр еті  Ә) ірімшік  Б) қант 

5.Адамға тәулігіне қажетті көмірсу:

А) 100г  Ә) 200-300г       Б) 400-500г

6. Адам организміне өзгеріссіз сіңірілетін зат:

А) көмірсу Ә) минералды тұз  Б) су

7.Майларды қай фермент ыдыратады?

А)Амилаза ә)Липаза б)Пепсин

8.Тамақты асығып ішудің зияны қандай?

А)Ас қорытылып үлгермейді ә)Ас дұрыс шайнап үлгермейді б)Ас қорыту сөлі нашар сіңіріледі.

9.Ас қорыту дегеніміз не?

А)физикалық озгеріске ұшырауы. Ә)химиялық өзгеріске ұшырауы. Б)асты сіңіру.

10.Нәруыздің қажетті тәуліктік мөлшері?

А)80-90 гр ә)100 гр б)400-500 гр

Жарайсыңдар балалар! Топ басшылары бағалау парағына бағаларын түсіріңдер. Ендеше, тақтадағы бейне көрініске назар аударайық. Көріністе не бейнеленген?



Бейнетаспа.

Салауатты өмір салтын сақтай білу- басты міндет. Сондықтан мен сендерге «Ас қорыту пирамидасы» бейнетаспасын ұсынамын.

Балалар, дұрыс тамақтану сендердің дағдыларыңа айналсын!

III.Жаңа білімді меңгерту .



Біздің сабағымыздың эпиграфы: “Денсаулық – өмірдің азығы, білім – ақыл – ойдың қазығы” деген мақал. Жақсы білім мен денсаулық үшін ас қорыту мүшелерінің маңызы ерекше. Адам денінің сау болып қалыптасуы үшін салауатты өмір сүру қажет. Адам организімінің қалыпты өсіп, дамуы мен тіршілік әрекеті үшін ең негізгі жағдай – дұрыс тамақтану.Олай болса бүгінгі сабағымызда ас қорыту мүшелерінің құрылысына тоқталамыз.Тамақ өнімдерін ыдырататын да, қорытатын да универсал аппарат – ас қорыту жүйесі. Сондықтан біз тобымызды «Денсаулық » , «Тағам», «Білім» деп атайық.себебі ас қорытудың, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа, білім алуға , салауатты өмір салтын қалыптастыруға қосар үлесі мол.

Оқушыларға топтың аты жазылған қағазды суыру ұсынылады.

I-топ. «Денсаулық » Ауыз қуысы ,жұтқыншақ, өңеш

II-топ «Тағам» Асқазан, Ащы ішек, тоқ ішек

III-топ «Білім» Сілекей безі, бауыр , ұйқы безі

Сабағымызың тақырыбын жазамыз.

Біздің сабақтағы мақсатымыз не туралы білуіміз керек?
I «Ой қозғау» «Соғым»-ұлттық салтымыз, қонақжайлығымыздың белгісі.

(Өткен сыныппен байланыс)

Адам мен сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесінде ұқсастықтар бар. Оны жыл сайын соғым кезінде көресіңдер? Ал еске түсіріп, назар аударып көрелік. Ендеше,адам мен сүтқоректі жануарлардың ас қорыту жүйесінде қандай ұқсастықтар бар?.

І топ.-Сүтқоректілердің асқорыту жүйесі күрделі. Ауыз қуысына 3-4 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады. Ауыз қуысы – жұтқыншақ пен, ол өнеш арқылы қарын мен жалғасады. Қарындағы көптеген ұсақ бездер қарын сөлін бөледі.Мысалы: Сиыр да қарны көп қуысты. Олар 4 бөлімге бөлінеді.Үлкен қарын (таз қарын), жұмыршақ, қырық қатпар, ұлтабар.



II. « Мағынаны ажырату » сатысы ( 3топқа мәтінді тарату)

Ас қорыту жүйесі

Ас қорыту мүшелері Ас қорыту бездері
Ауыз қуысы Жұтқыншақ

Өңеш


Қарын (асқазан) Ащы ішек

Тоқ ішек

Тік ішек



Сілекей безі- 3жұп (шықшыт, жақасты, тіласты)

Ұсақ қарын бездері,

Ұйқы безі

Бауыр, өт Ұсақ ішек бездері






Оқулықпен жұмыс. (5 минут)

I-топ. Ауыз қуысы ,жұтқыншақ, өңеш

II-топ Асқазан, Ащы ішек, тоқ ішек

III-топ Сілекей безі, бауыр , ұйқы безі



Шығармашылық жұмыс (І топ. Презентация. ІІ топ. Постер қорғау.ІІІ топ. Эссе.)

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Асқорыту жүйесі туралы бейнетаспа бойынша.

Жинақтау.

1 топ. Асқорыту мүшелерінің қызметтерін сәйкестендір. Плакатпен жұмыс.

Мүшелері

Қызметтері

Ауыз қуысы

Асты ұсақтайды. Ас қорыту жүйесіне өткізу

Жұтқыншақ

Жұту,жылжыту

Өңеш

Жылжыту

Асқазан

Ас қорытылады

Аш ішек

Ас сіңіріледі

Тоқ ішек

Қорытылмаған ас қалдығы,ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі пайда болады.

Ұйқы безі

Сөл бөледі. Ішкі секреция қызметін атқарады.

Бауыр

Өт бөледі. Улы заттарды зиянсыздандырады.

Асқорыту мүшелерінің қызметтерін сәйкестендір.

Мүшелері Қызметтері
Ауыз қуысы Жұту,жылжыту

Жұтқыншақ Жылжыту

Өңеш Асты ұсақтайды. Ас қорыту жүйесіне өткізу

Асқазан Ас сіңіріледі

Аш ішек Ас қорытылады

Тоқ ішек Өт бөледі. Улы заттарды зиянсыздандырады

Ұйқы безі Сөл бөледі. Ішкі секреция қызметін атқарады

Бауыр Қорытылмаған ас қалдығы,ауру тудыратын микробтар

түскенде қабыну процесі пайда болады

II-топ Тиісті орнына сөздерді қой. (Флипчартпен жұмыс)


ІІІ топ. Сандарды сөйлет.




Бағалау. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. Парақ бойынша,

Рефлексия . Түйін.

Үйге тапсырма.

43.”Менің тамақтану мәдениетім”



эссе жазып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет