Сабақтың тақырыбы : Ата Заң алтын қазынам. Сабақтың мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі447,11 Kb.
#85982
түріСабақ
Байланысты:
Ата заң - алтын қазынам


5 «А» сыныбында өткен ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы Ата Заң – алтын қазынам.
Сабақтың мақсаты : 
1. Балаларға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету,
өзіндік шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
3. Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Ең алдыме оқушылар Сіздерді бүгінгі 1-қыркүйек Білім күнімен және 2020-2021 жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын.

Еліне арналатын тілегі шын,


Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!,-деп ақын жырлағандай бүгін оқушыларымызға Ата Заңымыз туралы терең түсінік беру үшін тәрбие сағатымызды өткізбекшіміз.
Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар.

Оқушылар биыл ата заңымызға 25 Жыл!


Ел басқарудың тамаша үлгілері біздің ата-бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында «Қасқа жол», «Ескі жол», «Жеті жарғы» делінген заң үлгілері болған. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Ол 4 бөлім, 21 тараудан тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның талабына сай келмегендіктен, өзінің өмір сүруін тоқтатты .


1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз ҚР тұңғыш конституциясының негізгі заңы қабылданды да, 1995 жылы 30 тамызда біздің қоғамымызда өзгерістерге, жаңа талаптарға сай толықтырылған жаңа Конституциясы өмірге келді.
Қазіргі Ата Заң 98 баптан, 9 бөлімнен тұрады. Конституция негізінен әлемдік тәжірибеде жиі қолданатын, халықаралық Адам құқығы туралы декларация (1948 ж 10 желтоқсан Нью-Йорк) және 1989 ж 20 қарашада қабылданған Балалар құқығы туралы конвенцияға сәйкестендіріліп жасалған.
Мұғалім : Енді Ата Заңымыздың кейбір баптарына тоқталып өтейік
7-бап:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл — қазақ тiлi.
9-бап:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері — Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібi конституциялық заңмен белгiленедi.
14-бап:
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
15-бап:
1. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар.
Мұғалім : Ата – аналар құқығы мен міндеті туралы Ата Заңымызда не делінген екен?
27-бап: 
1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады.
2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың етене құқығы әрі мiндетi.
3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi.
29-бап: 
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
Бейнеклип «Ата Заң – алтын қазынам! »

ҚР Конституциясы – мемлекетіміздің іргесін нығайтудағы қарышты қадамдардың қалыптасуы мен жаңа жүйенің орнығуына, саясат сахынасында Қазақстан Республикасының қанат жаюы жолындағы бірден-бір бастаушы заң, серпінді сенім, ҚР Конституциясы — әділет жолын көрсетер мемлекетіміздің Ата заңы, айшықты құжаты.


Қожабек Ислам:
Конституция-ерікті елдің құқы,


Адам құқы, алдымен ердің құқы.
Мемлекетім жан-жақты дәйектелген,
Конституция- алтынзаң, елдің құты.
Ол бойынша бекіген бостандығым,
Ол бойынша сақталған сөз сандығым.
Ол бойынша тілім де мемлекеттік,
Қуаттайды мұны бар достар бүгін.


Төленді Айасыл :
Ата заңымның анасы болған дәстүрім,
Ата салтында – ғажайып ғұрып, жақсы ырым.
Ата бабамның ақ отау, алтын бесігі –
Атамекенім! Алладан соңғы басты ұғым!
Ата заңым!
Арман әнім!
Сенен асқан бар ма бағым!
Елімде еркін самғағаным


Тәуелсіздігімізге еліміздің тұрақтылығы мен гүлденуі Ата Заңның орындалуында. Ата Заңымыз бізді қорғайды, әрі қамқор болады. Халқымызға дұрыс бағыт беретін Ата Заңымыз мәңгілік жасасын ,- дей отырып, бүгінгі тренинге өз ой-тәжірибелерімен алмасқан ата-аналарға және сарапшы Ұлмекен апайға алғысымды айта отырып, « Ардың шыңы –Ата Заң » атты тәрбие сағатын аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет