Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет11/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық

3. Білімдерін жан- жақты тексеру

1. Кестені толтырындар.



Конституциялық құқықтар





4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

1. Қазақстан Республикасының Президенті.

2. Қазақстан Республикасының Парламенті.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі.

4. Қазақстан Песпубликасының Конституциялық Кеңесі.

5. Қазақстан Республикасының сот билігі.

6. Жергілікті мемлекеттік басқару.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің жоғары органдары жүйесінде басты орын алды. Конституцияның 40- бабында сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.

Президент болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, яғни Қазақстанда туған, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады. Қазақстан Республикасының Президентін халық жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Қазақстан Республикасының сайланған Президенті Қазақстан халқына ант берген сәттен бастап өз қызметіне кіріседі. Мемлекет басшысы өз қызметін тиімді атқару үшін Конституция мынадай талаптар белгілейді:

1) бір адам қатарынан екі реттен артық Республика Президенті болып сайлана алмайды. Бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне қолданылмайды;

2) Президенттің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы Президенті өкілеттігінің аяси өте кең. Олар: Үкіметпен қатысты өкілеттігі, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот және жергілікті соттарға қатысты ерекше өкілеттіктері бар.



Парламент – заң шығару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ең жоғары өкілді органы. Ол екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан (Алматы) және республика астанасынан екі адамнан және тиісінше облыстың және Алматы қаласы мен республика астанасының барлық өкілдік органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттар құрайды. Сенат депутаттарының өкілдік мерзімі – алты жыл, бірақ сайланатын сенаторлардың жартысы үш жылдан кейін қайтадан сайланады. Сонымен қатар он бес депутатты Сенат өкілеттігі мерзіміне республика Президенті тағайындайды және олар әр жыл сайын қайта сайлануға жатпайды.

Мәжіліс 107 депутатан тұрады, Мәжілістің 98 депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті облыстың аумағында, республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған, Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған адам Сенат депутаты бола алады. Қазақстан Республикасының жасы Жиырма беске толған азаматы Мәжіліс депутаты бола алады. Парламент палаталарын өз депутаттарының арасынан сайланған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген Сенат пен Мәжіліс төрағалары басқарады..

Заң шығарудың бастама сатысы



Қазақстан Республикасы Парламентіндегі заң шығару сатылары

Заңдарды қабылдау сатысы




Заңдарды Республика Президентінің қол қоюына беру сатысы






Заңның күшіне ену сатысы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет