Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет50/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық

Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.



  1. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:

  1. Еңбекке ақы төлеу тәртібі.

  2. Еңбек ақыны төлеу орны.

  3. Еңбек тәртібі.

  4. Азаматтардың зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі.

  5. Кәмелетке толмағандардың еңбегі.

  6. Еңбек дауларын шешу.

Қызметкер мен жұмыс берушінің өзара қатынастарындағы негізгілердің бірі- қызметкер еңбегіне ақы төлеу. Еңбекке ақы төлеу- еңбекақы деп аталады.

Еңбекақы төлеудің негізгі жүйесі-мерзімді немесе кесімді болады.Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес еңбекке бірдей сыйақы белгіленуге тиіс. Әркімнің «еңбегі үшін кемсітусіз сыйақы алуына» (ҚР констит-ң 24-бабы, 2-тармағы) құқығы бар.

Еңбекақы төлерде лауазымы мен қызметкер атқаратын еңбек қызметінің көлемі, оның біліктілігі ескеріледі.

Мерзімінен тыс жұмыс, жексенбі және мерекелі күндердегі жұмыс, түнгі уақыттағы жұмыс үшін төлемнің көтеріңкі мөлшері ескеріледі.

Еңбекақы төлеу күндері жеке, ұжымдық еңбек шарттарында көрсетіледі. Еңбек кодексінің 134-бабына сәйкес еңбек жалақысы ҚР—ның ұлттық валютасымен ақшалай нысанда, келесіайдың бірінші он күндігінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Қызметкер белгіленген еңбек тәртібін сақтауға тиіс. Егер қызметкер еңбек тәртібін бұзса, онда мәжбүр ету әдістемесі қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза белгілеу шаралары арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс беруші ескерту жасауға, сөгіс жариялауға құқықты. Оның Еңбек кодексінің 54-бабына сәйкес еңбек шартын бұзуға құқығы бар.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 20 маусымынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы қолданып келеді. Зейнетақымен қамтамасыз ету ҚР Конституциясына да негізделген, оның 28-бабының 1-тармағына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматы зейнет жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуынауына кепілдік беріледі».

Жалпы тәртіп бойынша зейнеткер болып 63 жасқа толған ер адам мен 58 жасқа толған әйел адам есептеледі.

Зейнетақымен қамтамасыз етудің жеке жүйесі бойынша, жұмыс беруші жинақтаушы зейнетақы қорын жұмысшыға есептелетін жалақының 10%-ын аударып отырады.

Жалпы тәртіп бойынша ҚР-да кәмелетке толғандардың еңбегі пайдаланылмайды.Жеке еңбек шартын жасауға,





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет