Сабақтың тақырыбы: § Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні. Сабақтың мақсаты



бет54/64
Дата16.12.2021
өлшемі194,89 Kb.
#101888
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64
Байланысты:
азаматтық құқық

Білімдерін жан- жақты тексеру

  • Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау

    Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.

    Оқушылар назарын сабаққа аудару.



    1. Жаңа сабақты түсіндіру

    Сабақ жоспары:

    1. Қылмыс жасау сатылары.

    2. Қылмысқа қатысушылардың түрлері.

    Кез келген қасақана қылмыс белгілі бір кезеңдерден (сатылардан) өтеді. Тек аяқталған қылмыстар ғана емес, сонымен қоса аяқталмаған қылмыстық әрекеттер де қоғамға қауіпті. Қасақана қылмыс жасағанда көп жағдайда адам қылмыстық әрекетке дайындалыпе барып өз ниетін жүзеге асырады. Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың үш сатысы көрсетіледі:

    1. Қылмысқа дайындалу;

    2. Қылмысқа оқталу;

    3. Аяқталған қылмыс.

    Қылмысқа дайындалу деп «тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу немесе бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшін өзге де қасақан жағдайлар жасау» , объектіге жанасу жолдарын іздестіру танылады.

    Егер адам қылмыс жасау үстінде оған байланысты діттеген арам пиғылы жүзеге аспай қалса, ол қылмыс жасауға оқталу болып табылады. Қылмысқа оқталу кезіңде айыпты адам қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттерді жасай бастайды.Өзінің еркі мен санасынан тыс жағдайларға байланысты ойлаған әрекетінің барлығын жасап үлгермейді немесе үлгерсе де Қылмыстық кодексте міндетті белгі деп келтірілген зардап тумай қалады. Егерде қылмыстық кодексте зардаптың келуі ғана қылмыстың аяқталу уақыты деп есептеледі. Егер зардап тумай қалса, ол тек оқталу. Мысалы, кісіні өлтіремін деп у беріп қояды, бірақ оны басқа кісілер келіп құтқарып қалады.

    Қылмыстық құқық теориясында жарамсыз оқталу түрлері де кездеседі. Олар:


    1. Жарамсыз объектіге оқталу(мысалы, адам терезесінің сыртынан «ұйықтап жатқан адамға» оқ атады, ал шын мәнінде, ол бұған дейін оқ тигенше өліп қалған болып шығады);

    2. Жарамсыз құралмен оқталу(мысалы, кісінің маңдайына мылтық тіреп, шүріппені басады, бірақ айыпты адамның еркінен тыс жағдайларға байланысты атылмай қалады).

    Қылмыстық жауаптылық




    Ауырлығы орташа

    Ауыр

    Аса ауыр
    Егерде көзделіп отырған әрекетте оның заңдағы көлеңкесі болып табылатын қылмыс құрамының барлық белгілері бар болатын болса, онда қылмыс аяқталған деп есептеледі.



    Егер де адам қылмыстан өз еркімен бас тартты деп тану үшін және қылмыстық жауаптылықтан босату үшін бірнеше талапты орындау керек:

    1. Амалсыз емес, өз еркімен болу;

    2. Әлі де ойласып қалатындай емес, бас тарту кесімді түрде болуы;

    3. Қылмысты аяғына дейін жеткізбеуі;

    4. Қылмысты аяғына дейін жеткізу мүмкін екендігін ұғыну;

    5. Бұған дейінгі әрекетінде басқа қылмыс құрамының болмауы;

    Қылмысқа қатысушылардың төрт түрі бар:

    1. Орындаушы

    2. Ұйымдастырушы.

    3. Көмектесуші

    4. Азғырушы



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   64




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет