Сабақтың тақырыбы : «Барсакелмес қорығы»



бет7/7
Дата25.12.2016
өлшемі2,5 Mb.
#4789
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Мына құстар өте әдемі құстар. Аттары әр түрлі түспен жазылған неге деп ойлайысыңдар? Оның мынандай сыры бар. Бұйра, алқызыл бірқазан, аққулар бұрын қорықта мекендейтін, ал қазіргі кезде олар аралға өте сирек келеді. Ал зуек пен рябок әлі де мекендейді.

Осы аталған аңдар, құстар, өсімдіктер барлығы дерлік қызыл кітапқа енгізіглен. ҚҰландар басқа қорықтарға көшірілген. Құстар аралға келмейтін болды. Неге? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар? Осы сұраққа ойланып жауап беріңдерші.


10 слайд.

Арал теңізінін тартылуы себебінен экосистемасы өзгерді. Ішетін тұщы су қалмады. Сондықтан жануарлар көше бастады және де оларды сақтап қалу мақсатында көшіре бастады.

«Арал теңізі» сөз тіркесіне 5 жол өлең құраңдар.

1,2 слайдтағы (флип чарт) бірінші топтың тапсырмалары. Берілген сөздермен дұрыс сөйлем құраңдар. «Барсакелмес», бірнеше түрі, қызыл, қорығында, енген, жануарлардың, кітапқа, бар. (море+І.с.) суының тартылуына (связи) сол (остров+Б.с.) құстардың кейбіреуі (не прилетают).

Екінші топтың тапсырмасы. Екі жай сөйлемнен бір сабақтас бағыныңқы құрмалас сөйлем құраңдар.

Қорықта сирек кездесетін жануарлардың саны азайып бара жатыр. Оларды шөлді далада өсіруге бағытталған жан-жақты жұмыс жүргізетін арнаулы топ бар.

Үшінші топтың тапсырмасы.

Берілген сөйлемдерден екі түрлі құрмалас сөйлем құраңдар.

«Барсакелмес» қорығының табиғаты өзгерді. Арал теңізінің қасында орналасқан.

Төртінші топтың тапсырмасы.

Сөйлемді аяқтаңдар.

Қорықта құландардың саны азая түсті,...


Қазақ тіліне аудар. Чтобы сохранить куланов, их перевезли в другие заповедники.

Төрт топ жұмысын аяқтап болғаннан кейін тақтаға шығып орындайдыы қалған топ оқушылары тексереді, дәптерлеріне жазып алады.

Неліктен біз бүгін Арал теңізі туралы әңгіме қозғап отырмыз? Өйткені арал осы аталмыш теңізде орналасқан. Сондықтан Барсакелмес аралы құрлыққа қосылып жартылай арал болып қалды.(картамен жұмыс). «Қазірдің өзінде шет ел ғалымдары осы жерде үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», дейді қорық директоры. (газеттен үзінді). Бұл табиғи апат қаншама зиян әкелді? Ал адамдардың өздері қолдан жасаған жасанды апаттарқаншама көп. Алысқа бармай, өзіміздің қарағайлы орманды алсақ та жетіп жатыр. Оған не болды? Білеміз бе? Олар бізге, жергілікті тұрғындарға қандай зиян әкелді? Осы сұрақтың жауабына бәріміз ойлануымыз керек деп ойлаймын.

11 слайд.




Ал енді мына суретке көңіл бөліңдер. Осы суретпен біз өзіміздің сабағымызды аяқтаймыз, сабақтың қорытындысы деп айтуға келе ме? Табиғат адамзаттан не күтеді? Әрине, көмек. Осы суретке қарап әр топ үйде өз слогандарын құрап келсін. Және «Табиғат және адамзат», «Барсакелместің құпиясы», «Көмек күткен табиғат» т.б. тақырыптарда эссе- ой толғаныс жазып келесіңдер. Ал қазір сабақтың басында толтырған кестенің үшінші бөлігі бойынша «нені білгіміз келеді?» -соны топ мүшелері оқып жіберсе, ал жауап бере алам дегендер болса жауапты тындайық. Ал енді ізденісті қажет ететін сұрақтар болса бірге жауап іздейміз.
Бағалау: Бағалау парағы бойынша.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет