Сабақтың түрі : сайыс сабақ
Көрнекілігі : слайдтар
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
Сынып екі топқа бөлінеді .
- Бүгін біздің сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сендердің жауаптарыңды жетондармен бағалаймын : «5»- қызыл түс, ««4» –жасыл түс, «3» – сары түс. Әр топ өздеріңді таныстырыңдар.
1- топ : «Болашақ». Ұранымыз : «Болашақ бізден басталады»
2- топ : «Шығармашыл» . Ұранымыз : «Ізденген жетер мұратқа»
- Балалар, өз салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымызға байланысты қандай ұлттық ойындарды білесіндер?
ІІ. «Теңге алу» ойыны.
Теңге алу - ертеден келе жатқан ойындардың бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі. Ертеде киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық ақшаларды салып қоятын болған. Қазір тақыр жерге ақ шүберекке түйілген зат тасталады. Ойыншылар ақ киіздің үстінде жатқан тиынды немесе ақ шүберекке түйілген затты еңкейе беріп, іліп алып кетулері керек. Ақшаны ат үстінен алған адам иеленіп кетеді. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті талап етеді. (Дорбаның ішінде нөмірленген теңгелер жатыр. Әр нөмірдің сұрағына жауап берген оқушы теңгені алады.)
1.Зат есім дегеніміз не ?
2. Етістік дегеніміз не ?
3. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді ?
4. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді ?
5. Бастауыш дегеніміз не ?
6. Баяндауыш дегеніміз не ?
7. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады ?
8. Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады ? - Кім сұраққа жауап береді , сол теңгенің иесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |