ІІІ. «Бәйге » ойыны .
Шабандоздар сәйгүліктеріне отырып белгілі бір қашықтықта жарысады. Мәреге бірінші жеткен шабандоз жеңімпаз аталады. Шабандоздар сәйгүліктерін жарысқа бірнеше айлар дайындайды. Жарыста олар дайындықтарын көрсетеді. Сендер де алған білімдерінді осы жарыста көрсетіңдер. Тақтамен жұмыс. 41 – жаттығу, 84 бет.
- Бастауыш пен баяндауышты табыңдар.
ІV. «Аударыспақ» ойыны.
Қазақ халқының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе –жекке шығып, бірін – бірі аттан аударып тастауға тырысады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты талап ететін ойын. –Балалар, келесі тапсырманы орындағанда сендер де өз тапқырлықтарыңды көрсете білу керексіңдер. Кім тапқыр болады сол топ осы ойында жеңіске жетеді. - Сөйлемдегі әр сөзді мағынасы жуық басқа сөзбен алмастырыңдар. Бастауыш пен баяндауышты табыңдар.
«Болашақ» : Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
(Қанатты достар оңтүстікке қайтып барады.) «Шығармашыл» : Тоқылдақ ағашты тоқылдатты.
( Орман емшісінің тоқылдатқан дыбысы естіледі.)
Достарыңызбен бөлісу: |