VІІ. «Көкпар» ойыны.
Көкпар – ұлттық ат ойыны. Әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір – бірінен ала қашып, мәз – мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған.
Екі топ жарысады. Тартылатын серкені алдын ала белгіленген бір шақырымдай жерге апарып тастайды. Тартысқа шыққан екі топ таласа – тармаса серкені жерден іліп алу амалын жасайды. Серкені іліп алған ойыншы қаша жөнеледі, ал қалғандары оны қуып жетіп , серкені тартып алып мәреге жетуге тырысады. – Осы ойында ұйымшыл, бірлігі бар топ жеңіске жетеді. Әр ойыншы өз үлесін қосу керек сонда ғана жеңесіңдер.
- Сурет бойынша әңгіме құру.
«Болашақ» : Қыс «Шығармашыл» : Күз
VІІІ. «Қыз қуу» ойыны.
Ойынның шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жету керек. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлығын, ептілігін, шабандоздық шеберлікті көрсете білуі керек. Сендер де өз шеберліктеріңді , шығармашылық қабілеттеріңді көрсетіңдер.
- Өлең құрастыру.
«Болашақ» : «Шығармашыл» :
................көңілді ................ көңілді
................төгілді ................оралды
...............ашылып ...................айнала
................көрінді ...............өңірді
Х. Қорытынды .
Жеңімпазды анықтау.
ХІ .Үйге тапсырма .
42 – жаттығу, 84 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |