V. Сергіту сәті. Понтамимикалық ойын.
Ескек ескен қайықшының қимылын көрсету.
Сапта жүріп келе жатқан сарбаздың қимылын көрсету.
Ұшып бара жатқан құстың қимылын көрсету.
VІ. «Арқан тартыс» ойыны.
Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды .Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Ойыншылардың мақсаты — тартысқа түскен екі топ бірін-бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйретіп өткізіп әкету. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады, жеңген жағы бәйгесін алады. – Балалар, барлықтарын бірге күш салып, бірге жұмыс істесеңдер жеңімпаз боласыңдар.
- Сөз санын өсір. Екі сөзден тұратын сөйлемге мағынасына қарай сөз қосып отыр. Бастауыш пен баяндауышты тап.
«Болашақ» : Шық түсті.
Шөпке шық түсті.
Таңертең шөпке шық түсті.
Таңертең шөпке шық ақ моншақтай түсті.
«Шығармашыл» : Қар жауды. Алғашқы қар жауды .
Бүгін жапалақтап алғашқы қар жауды .
Достарыңызбен бөлісу: |