Сабақтың тақырыбы: Қ. Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын»



Дата14.04.2017
өлшемі195,33 Kb.
#13779
түріСабақ

Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулеуова Кулжан Дарибаевна

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Қ.Бекқожин «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы

Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын білу, өлең мазмұнын түсіну, идеясын аша алу.

Сабақтың міндеттері:


  • Сыни тұрғыдан ойлауда түсініксіз дүниелерге бағыт-бағдар беру.

  • Ойды қорғаушының ойын толық айтуына мүмкіндік жасау.

  • Мінездеме жазуда нақты әрі әдеби тілде жазуға бағыттау.

Күтілетін нәтиже:

  • Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы біледі;

  • «Баллада» ұғымы туралы түсініктері қалыптасады;

  • Өлең мазмұнын ұғады, идеясын аша алады.

Көрнекі техникалық құралдар: АКТ, Қ.Бекқожин «Таңдамалы шығармалары», талқылау парақтары, төсбелгілер, топ ережелері.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

5 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Тренинг «Көргеніме қуаныштымын». Сазды музыка (АКТ – музыкалы видеоролик) ойнап тұрады. Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

  • Топқа бөлу. «Ақындар ауылы» (Хафиз, Фердоуси, Низами, Шайыр топтары)

-Тренинг мазмұнын түсіндіреді және өзі бірге қатысады.

Есімдер жазылған парақ қиындыларын

таратады.


-Жұп болып бір-біріне қарап, жақсы мінездерін айтады.

Әрқайсысы алады, өз тобын табады.



7 мин

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • «Жалғыз досым -поэзия» өлеңін оқу. 31-бет. (Б.Ғ.)

  • Ашық сұрақ: менің өлең оқуыма не түрткі болды деп ойлайсыздар?

  • Үйге берілген тапсырманы барлығыңыздың оқып келгендеріңізге күмәнім жоқ.



-Өлең оқиды және сабаққа бетбұрыс жасау мақсатымен сұрақ қояды.



-Тыңдайды, әсерленеді және ойланып, жауап іздейді.

Өлең туралы, ақынмен танысатындары жайлы, үйге берілген тапсырманың тегін еместігі туралы болжамдар жасайды.


3 мин.

17 мин.

5 мин.


ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Жұппен жұмыс. Зейіндерін тексеру (жас ерекшелігі).

  • Бекқожин өмірі мен шығармашылығынан өзіңіз білетін дүниелермен бөлісіп көр.

ә) Топпен жұмыс. Интерпретация (Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету)



  • Өлеңнің баллада үлгісінде жазылу себебі неде? Ойланып көріңіздер.

  • Ақсақ Темір неліктен жаугершілік жасады деп ойлайсыздар?

  • Егер Хафиз Ақсақ Темірге қарсы шықпағанда оқиға қалай жалғасар еді?

  • Осы балладаны жазудағы ақынның мақсаты неде?


б) Жеке жұмыс. (Талантты мен дарынды мақсатқа қойылады)

  • Ақсақ Темір мен ақынға мінездеме жазу.




-Ой тастайды. Ашық сұраққа жетелейді.

-Сұрақтар жазылған парақтарды топқа таратып береді.

-Ойланып, ақылдасуларына, ізденулеріне мүмкіндік жасайды.

-Дерек көздерін ұсынады.

-Ынтымақтастықты бақылайды.

Жобаны қорғауда ынталандырады.


-Талантты мен дарынды баланы көздейді, тіл шеберлігіне назар аударады.

-Тіл тосқауылын жеңу мақсатындағы жұмыстарын қатар жүргізеді. (бақылауда ұстайды)


-Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстырады;

-Жұппен жұмыс жасайды;

-Білетіндері мен есте сақтаулары бойынша баяндайды.
-Дәлелдеу үшін ақылдасады.

-Топ болып жұмыс жасайды, ізденеді.

-Дерек көздеріне жүгінеді. Шешім шығарады.

-Топ болып қорғайды.


-Мінездеме жазады.

-Өлең мазмұнына орай жоспар құрады, іштей дайындықта болады.


2 мин.

ІҮ. Бекіту немесе қорытындылау.

  • Болса егер ақындардың удай сөзі, Үйреткен оны –ақын құдай өзі .

- Үзіндіні оқиды. Оқушының қорытынды ой түюіне уақыт береді.


-Тыңдайды және әсерленеді, ой түйеді.



1 мин.

Ү. Үйге тапсырма

  • «Мен жазушы болсам...» (өлеңнен алған әсерлерін қара сөзбен жазу)



Әсерлерін жазуларын өтінеді. «Ал, жазушыларым, іске сәт!» дегенді айтады.


Күнделіктеріне жазып алады.



3 мин.

2 мин.


ҮІ. Формативті бағалау.

  • Ынталандыру


  • Рефлексия




-«Ұтқыр ой айтылды!», «Жазған мінездемеңіз өте сәтті шықты, қуаныштымын!», «Жарайсың!», «Мені бүгін барлығың да таң қалдырдыңдар!»
Кері байланыс алуға стикерлер таратады.

-Іштей ризашылық танытып тұрады, өзіне сенімі артады, сабаққа қызығушылығы артады, т.б.

Кері байланыс жазады.


Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулеуова Кулжан Дарибаевна
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: «Өлең – сөздің патшасы» (сыныптан тыс оқу)

Сабақтың мақсаты: өлең құдіретін сезіну, қабылдау арқылы шығармашыл тұлғаның құпиясына үңілу.

Сабақтың міндеттері:


  • Оқушының сыни тұрғыдан ойлай отырып, сұрақ қоя алуына мүмкіндік туғызу.

  • Оқушының ойын толық жеткізуіне жағдай жасау.

  • Кез-келген ортада өзін мәдениетті әрі сенімді ұстауына жол ашу.

Күтілетін нәтиже:

  • Ақындар жалғастығының толастамайтынын сезіне алады.

  • Шығармашыл тұлғадан үлгі ала біледі.

  • Шабыттана өлең оқуы және өзі де шығармашылыққа бара алуы ықтимал.

Көрнекі техникалық құралдар: АКТ, «Ақындар жалғастығы» және «Шығармашыл тұлға» көрсетілімдері, ақын өлеңдері жазылған әдемі парақтар (қолтаңба алу үшін), жас журналист сұхбатына орай шаралар, кітаптар мен журналдар көрмесі, т.б.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

3 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Тренинг «Мен саған сенемін...». Жақсы музыка ойнап тұрады. Қатысушылар екі шеңбер құрап айнала билейді де, музыка тоқтағанда жоғарыдағы сөзді айтады және «себебі сен...» деп, оның жақсы қасиеттерін айтады. Екінші жұбы да осылайша жалғастырады.

  • Жұппен жұмыс. Бір жас журналист пен оператор қонақты сырттан күтіп алады және аздаған сұхбат жүргізеді.



-Тренинг мазмұнын түсіндіреді және өзі бірге қатысады.

Ұялы телефонмен қонақтың келгені туралы хабардар болады және осы уақытта кітапханада сабақтың алғашқы сәттерін бастайды.

-Ойынға қатысады және жақсы әсер алады.

Екі оқушы қонақпен әңгімелеседі, сұхбат алады. Қалғандары сабақта тренингтер мен ұйымдастыру кезеңдеріне атсалысады.

3 мин.


26 мин.

4 мин

2 мин



ІІІ. Жаңа сабақ.

а) Тақырыпты ашу – АКТ арқылы «Ақындар жалғастығы» тақырыбына көрсетілім ұсыну.


  • Жеке жұмыс. «Ақындар құпиясы неде болуы мүмкін?». Осы сұрақ көлемінде көкейлеріңде туындаған ойлар мен сұрақтарды мына қағаз беттеріне түсірулеріңе болады.

  • Ақынды мәдениетті күтіп алу шарасы. Құрметпен күтіп алу. Су ұсыну, т.б. шаралары.



  • АКТ. Қонағымызбен танысып алайық, балалар. «Шығармашыл тұлға» көрсетілімі ұсынылады.




  • Жаңа тәсілдер. Тұлғамен ой бөлісу. Ашық сұрақтар қоя алуға мүмкіндік жасау.




  • Сергіту сәті. Талантты мен дарынды. Бірнеше оқушыға өлең оқуға мүмкіндік жасалады немесе әсерленіп өздері оқуы мүмкін.



  • Сұхбат жалғасын табады.


Көшбасшылық.

  • Ақындар жұмыс барысында даралана ала ма? Шығармашылығы арқылы биіктерден көріне ала ма? (ақынның жауабы арқылы оқушыны көтеруге себеп болуы ықтимал)

Көрсетілімнен не байқадыңдар? Тақырып қандай болуы мүмкін?


Сұрақ қояды, өзі де ой үстінде болады. Парақтар таратады.
Ойланып болсаңыздар, осы сұрақтарға жауап беретін қонағымыз ортада, балалар.
Көрсетілімді қояды, өзі де қарайды.

Жаңағы ойларыңызды толықтыру үшін қонағымызға сұрақтар қойып, көкейлеріңде жүрген сауалдарға жауап ала аласыздар, балалар.


Балалар, сұрақ қоюда шабыттарың шырқап тұр. Сендер үшін қуанып тұрмын! Өлең оқып бергісі келіп отырған оқушы бар ма екен?
Оқушы сұрағын ретке келтіріп отыруы мүмкін.

Сұрақ қояды.



Қарайды, ойланады, тақырыпты ашуға тырысады.

Сыни тұрғыдан ойлана отырып, сұрақтар жазады немесе өз ойларын түсіреді.

Қуанады, қол соға күтіп алуы мүмкін.

Тамашалайды, ақынға көз тастап қоюы да мүмкін.

Сұрақтар қояды, сұхбаттасу жалғаса береді.


Аздап сұрақтар бәсеңсиді. Өлең оқуға ұмтылыс жасайды.

Өлең жазатын балалар да өз шығармашылығымен бөлісуі мүмкін.


Жауабына қанағаттана алуы мүмкін.

Сұрақты және жауапты тыңдайды. Өз қабілеті арқылы алға ұмтылысы артуы мүмкін.



2 мин.

ІҮ. Бекіту немесе қорытындылау.

Сыни тұрғыдан ой жинақтауы:

  • «Өлең – сөзің патшасы» деген сөздің иесі кім екен? Сабақ басындағы күмәнді ой мен сұрақтарыңа жауап ала алдыңдар ма?

Оқушының қорытынды ой түюіне уақыт береді.

Ой түйеді, қорытынды жасайды, жазады.



1 мин.

Ү. Үйге тапсырма

  • Жүрек қалауларыңыз не?

Сыни тұрғыдан сұрақ береді.


Ой үстінде кетеді...



2 мин.

2 мин.


ҮІ. Формативті бағалау.

  • Ынталандыру. Ақыннан арнайы дайындалған парақтары бойынша қолтаңба алу.



  • Рефлексия



Қолтаңба алуда оқушыны реттейді.

Кері байланыс алуға стикерлер таратады.

Таласа қолтаңба алады.

Кері байланыс жазады.

Астана қаласы

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Тулеуова Кулжан Дарибаевна
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: «Ақсақ Темір мен ақын» балладасы. Ақсақ Темір бейнесі

Сабақтың мақсаты: Ақсақ Темір образын талқылау, жасау және өзіне баға бере алу.

Сабақтың міндеттері:


  • Сыни тұрғыдан ойлауда бағыт-бағдар беру.

  • Қорғаушының ойын толық айтуына мүмкіндік жасау.

  • Оқушының ойлануына, әсер алуына уақыт беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Образ ұғымын қалыптастырады.

  • Ақсақ Темір бейнесін жасайды.

  • Оқушы шығармашылыққа бет бұрады.

Көрнекі техникалық құралдар: АКТ, Қ.Бекқожин «Таңдамалы шығармалары», талқылау парақтары, төсбелгілер, топ ережелері.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

5 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Топқа бөлу. Қималарға төрт түстің біреуін ғана жазу. Таңдап алынған түстер бойынша ленталарын алып, мойындарына байлайды.




  • Тренинг. «Жағымсыз эмоциялардан арылу».

Интербелсенді тақтада мына сөздер жақсы музыка әуенімен жазылып тұрады:

«Өмірде ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп»


Қималарды алуларын өтінеді және соған сәйкес лента галстуктерді ұсынады.

Стикерлер таратып, өз бойындағы жағымсыз эмоцияларын жазуын өтінеді.

Қағаздарын жыртып, қоқысқа тастауларын өтінеді.

Тақтадағы сөздерге назар аударуларын сұрайды.


Қиманы таңдап алады, лента галстуктерін мойындарына байлайды.


Бойындағы жағымсыз мінездерді жазады, ойланады, қағаздарын жыртып, қоқысқа салады.

Тақтадағы «Өмірде ашық, жарық, көңілді  жағдайлар өте көп» деген сөздерді оқып, қуана қол шапалақтайды.




10 мин.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

  • Жұппен жұмыс. Осы көңіл-күймен әр оқушы қасында отырған досының «Егер мен жазушы болсам...» деген жазба жұмысын қарап шығады.

  • Досының жұмысына орай смайликтер ұсынады. және ең ұнаған тұсын бір сөйлеммен айта алады.



Сырттай бақылайды. Ұсынған смайликтердің себебін анықтайды. Оқушының досына қаншалықты дұрыс баға беріп тұрғанын анықтайды.



Досының жазба жұмысын оқиды. Смайликтер береді және ең ұнаған тұсын бір-екі сөйлеммен айта алады.



5 мин.

15 мин.



ІІІ. Жаңа сабақ.

а) АКТ. (Тақырыпты ашу)

  • Интербелсенді тақтадан «Бейнелер топтамасын» жасау, тақырыпты ашуға жағдаяттар туғызу.

ә) Жаңа тәсілдер арқылы АКТ-ні тиімді пайдалану.



  • Ақсақ Темір образын қалай сомдар едіңіздер? Оның жақсы қасиеті болуы мүмкін бе?

б) Талантты және дарынды. Ой бекіту.



  • «Егер мен ақын болсам...», Ақсақ Темір туралы қалай өлеңге қосар едің?




  • (Тіл тосқауылын шешу) Ақсақ Темірдің суретті образы туралы не айтасыңдар?




«Қараңыздар! Ойланыңыздар...», «Не байқадыңыздар?» сияқты сұрақтар қояды.


Осы сұрақ аясында ойланып, талқыға салуларын сұрайды.

Дереккөздер ұсынады: тарих, ғаламтор желісі.

Бірлескен жұмыс түрі:

Бірге бір шумақ өлең жазуға шақырады. Өлең жазуға отырады.

Шумақтарды ынталандырады.

Ортаға өз суретін қорғау үшін суретші оқушыны шақырады.


Суретке қарайды. Жауап берулері мүмкін. Тақырыпқа жақындауы немесе таба алуы мүмкін.


Топпен жұмыс көрініс табады. Іздейді, ой бөліседі, талдайды, ойларын слайд бетіне түсіреді?

Қорғайды. Туындаған сұрақтарға жауап береді.

Ойланады, шумақ жазады, оқиды.

Ақсақ Темір образын кешегі біліміне сүйеніп немесе тыңдау арқылы қабылдауы бойынша сурет салған оқушы өзі салған дүниесін қорғайды (4-5 сөйлем айтуға да болады.


2 мин.

ІҮ.Қорытынды. Көшбасшылық.

  • Ақсақ Темір тамаша қолбасшы. Егер сен сынып басшысы болсаң, қандай жақсы дүниелер жасар едің?




  • Ақсақ Темір туралы көрсетілім қойылады.



  • Қорытынды ой.


Сұрақ қояды. Ойлануға уақыт береді. Жауаптарын тыңдайды.


Баланың ойлануына, әсер алуына мүмкіндік жасайды.
«Тісі аппақ екен» деген әңгімені айтады, астарынан не ұққандарын сұрайды.

Жақсы идеялармен бөліседі.


Қарайды, әсер алады, естерінде қалады.

Тыңдайды, ойланады, жақсы қасиетті көруге ұмтылады.





Ү. Үйге тапсырма

  • С. Мәуленов «Сырдария» өлеңін оқып келу.



Тапсырма береді.


Күнделіктеріне жазып алады.



3 мин.

ҮІ. Бағалау.

  • Бағалау крийтерилері




  • Рефлексия



Крийтерилер бойынша бағалайды.

Кері байланыс алуға стикерлер таратады.


Өз бағасы туралы сұрақ қоя алады.



Кері байланыс жазады. Қажетті жеріне іледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет