Бексеитова Айнаш Бекишевна
Көкшетау қаласы «№5 «Тандау» көпбейінді гимназиясының» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Біріккен сөздер»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, жасалу жолдарын үйрету.
Оқушылардың ойын жүйелі, жатық жеткізуге, зияткерлік және эмоционалдық белсенділігін арттыруға, жазу сауаттылығын дамыту.
Инабаттылыққа, еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблема тастау.
Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу
Көрнекілігі: Оқулық, суреттер, схема, слайд.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
1-слайд
Мұғалім балаларға орындарынан тұруды ұсынады:
Бір-біріңе жылы жүзбен қарап, мейірлене шуағын төгіп тұрған күнге
қарай қолдарыңды созыңдар.
Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін, (қасындагы балаға қарайды)
Қарады саған да.
Сәлем деймін достарға
Сәлем барша ұстазға.
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
Поэзия минуты:
- Балалар, қазір қазақ тілі сабағы.
- Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған.
- Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай, біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.
1-слайд
1-қатар:
Қазақ тілім – ол менің ана тілім!
Қазақ тілім – байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
2-слайд
2-қатар:
Тілім менің тірегім, тілім менің.
Тілсіз қандай болады күнім менің?
Өз халқыма жетеді өз мәнінде,
Өз тілімде оқылса жырым менің.
3-слайд
3-қатар:
Тілім менің - қуатым күнім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілім менен тірлікті мүсіндедім.
- Міне, балалар, қазақ тілінің атқаратын орны ерекше, қазіргі кезде Қазақстанда тұратын барлық басқа ұлт өкілдері біздің мемлекеттік тіліміз, қазақ тілін жетік меңгеруге талпынуда.
4-слайд. «Бағдаршам» ойыны
Үй тапсырмасына дайындығың қандай?
Жасыл түс – жақсы дайындалып келдім
Сары түс – дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін
Қызыл түс – дайындығым нашар
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру: 5,6-слайд
Тест жұмысы/ жауап парағы үлестіріледі/ жауаптарын сәйкестендіру қажет
Екі немесе одан да көп түбірден құралған сөзді не дейміз?
А) дара сөз ә) күрделі сөздер б) сөз тіркесі
2. Күрделі сөздер не арқылы жасалады?
А) түбірлердің тіркесуі, бірігуі, қосарлануы арқылы
ә) Сөйлемнің дара мүшелері арқылы
б) сөз тіркесі арқылы
3. Күрделі сөз неше сұраққа жауап береді?
А) бір ә) екі б) сұраққа жауап бермейді
4. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған сөзді тап:
А) өркеш-өркеш ә) қызыл ала б) қараторғай
5. Күрделі сөзді анықта:
А) достық ә) ата-ана б) мектеп
7-слайд
Үй тапсырмасын қорытындылау: 8-слайд
Күрделі сөз дегеніміз не?
Неше сұраққа жауап береді?
Күрделі сөзге мысал келтір.
ІV Жаңа сабақ: 9,10,11-слайд
Мағынаны тану.
Ақбөкен=ақ+бөкен
тасбақа=тас+бақа
Қосаяқ=қос+аяқ
Аққу=ақ+қу
- Балалар, бұлар қандай сөздер?
- Күрделі сөздер
- Бұл сөздер неше түбір сөзден құралып тұр?
- Екі түбірден.
- Екі түбір сөз не істеп тұр?
- Бірігіп тұр.
- Ал, балалар, осыдан өзіміз ереже шығарып көрейік.
12-слайд
Екі не одан да көп түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөз деп аталады.
13-слайд
Дәптермен жұмыс.
Олай болса, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер
Бүгінгі күнді жазу.
14-слайд
Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: Темірқазық, Сарыағаш, Көкшетау, Жетісу, алабота т.б.
Оқулықпен жұмыс:
1-жаттығу. Сөздерді оқы. Олар қалай жасалған?
Талдықорған, егеуқұйрық, еңбеккүн, Жетіқарақшы, шаңсорғыш, Қаламқас, Жұмабай, беташар, теміржолшы, жанкүйер, асатаяқ, Қызылжарқұдық.
Әр сөз неше түбірден құралған? Ауызша.
15-слайд
«Кім жылдам?»
Бірінші түбір сөз – түс,
Екінші түбір сөз – құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс. (қараторғай)
Бірінші түбір сөз - сан,
Екінші түбір сөз – сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң,
Жерге қойылатын ат. (Жетісу)
2-жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарай топтап жаз.
Орынбасар, асқазан, қосаяқ, Есенәлі, Қызылорда, алтыбақан, аяқдоп, Айгүл, Екібастұз, сегізкөз, ақсүйек, көкқұтан, Шиліөзен, аққу, Бейсенбай, ұлтабар.
16-слайд
Кісі аттары: Орынбасар, Есенәлі, Бейсенбай, Айгүл.
Аң-құс атаулары: қосаяқ, көкқұтан, аққу.
Ойын атаулары: алтыбақан, аяқдоп.
Дене мүшелері: асқазан, сегізкөз, ұлтабар.
Тағы қандай атауларды қосуға болады?
Жер-су аттары: Қызылорда, Екібастұз, Шиліөзен.
17-слайд
Өз пікірінді айт, дәлелде.
Екібастұз сөзін сөз құрамына талда. Неше түбірдің бірігуі арқылы жасалған?
Екі+бас+тұз үш түбірден жасалған.
18-слайд «Терме диктант» Өтірік өлең
Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Итмұрынға жемделген,
Таскенеге ер салдым.
Темірқазыққа мініп ап,
Аспанды мен шарладым.
Алатаудың шыңына
Құлап қала жаздадым.
19-слайд
Сергіту сәті: Қазақстан бағдаламасы. Радиодан сөйлейді. Біріккен сөздерді айтқанда қол соғамыз.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Қазақ радиосы. Сіздерді бүгінгі бағдарламамен таныстырамыз.
06.00 Аңдатпа. Әнұран.
07.00 «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы.
09.30 «Жаңа Қазақстан»
12.00 «Тұсаукесер»
14.00 «Бағдаршам»
15.00 «Өмірде болған»
19.00 «Жан жылуы»
20.00 «Жаңалықтар»
Тыңдағандарыңызға рахмет!
20-слайд
4-жаттығу. Ертегіден үзіндіні оқып, көшіріп жаз. Біріккен сөздердің астын сызу.
Керқұла атты Кендебай
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында қазанғап деген бір кедей болыпты. Қазанғап құс атып, балық аулап күн көреді екен. Әйелі ау тоқып, жыртық жамайды екен. Қазанғаптың Кендебай деген ұлы болыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті: алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты жылда алып жігіт болыпты.
Біріккен сөздердің қандай түбірлерден жасалып тұрғанын айт. Оларға сұрақ қой.
Қаратау, Қарасу, Қазанғап, Кендебай, Керқұла.
Біріккен сөздер ненің немесе кімнің аты болып тұр?
Адамның, жердің, аттың аты.
21-слайд
Олар қандай әріппен жазылады? Қандай сөз таптары? Жалқы есім бе, жалпы есім бе?
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған біріккен сөзді тап. Керқұла-Керғұла.
22-слайд
Ертегінің толық нұсқасын тауып оқу. Бір оқушы ертегінің нұсқасын оқиды.
Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұрыпты, күрескенін жыға беріпті. Шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз өзі тартып шығара беріпті. Аң аулап әкесіне жәрдем етіпті. Бара-бара құлан атыпты. Құралайды көзінен тигізген мерген болыпты.
23-слайд
Сергіту сәті «Шырша»
24-слайд
Ойын «Жоғалған сөздерді тап»
-
мүйіз
|
бақан
|
суық
|
қазан
|
көл
|
барыс
|
жол
|
қу
|
алты
|
торғай
|
ақ
|
қарақшы
|
жеті
|
тұмсық
|
бір
|
сүйек
|
ақ
|
бақа
|
Табылған сөздер: Мүйізтұмсық, суықторғай, көлбақа, жолбарыс,
алтыбақан, жетіқарақшы, бірқазан, аққу, ақсүйек.
Шығармашылық тапсырма. Кестені толтыру.
Өсімдіктердің аты
Сағырауқұлақ
Итмұрын
Жолжелкен
Қырыққабат
Құстардың аты
Қараторғай
Аққу
Түйеқұс
Күркетауық
Таудың аты
Алатау
Қаратау
Ақтау
Сарыарқа
25-слайд
Қорытындылау. Сиқырлы фигура
Алты бұрыш - Біріккен сөздер деген не?
Тік төртбұрыш - Біріккен сөздер қалай жазылады?
Үшбұрыш - Біріккен сөздерге жататын атаулар?
Кісі аттары, аң-құс аттары, ойын атаулары, дене мүшелері, жер аттары т.б.
Бесбұрыш – Тырсылдап түседі, жер бетіне жетеді. Жер бетіне жеткен соң, Ғайып болып кетеді.Ол не? (Бұршақ)
Куб – Байқоңыр сөзін сөз құрамына талда. Неше түбірден құралған?
26-слайд
27-слайд
«Бағдаршам» ойыны
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Жасыл түс – өте жақсы ұнады
Сары түс – жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым
Қызыл түс – ұнаған жоқ
Үйге тапсырма беру. 2-жаттығу, 98 бет. Ереже жаттау.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |