Сабақтың тақырыбы : бірінші дүниежүзілік соғыс Сабақтың мақсаты


-сынып. Дүние жүзі тарихы



бет2/5
Дата07.02.2017
өлшемі0,86 Mb.
#8916
түріСабақ
1   2   3   4   5

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §7. Орталық және Оңтүстік Еуропа елдірі

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің нәтижесінде пайда болған жаңа мемлекеттерге (Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Польша) сипаттама беріп, 1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңдегі экономикалық және саяси құрылымдық өзгерістерді ашып көрсету.

  • Осы елдердің экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктерін нақты факторлармен салыстырып талдау. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағыосы мемлекеттердегі жағдай туралы әңгімелеп, оқушылардың назарын билеуші топтардың саясатына аудару.

Сабақтың түрі: Лекция

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік: Карта- «Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа»

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырмасы


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?

  • Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?

  • 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.

  • Италия мен Испания фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Жаңа мемлекеттердің пайда болуы.

      2. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси өмірі (Австрия, Венгрия, Чехословакия, Польша, Югославия, Болгария).

      3. Билеуші топтардың саясаты

Негізгі оқиғалар:

  • 1918 жылғы 12 қарашада Австрия республика болып жарияланды.

  • 1918 жылғы 14 қарашада Чехословакия Республикасы құрылды.

  • 1918 жылы қарашада Польша халықтық Республикасы жарияланды

  • 1929 жылы СХС корольдігі Югославия корольдігі деп өзгертілді.

  • 1938 жылғы 12 наурызда Австрия «Герман мемлекеті» болып өзгертілді

  • 1939 жылғы қаңтарда Венгрия «Антикоминтерндік пактіге» қосылды.

  • 1939 жылғы 15 наурызда Чехословакия өмір сүруін тоқтатты.

  • 1939 жылғы 1 қыркүйекте Гитлерлік Германия Польшаға қарсы соғыс ашты.

Сабақты бекіту:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?

  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?

  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §7.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §8. Кеңес одағы

Сабақтың мақсаты:

  • Кеңестік Ресейдің 1918 жылдан Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушыларды кеңес өкіметінің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, жаңа экономикалық сакясаттың мәнін ашып көрсету.

  • Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен елді индустрияландырудағы әкімшіл-әміршіл әдістерін және оның зардаптарын нақты факторлармен түсіндіру. Қоғамдық саяси өмірдегі орныққан тоталитарлық тәртіп қоғамның өмір сүруін тоқтатып, тек жай механизмге айналдырғанын ұғындыру.

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: Карталар- «Кеңес мемлекеті азамат соғысы, шетел соғыс интервенциясы жылдарында», «Кеңес өкіметінің экономикалық дамуы». Т.б.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырмасы



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Австрияның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымындағы жүргізілген шаралар?

  • Венгрияда авторитарлы өкімет режімінің Германиядағы фашистік тәртіптен қандай ерекшелігі бар?

  • Чехословакияның ел ретіндегі өмір сүруін тоқтату себептері қандай?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Азамат соғысы және интервенция жылдарында

      2. Азамат соғысы жылдарындағы халық шаруашылығы

      3. Жаңа экономикалық саясат

      4. КСРО-ның құрылуы

      5. КСРО-дағы индустрияландыру саясаты

      6. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

Негізгі оқиғалар:

  • 1918-1920 жылдар-Азамат соғысы

  • 1918-1921 жылдар- «Әскери коммунизм »саясаты енгізілді.

  • 1920 жылы желтоқсанда ГОЭЛРО жоспары бекітілді.

  • 1922 жылы 30 қаңтарда КСРО құрылды.

  • 1924 жылы қаңтарда КСРО Конституциясы бекітілді.

  • 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолы салына бастады. (Түрксіб)

ЖЭС КСРО-ның өнеркәсібінде (1921-1929 жж)

  • Жеке және аралас капиталды ұлғайту.

  • Мемлекеттік кәсіпорындардың дербестігін ұлғайту. Шаруашылық есеп.

  • Еңбекақы төлеудегі теңгермешілікті жою, заттай жалақыны ақшалай жалақымен ауыстыру.

  • Шетел капиталын тарту.

  • Жұмысшылардың күшімен рынокты құру, еріксіз еңбекке тыйым салу.

ЖЭС КСРО-ның ауыл шаруашылығында (1921-1929жж)

  • Салғыртты табиғи салықпен ауыстыру

  • Азықты орталықтан бөлуді жою. Нан және басқа тамақ өнімдерін еркін саудалауға оралу.

  • Жерді жалға алуға және жалдамалы еңбекті пайдалануға шектеулі түрде рұқсат ету.

  • Ауыл шаруашылығы кооперациясын және келісімшарттық жүйені (контракт) дамыту.

ГУЛАК

(ХХ ғасырдың 30-жылдары)




1 мамыр 1930 ж.

1 наурыз 1940 ж.

Түрме және лагерьлер

279

536

Сотталғандар

171 251 адам

1 668 200 адам

Сабақты бекіту:



  • «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?

  • Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?

  • КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?

  • Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §8



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §9. Америка Құрама Штаттары

Сабақтың мақсаты:

  • Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы АҚШ-тың дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашып көрсету.

  • Техникалық прогрестің жоғары өркендеуіне қарамастан, АҚШ-тағы экономикалық тоқыраудың себептерін түсіндіру. Осы тоқыраудан шығудағы Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының маңызын нақты факторлармен әңгімелеп, саяси бағыттағы жаңалығын атап көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті /логикалық сұрақ-жауап, әңгіме, мәтінмен жұмыс/

Көрнекілік: карталар

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?

  • Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?

  • КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?

  • Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері.

      2. 1922-1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясаты

      3. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

      4. Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасы

      5. «Жаңа бағыт» реформасының әлеуметтік маңызы

Негізгі оқиғалар:

  • 1918 жылғы 8 қаңтар- «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды.

  • 1928 жылы республикашыл Герберт Гувер президент болды.

  • 1929-1933 жылдарда АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс

  • 1932-1945 жылдарда демократ Ф.Рузвельт президент болды

  • 1933 жылы «Жаңа бағыт» реформасы басталды.

  • 1935 жылы бейтараптық туралы заң қабылданды.

Сабақты бекіту:



  • АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?

  • Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?

  • Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §9. «Жаңа бағыт» саясаты Америка қоғамдық өміріне қандай жаңа келбет әкелді?



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Латын Америкасы елдері

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Латын Америкасының саяси және экономикалық жағдайларына сипаттама бере отырып, 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың АҚШ пен Ұлыбритания арасындағы тайталасты күшейткені, ал оның Латын Америкасы елдеріне қалай әсер еткендігі туралы айтып түсіндіру.

  • Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Хабарлама сабақ

Әдісі: әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілік: карталар , сызбалар

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?

  • Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?

  • Г.Гувер мен Ф.Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?

Жаңа сабақтың жоспары: /Оқушыларға бір апта бұрын осы тақырып туралы дайындалып келу тапсырылады. Тақырыпшаларды әр оқушы тақтаға шығып, сызба, карталармен таныстырады./

      1. Латын Америкасындағы мемлекеттердің дамуының жалпы көрінісі.

      2. 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың Латын Америкасы на тигізген әсері

      3. Соғыс уақытындағы Латын Америкасы республикаларындағы саяси күштердің топтасуы.

      4. Буржуазиялық революциялардың олигархиялық өкіметпен ашық күресі

      5. 1930 жылдардағы Латын Америкасына қатысты АҚШ-тағы саясаты.

Сабақты бекіту:



  • Бірінші джс кейінгі Латын Америкасындағы саяси және экономикалық жағдайға сипаттама беріңдер. Аймақтағы саяси тәртіптерді ашып көрсетіңдер.

  • ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі либералдық реформалар саясатын қалай бағалауға болады?

  • 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиканы мемлекеттік ретттеу саясатына баға беріңдер

  • 30-жылдарда Латын Америкасынақатысты АҚШ-тың және Еуропа елдірінің саясатында қандай өзгерістер болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §11. Жапония

Сабақтың мақсаты:

  • Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапонияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп, елдің билеуші топтарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатының озбырлық бағытын нақты факторлармен ашып көрсету;

  • Әлемді қырғын соғысқа киліктіргендердің бірі Жапония милитаристері екеніне оқушылардың назарын аудару.

  • Бейбітшілік рухта тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта.

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.


Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бірінші джс кейінгі Латын Америкасындағы саяси және экономикалық жағдайға сипаттама беріңдер. Аймақтағы саяси тәртіптерді ашып көрсетіңдер.

  • ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі либералдық реформалар саясатын қалай бағалауға болады?

  • 1929-1933 жылдардағы дүниежүзілік экономиканы мемлекеттік ретттеу саясатына баға беріңдер

  • 30-жылдарда Латын Америкасынақатысты АҚШ-тың және Еуропа елдірінің саясатында қандай өзгерістер болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Бірінші джс кезіндегі Жапония жәнге соғыстан кейінгі елдің жағдайы.

      2. Танака үкіметінің саясаты

      3. ДЭД жылдарындағы Жапония

      4. Жапонияның Азиядағы озбырлығы, Қытайдағы әрекеттері

      5. Екінші джс кезіндегі Жапония.

Негізгі оқиғалар:

  • 1924-1932 жылдарда елді саяси партиялар басқарды.

  • 1923 жылы Маньчжоу-го мемлекеті құрылды.

  • 1933 жылы Жапония Ұлттар Лигасынан шықты.

  • 1937 жылы 7 шілдеде Қытайға соғыс ашты.

  • 1939 жылы Монғолияға шабуыл жасады.

  • 1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталатын соғыс одағын құрды.

  • 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды.

Сабақты бекіту:

  • Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.

  • Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §11.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия

Сабақтың мақсаты:

  • Қытайдың 1918-1939 жылдар аралығындағы ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, 1919, 1925-1927 жылдардағы революциялық қозғалыстың жалпыхалықтық антиимпериялистік сипатын ашып көрсету. 1927-1937 жылдары азамат соғысына ұласқан Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес туралы түсінік беріп, оқушылардың назарын Қытайдағы Кеңестік қозғалысқа аудару.

  • 1937-1945 жылдары Жапон басқыншыларына қарсы күресу үшін біртұтас ұлттық майданның құрылғанын айтып, оның міндеттерімен таныстыру.

  • 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси-экономикалық даму жолына сипаттама беріп, 1924-1940 жылдардағы реформалардың мәнін ашып көрсету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карталар

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • «Жапония» дегенде не айтқымыз келеді?

  • Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.

  • Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы.

      2. Саяси партиялар және саяси күрес

      3. Қытайдағы 1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция

      4. Гоминьдан мен коммунистердің арасындағы қарулы күрес.

      5. 1918-1940 жылдардағы Моңғолияның саяси экономикалық жолдары.

      6. Моңғолиядағы 1924-1940 жж. экономикалық реформалар

Негізгі оқиғалар:



  • 1919 жылғы 4 мамырда Қытайдағы антиимпериялистік қозғалыс болды.

  • 1921 жылғы сәуірде Сунь Ятсен Қытай Республикасының президенті болып жарияланды.

  • 1925 жылғы 30 мамырда Ұлттық рефолюция басталды.

  • 1926-1927 жылдардағы Солтүстік жорығы

  • 1931 жылғы қарашада Орталық жұмысшы-шаруа үкіметі құрылды.

  • 1937 жылы Біртұтас антижапондық майдан құрылды.

  • 1937 жылы тамызда КСРО-Қытай арасындағы шартқа қол қойылды.

  • 1921 жылы Моңғолия Халық партиясы құрылды.

  • 1924 жылы МХР жарияланды.

Сабақты бекіту:

  • 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?

  • МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?

  • КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?

  • Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?

  • Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер

  • 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.

  • Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §12. КСРО-ның Қытайдың және Моңғолияның ісіне араласуына баға беру.



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13. Оңтүстік-Шығыс Азия елдері

Сабақтың мақсаты:

  • ОША елдерінің ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, басты ерекшеліктерін ашып көрсету. Бұл елдерге дағдарыстың тигізген әсерін айту.

  • Батыс елдері мен Жапонияның назарын отаршылдық басқыншылық саясатына оқушылардың назарын аудару. Тәуелсіздік азаттыққа құрмет сезімдерін қалыптастыру.

  • Тарихи фактілерге талдау жасап, қорытынды шығаруға баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысының» себептері қандай?

  • МАО Цзэдун қандай әлеуметтік топтың қатарынан шықты?

  • КСРО кеңесшілері Қытайға қай үкіметтің шақыруымен барып қызмет атқарды?

  • Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны қандай?

  • Кеңестік қозғалыстарды баяндап беріңдер

  • 1921 жылғы араттар революциясына сипаттама беріңдер.

  • Моңғолияның революцияға дейінгі экономикасы туралы, еңестік Ресейдің Моңғолияға көмегі жөнінде пікірлеріңді білдіріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

      1. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Үндіқытай елдірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы

      2. Дүүниежүзілік дағдарыстың үндіқытай еліріне әсері

      3. Үндіқытай халықтарының ұлт-азаттық күресінің дамуы.

      4. Индонезиядағы саяси ұйымдар мен партиялардың қимылдары.

Негізгі оқиғалары:

  • 1927 жылы Индонезияның ұлттық партиясы құрылды.

  • 1930 жылғы 3 ақпанда Вьетнам коммунистік партиясы жарияланды

  • 1937 жылы Гиринда (Индонезия халқының қимылы) партиясы құрылды.

Сабақты бекіту:

  • 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?

  • Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?

  • 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §13



9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §14. Үндістан

Сабақтың мақсаты:

  • Үндістанның1914-1945 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушылардың назарын

  • Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске аударып, оның кезеңдері мен күрес тәсілдерін нақты фактілер арқылы түсіндіру.Елдегі саяси партиялар туралы түсіндіріп , олардың бағдарламасымен таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық күрестегі қызметі туралы әңгімелеп, М.К. Ганди ұсынған күрес жолын ұғындыру.

  • Білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта

Сабақтың жоспары I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Қорытындылау,бағалау

VI Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1920-1930 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?

  • Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?

  • 1930 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы.

  2. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыс. Күш қолданбай қарсыласу қозғалысы.

  3. Соғыстан кейінгі кезеңдеі Үндістан:

а)Ағылшын үкіметінің саясаты;

ә)Жаппай бағынбаушылық қозғалысы.

4. Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Үндістан. «Тұз жорығы»

5. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Үндістан.

Негізгі оқиғалар:


  • 1916 жылы ұлт – азаттық қозғалысы басталды.

  • 1919 жылғы сәуірде жаппай бағынбаушылық қозғалысы өткізілді.

  • 1930 жылғы 26 қаңтарда ҮҰҚ шешімімен «Үндістанның тәуелсіздік күні» жарияланды (кейін бұл күн ҮР ұлттық мерекесіне айналды)

  • 1930 жылғы наурызда М.Ганди «Тұз жорығын» бастады.

Сабақты бекіту:

  • Үндістанның 1920-1940 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?

  • М.К.Ганди саясатына қандай баға берер едіңдер? Оның «Менің өмірім» (Алматы, 1989) деген кітабын оқу.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §14.



Каталог: uploads -> doc -> 1229
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1229 -> Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
1229 -> Сіздің үлесіңіз арнайы бетте тексерістен өтенінін ескертеміз. Сондықтан бұзақылық әрекеттер жасамауыңызды өтінеміз


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет