Сабақтың тақырыбы: Бас киім түрлері,модель таңдау
Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын,ақпараттық құзіреттілігін дамыту
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Түрі: Ауызша-1
Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут)
Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
ІІ.Сіздерге үйге “Ою-өрнектің түрлері” берілген болатын. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. 7 мин
ІІІ. Жаңа тақырып. (6 минут).
Бас киім түрлері,модель таңдау
Тақтадан 7 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады -30 минут беріледі.Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.
Тірек сөздер
1.Кимешек
2.Сәукеле
3.Бөрік
4.Тері
5.Киіз
6.Қалың мата
7.Тымақ
Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық, эстетикалық негізі бар. Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды. Денсаулыққа үлкен мән берген ата - аналарымыз баскиімге аң, мал терілерін пайдаланған, тыстық ретінде берік, тығыз, шыдамды матаны қолданған. Бас киімді екі түрге бөлген. Ер бала және қыз бала, әйелдер сәлде, картоз, тақия киеді. Қыз балалар – кәмшат бөрік, тақия. Әйелдер бас киімі – сәукеле, кәмшат бөрік, қасаба, кимешек, шылауыш. Ұлтты бас киімдердің түрлері: бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жасаған И. В. Захарова мен Р. Р. Ходжаева ер адамның бас киімдерін 6 түрге бөлген. 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас киім – тақия. 2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген бас киім – төбетей. 3. Киізден тігілген бас киім - қалпақ. 4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара). 5. Тері қапталған жылы бас киім бөрік. 6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім. Ерлердің бас киімдері – башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күләпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрық, тақия, тымақ, шалма.
бөрік тақия сәукеле
калпақ жаулық
тымақ кимешек
шылауыш
Баскиімге байланысты қалыптасқан дәстүрлер де бар, мысалы, тымақ айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі. Әйелдердің бас киім түрлері. Жаңа түскен келінге тамағы, мойыны, шашы үлкен аталарына көрінбесін деген салтпен, ізеттілік жолмен кигізгені. Күнделікті үй шаруасында кедергі келтірмес үшін кимешектің артқы басын екі бұрымды қосып тұратын шашбауға өткізіп қояды. Кимешектің – «албан кимешек», «суан кимешек», «маңдайлы кимешек», «қытай», «итаяқ кимешек» деген түрлері болады. 1. «Албан кимешектің» артқы бойындағы етегі дөңгелек болып келеді. 2. «Суан кимешектің» артқы бойы үшкір болып келеді. 3. «Қытай кимешектің» омырауы түгел кестеленген болып келеді. 4. «Маңдайсыз кимешектің» кестесі екі жағында, маңдайы ашық болады. 5. «Маңдайлы кимешектің» маңдай жағы жабық, кестеленген болады. 6. «Итаяқ кимешектің» алдыңғы ойындысы кең ойылады. Оны байдың келіндері мойындарындағы күміс, алтын сырғаларын, алқаларын көрсету үшін киген. Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар бас киімдер киген. Олардың жазғы, қысқы түрлері болады. Әйелдердің негізгі бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі. Кимешекті тігу үшін ұзындығы 140см, ені 70 см мата керек. Матаны екі бүктейміз. Матаның тұйығы алдына қарайды. Алдыңғы жоғарғы нүктесінен (төмен қарай) артқы бойға қарай 4 см өлшеп нүкте белгілейміз. Бұл - бет келбеті нүктесі, енді осы нүктеден ары қарай 8 см өлшеп белгілейміз, ол – төбе нүктесі. Алдыңғы бойдың жоғарғы нүктесінен төмен қарай маңдайдан иек астына дейінгі өлшемді алып, бет келбетінің төменгі нүктесін белгілейміз. белгіленген нүктеден артқы бойға қарай 4см жылжып белгілейміз, бұл алқым нүктесі деп аталады. Алдыңғы бойдың жоғарғы нүктесінен бет келбеті нүктесіне дейінгі аралықты қырқамыз, оны алқым кеңдігі нүктесімен қосамыз. Артқы бойдың дәл орта нүктесі мен төбе нүктесінің арасын түзу сызықпен қосып сызамыз да, кесіп алып, артқы бойдың етегіне тігеміз. Бұл - кимешектің етегі болады. Кимешек тігіліп болған соң, екі жағын кестелеп, өрнектейді. Әдетте, кимешек – ақ жібектен молдау етіліп пішіліп, адамның басын, иығын, кеудесі мен жауырын жауып тұрады. Кимешек тек бас киім ғана емес, әйелдің «мінездемесінің» де орнына жүреді. Кимешекке қарап әйелдердің шырайын, жас мөлшерін, тұрмыс - жайын, тіпті жүріс - тұрысына дейін анық ажыратын алуға да болады екен. Әйел адамдарының ұқыптылығы мен салақтылығы да кимешегінен көрінетін.
Тымақ – екі бөліктен тұрады, төбесі 4 сай, шеті бағалы аң, түлкі терісімен жұрындалған. Жылы, әр сәнді, аязда киеді. Қалпақ - айырқалпақ, дөңгелек қалпақ киізден немесе драптан тігіледі. Ол – киіз бас киімдердің ішіндегі ең көнесі. Қазіргі өндіріс мүмкіндігі молайып, материалдар көбейген заманда оны қалың драптан да тіге береді. Қазақта қалпақтың екі түрі бар. Олар ақ қалпақ және айыр қалпақ деп аталады. Ақ қалпақтың айналасы тұтас дөңгеленіп тұрады. Оны ақ киізден тігілуіне байланысты «ақ қалпақ» деп атаса керек. Айыр қалпақтың аты айтып тұрғандай, оның етегі екі айыр болып келеді. Соңғы уақытта айыр қалпаққа айрықша мән беріліп жүр. Бөрікті балаң жігіттер, орта жастағы адамдар киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі бағалы матамен, шеті құндызбен жұрындылған. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет.
Қазақта бөріктің атауларын қандай да аң терісінен тігілгеніне қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «құндыз бөрік», «кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған.
Әйелдер бас киімі мен қыз бала баскиімі арасында айырма бар. Сәукелені қалыңдықтар, жас келіншектер киген. Екі бөліктен тұрады. Төбесі 2, 5см биік конус тәрізді, жиегі бағалы аң терісімен жұрындалған. Қасаба тақия тәрізді желкелігі ұзын қасабаны қас сұлулар киген.Кимешекті егде жастағы әйелдер киген., бет жақтау кестеленеді, тазалыққа, жылылыққа жақсы. Сәукеле екі бөліктен тұрады: басқа киетін бөлігі астар салынып, сырылған, биіктігі 25 сантиметрдей конус тәрізді, кейде оған маңдайлық және желкелік тігіледі. Сыртқа қамқа, дүрия, торғын сияқты асыл маталармен қапталады. Сәукеленің басты құрамды бөлігі – жеңіл матадан жасалған желек. Ол сәукеленің ұшар басына бекітіледі. Ертеректе оны ақ желектен жасап, кестемен өрнектеген. Сәукеле ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде беріліп, ол әйелдерден гөрі қалыңдықтың тойға киетін бас киіміне айналды. Тақия екі бөліктен тұрады, төбесі және басқа тиіп тұратын бөлігі, жиегі. Тақия 4, 6, 8 сай болып тігіледі. Үстіңгі және астары жеке - жеке пішіліп тігіледі де, біріктіреді. Астарлық мата саржа, атлас, шытты пайдаланады.
Киімдерге байланысты ырымдар. 1. Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара - қайғының белгісі. 2. Сыңар аяқ киім киген баланың әйелі ұры болады. 3. Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. 4. Ілулі тұрған киімнің түймесін салмайды. 5. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан шешеді. 6. Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып береді. 7. Киім сатып алғанда: «Киімің күйрек, жаның берік болсын» деген тілек айтады. 8. Ақ жаулықты ортаға тастау. 9. Сәукеле – «сау келеді» деген мағына беріп, оны тек қалыңдық киген. 10. Бас киімді теріс киюге болмайды. Ұлттық киімге айрықша мән берген ата - анамыз асыл сөздің кестесімен ұрпақ жүрегін тербеп, ой санасын игі адамгершілікке жетелеген.
Достарыңызбен бөлісу: |