Өткізген:Технология және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Арзықұл.Ж.Н
Шалқар қаласы 2019 жыл
Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы
Сабақтың мақсаты: Сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын,сөздік қорын,ақпараттық құзіреттілігін дамыту
Міндеті: технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Түрі: Ауызша-1
Көрнекілігі: Матрица, тірек сөздер, сын тұрғысынан сұрақтар , қарама-қарсы сұрақтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі мотивация. (2 минут) Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу. Бүгінгі біздің сабағымыз БжС технологиясының «Ауызша сабақ-1″ картасы негізінде өтеді. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз берейік.
ІІ.Сіздерге үйге «Бутерброд түрлері» берілген болатын. Олай болса сұрақтарға жауап бере қойыңыздар.
ІІ. Қарама-қарсы сұрақтар. 7 мин 1.Ашық бутерброд нешеге бөлінеді? Қандай-қанай?(қарапайым,көрделі)
2.Дайындау технологиясына қарай бутербродтар қалай аталады?(салқын,ыстық)
3.Бутербродқа қандай өнімдер қосылады? (шұжық,ірімшік,қияр,жұмыртқа)
4.Ыстық сусындарға нелер жатады? (кофе,какао,шай)
5.Дастарқанға қояр алдында дайындалатын бутерброд (салқын)
6.Ағзадан улы заттарды шығаратын және пайдалы сусын (су)
7.Бүйрек пен бауырға пайдалы жеміс (алма)
8.Көмірқышқыл газы,лимон қышқылы,натрий бензонаты қосылған сусын (газдалған сусын)
9.Минералды су,шырындар қандай сусындарға жатады? (салқын)
10.Алдын-ала дайындалатын бутерброд түрі (ыстық)
ІІІ. Жаңа тақырып. (6 минут). Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы
Тақтадан 7 тірек сөз шығып тұрады.Тақырып ішінде мұғалім сөздердің мағынасын түсіндіреді. Тірек сөздер жабылады -30 минут беріледі.Оқушылар сөздерді есте сақтап жатқа жазу керек.Оқушылар дәптер алмасып,бірін-бірі тексереді. Нормаға сай есте қалған сөздерді айтқан оқушыға ООМ ұяшығына плюс немесе минус қойылады.