Сабақтың тақырыбы : Болжалдық және бөлшектік сан есімдер



бет1/2
Дата26.09.2022
өлшемі19,73 Kb.
#150843
түріСабақ
  1   2

Күні:06.12.2017
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: Алдабергенова Анар Жәнібекқызы
Сыныбы:6 «в»
Сабақтың тақырыбы: Болжалдық және бөлшектік сан есімдер
Сабақтың мақсаты: Болжалдық және бөлшектік сан есім туралы біліп, білімдерін кеңейту. Сан есімнің жасалуын талдау арқылы жете түсіндіру арқылы сабақтың мақсатын толық ашу.
Сабақтың міндеті:
а) білімділік: оқушыларға бөлшектік және болжалдық сан есімдер жайлы
толық мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ..
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдістері:түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,семантикалық карта
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық
Сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші мәлімдемесі.
Түгелдеу.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
III.Үй тапсырмасын бекіту.
«Жуан жіңішке сұрақтар».
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Сан есім құрамына қарай қалай бөлінеді?
3.Жинақтық сан есім дегеніміз не?
4.Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
5.Топтау сан есім дегеніміз не?
6.Мысал келтіріңдер?
IV.Жаңа сабақты түсіндіру.
Болжалдық сан есім дегеніміз заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? Неше? Қай шамалы? Қаншадан? сияқты сұрақтарға жауап береді.Болжалдық сан есімдер бірнеше жолмен жасалады.
1.Есептік сан есімдерге –лаған (-леген), -даған (-деген), -таған (-теген), -лап (-леп), -дап,- (деп),-тап (-теп), дай,-(дей),-тай (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.Мысалы:жүздеген, отыздаған, мыңдап, елудеп т.б
2.Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы,оның үстіне жатыс, барыс септік жалғауының бірі жалғану арқылы жасалады.Мысалы: (жасы) елулерде, сағат (ондарда), отыз бестерге (келген т.б)
3.Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады.Мысалы:он-он бес, жетпіс-сексен, елу-елу бестерде т.б
4.Есептік сан есімдерге шамалы, қаралы,шақты, таман, тарта, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңға тарта, отызға жақын, т.б
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді.Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады.

Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т. б.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет