Сабақтың тақырыбы : Дүниетанымның ерекшеліктері Сабақтың мақсаты : а білімділік



Дата23.08.2017
өлшемі49,12 Kb.
#24811
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пән: Қоғамтану

Сабақтың тақырыбы: Дүниетанымның ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік

Студенттерге дүниенің танымдылығы мәселесі, таным теориясының негізгі ұғымдары жайында мағлұмат беру.






ә) дамытушылық

Студенттердің өз ой-пікірлерін емін-еркін айтуларын дамыту.






б) тәрбиелік

Тақырып мазмұны арқылы студенттерді еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: теориялық сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап

Оқыту құралдары: мультимедиялық проектор, слайдтар, «Ақиқат және адасу»

сызбасы, Гельвеций, Р.Тагор, Л.Н.Толстой портреттері.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Студенттерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ә) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жоспар:


1. Адамның танымдық қызметі.

2. Таным теориясының негізгі ұғымдары.

3. Сезімдік таным және оның формалары: түйсінім, қабылданым және елестетім.

4. Рационалды таным және оның формалары: ұғым, пікір және ой қорыту.

5. Ақиқат ұғымы.

6. Ақиқат пен адасу.

Гносеология – айнала дүниені тану туралы философиялық пән. Таным теориясы немесе гносеология - философиямен бірге оның іргелі бөлімі ретінде пайда болып қалыптасты. Ол адам танымының табиғатын, білімнің формалары мен түрін тереңнен бойлау әдістерін зерттейді.

Гносеологиядағы орталық ұғымдарға «таным субъектісі» мен «таным объектісі», «білім», «таным» жатады.

Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол – бірдеңені танып білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін.

Таным объектісі деп танымдық қызмет неге бағытталған болса, соны айтамыз. Демек, ол – танылушы, мысалы, молекула, атом, адам, тұтас табиғат.

Білім – реалды дүниенің объективтік заңды байланыстарын өз қызметінде бейнелейтін және идеалды түрде жаңғыртатын адам санасында берілген субъективтік реалдылық.

Таным – адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін-өзі тануға бағытталған арнайы түрі.

Сезімдік таным – адамды сыртқы дүниемен тікелей байланыстыратын сезім

органдары арқылы ақпараттар алумен жүзеге асырылады. Сезімдік таным шындықты бейнелейтін сезімнің берілуіне негізделген. Сезімдік танымның негізгі формаларына:



  • Түйсінім;

  • Қабылданым;

  • Елестетім жатады.

Түйсінім нәрсенің белгілі бір сапалық жағының бейнелі көрінісі болып табылады.

Ол сыртқы нәрсенің сезім органдарына әсер етуінің негізінде туындайды. Түйсінімдер арнайы сипатқа ие. Көру түйсінімі бізге нәрсенің формасы, оның түсі туралы мағлұматтар береді. Есту түйсінімі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді.

Қабылданым дегеніміз – бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болатын объектінің тұтас бейнесі.

Елестетім дегеніміз – өткен уақытта сезім органдарына әсер еткен, бірақ қазіргі сәтте қабылданып тұрмаған нәрсенің жалпыланған сезімдік-көрнекі бейнесі.

Рационалды таным – бұл заттардың ішкі мәніне үңілудің, олардың болмысын анықтайтын заңдылықтарын танып білудің құралы болып табылатын адамның ойлауы арқылы жүзеге асатын таным. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорытым жатады.

Ұғым дегеніміз – құбылыстардың жалпы заңдылықты байланыстарын, мәнді белгілерін бейнелейтін ойлау формасы.

Пікір – нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ екендігін ашатын ойлау формасы.

Ой қорытым – логикалық ойлаудың жоғары формасы.

Ақиқат – білімнің өз пәніне, шындыққа сәйкестілігі. Ақиқаттың объективтілігі –

тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген қоғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі.

Ақиқат дегеніміз – процесс, ол «объектіні бірден, тұтасымен және толық көлемде түсінуге қол жеткізетін бір реткі акт емес». Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

Кестелермен жұмыс.

№1-кесте


Гносеология




Таным




Таным субъектісі




Таным объектісі




Білім




№2-кесте


Түйсінім

Қабылданым

Елестетім










Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.



  1. Адамның өміріндегі білімнің рөлі туралы ойланып көріңдер. Қалай көп білім алуға болатыны туралы пікір алысыңдар.

  2. Білім мен таным арасындағы айырманы ажыратып алыңдар.

  3. Скептицизм мен оптимизмнің мәні неде?

  4. Таным формалары және олардың көздері туралы айтып беріңдер.

  5. Ұғымды қалыптастыратын операцияларға жеке сипаттама беріңдер.

  6. Ақиқатқа сипаттама беріңдер.

  7. Жаратылыстану ғылымдарының спецификасы неден тұрады?


ІV. Үй тапсырмасы.

Терминдерге анықтама беру.


V. Қорытындылау (студенттерді бағалау).

Сабаққа белсенді араласып, тапсырмаларды орындаған студенттерге баға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет