Сабақ жоспары
Күні:05.04.2017
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі
туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыкқа, жинақылыққа және жауапкершілдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың типі:Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, әдістемелік құрал.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу;
- топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Жаңа сабақ
Сендер енді-суреттерді құруды және өзгертуді,мәтін теруді,оны түзетуді және безендіруді білесіңдер.
WopdPad -те суреттермен жұмыс істеудің бірнеше мүмкіндігі бар.
1-тәсіл:
Мәтінге дайын суреттердің фрагменттерін қосу үшін алмасу буферін қолдануға болады
2-тәсіл.Егер сендер иллюстрациялар дайындап,оларды файлдарда сақтасаңдар,онда Кірістіру-Кескін бұйрығын пайдаланыңдар.
3-тәсіл:
Егер сендер мәтінмен жұмыс істеу барысында кішкене сурет қосуды шешсеңдер онда Кірістіру-Paint суреті батырмасын бұйрығын пайдаланыңдар.
Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:
1.Алмастыру буфері арқылы (суретті ашу,қажет фрагментті ерекшелеу,оны алмастыру буферіне көшіру,алмастыру буферіне мәтінге кірістіру,
2.Суретті файлдан кірістіру (Кірістіру-Кескін)
3.Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paintты салу (Кірістіру-Paint суреті)
Сендер енді – суреттерді құруды және өзгертуді, мәтін теруді,оны түзетуді және безендіруді білесіңдер. Енді біз мәтінге кескін қоюды үйренеміз.
Мәтінге кескінді 3 тәсілмен кірістіруге болады:
-
Алмастыру буфері арқылы.
-
Суретті файлдан кірістіру.
-
Мәтінмен жұмыс кезінде суретті Paint-те салу.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс.
Тапсырма:
-
Paint редакторында отбасы ағашын салыңдар.
-
WordPad редакторында отбасы туралы қысқаша әңгіме жаз№
-
Отбасы ағашын WordPad редакторына көшіру
Жаңа тақырыпты бекіту және оқушыларды бағалау кезеңі
-
WordPad мәтіндік редакторында құжат құру сатыларын атаңдар.
-
Мәтіннің қарпін, өлшемін, әлпетін қалай өзгертеміз?
-
Мәтінді тегістеудің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?
-
Суретті мәтінге қосудың тәсілдерін атаңдар?
Үйге тапсырма: §25 тақырыпты оқып келу, .
Достарыңызбен бөлісу: |