Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті



бет1/15
Дата13.11.2016
өлшемі2,38 Mb.
#1677
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы : Халық ауыз әдебиеті

Сабақтың мақсаты : а) Әдебиеттің түрлері туралы түсінік бере отырып,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Демалыста оқыған шығармаларын сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауыз әдебиеті — халқымыздың асыл мұрасы. Ол — төгілген сөз маржаңдарына бай. Онда халқымыздың ғасырлар бойғы басынан кешірген тарихи белестері, елінің тәуелсіздігі жолындағы ерлік, батырлық қимылдары, халықтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, арман-мүддесі, қиялы, жастардың кіршіксіз пәк махаббаты сөз өнерімен кестеленген.

Бұл тарауға тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз- әңгімелер, батырлық дастан мен лиро-эпостық жырлар, шешендік сөздер үлгілері сияқты ауыз әдебиетінің әр түрі енген.

Оларды оқып-үйрену үстінде әдебиеттің көркемдік әлеміне енесіндер. Асыл сөз өрнектерімен сусыңдап, рухани жан дүниелерің байи түседі.

Ауыз әдебиетінен сусындамаған, нәр алмаған бірде-бір шынайы суреткер болған емес. Ауыз әдебиеті — олардың құнарлы топырағы

Ауыз әдебиеті — талай ғасырлар жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертегішілері оны сонау ықылым заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, бүгінгі біздің дәуірімізге жеткізген.



Топпен жұмыс: .Ауыз әдебиетінің түрлерін топтастыру.

Тұрмыс-салт жырлары мақалдар жұмбақтар



ертегілер

аңыз әңгімелер мәтелдер

шешендік сөздер айтыстар



Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

  3. Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс-салт жырлары

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1. «Әдебиет» деген сөз қай тілден енген?

2. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

3. Ауыз әдебиетінің жазба әдебиетінен қандай айырмашылығы бар?

4.Ауыз әдебиеті қандай салаларға бөлінеді?



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ ауыз әдебиетінің үлкен саласы-тұрмыс-салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді,жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атайды.



Кітаппен жұмыс: Кітаптан тұрмыс- салт жырларының түрлерінен мәнерлеп оқиды.

Топпен жұмыс: .Тұрмыс-салт жырларының түрлерін топтастыру.

Бесік жыры тұсаукесер жыры жар-жар



тойбастар

беташар бата-тілек

жоқтау наурыз жыры



Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Тұрмыс-салт жыры дегеніміз не?

  2. Қандай түрлерін білесіңдер?


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.


Үйге тапсырма: Тұрмыс-салт жырлары және оның түрлері туралы оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер

Сабақтың мақсаты:

а) оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім,білігін тереңдету,салыстыру,ажырата білу дағдылары мен оқу,талдау машықтарын қалыптастыру;

ә) ана тілін ардақтап бағалай білуге,сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;

б) оқушылардың логикалық ойлауын,ой дәлдігін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал-тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу;



Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар,түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, тірек сызба,суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?


б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Тақтаға мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.

Білім қымбат,білу қиын.

Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ,

Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.

-Балалар,бұл мақалдарды біздің сабағымыздың ұраны етіп алсақ,жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек, бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы...

-- Мақал-мәтелдер.

--Дұрыс,балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя мұқият түсініп алыңдар. Содан соң жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз.

Мақал-мәтелдер –халық даналығының,көрегендігінің айнасы,тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдер-өмір шындығының көрінісі,халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті,өмір сүру әрекетінің ережесі.

«Сөздің көркі- мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса,сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал –мәтелдер сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады


Халық даналығының айнасы



Халықтың ұрпағына өсиеті

Асыл сөз қазынасы.



Өмір сүру ережесі

(Жолда жүру,суда жүзу,қауіп. Ереже



Мақал-халықтың өмірден алған тәжірибесінің,ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы,айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырылып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана,нақыл сөзі.


Ой,тиянақты,дәлелді

Аяқталған сөйлем

салыстыру



Екі бөлімді

Мақал-мәтелдер қосарлана айтылғанымен,олар бір-біріне туыс болғанмен,екеуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады. Мысалы: «Тоқпағы күшті болса,киіз қазық жерге кірер» деген мақалды алсақ,бұл мақал екі жай сөйлемнен тұрады. Мұнан мақалдардың көбіне екі бөлімнен тұратынын білеміз. Оның үстіне мақалдарда ой тиянақты болады. Алдыңғы ой екінші түйінді пікірдің шарты түрінде келеді. Яғни киіз қазақтың жерге кіруі тоқпағының күшті болуына байланысты. Сонымен қатар мақалдарда бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар мен нәрселерді салысстыру арқылы ой-пікірді айқындай түсу тәсілі басым келеді. Мысалы: «Біреу тойып секіреді,біреуі тоңып секіреді», «Ер жігіттің екі сөйлегені-өлгені,Еменнің иілгені –сынғаны» деген мақалдардан дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей жүріп отыратынын байқаймыз. Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшалап,болжам ретінде түсіндіретін, сөйлем түрінде де, сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.


Сөйлем немесе сөз тіркесі


топшылау

Мағына тұспалды

Қорытынды пікір, дәлелдеу жоқ


Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін білмеген әлек», «Көппен көрген ұлы той» деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ. Оны, бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшалайды. Мәтелде тиянақты тұжырым да болмайды.

Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық,рухани өмірін түгел қамтиды.

Топпен жұмыс: Мақалдар мен мәтелдерді ажыратып баған түрінде жазу 1-топ мақалдарды, 2-топ мәтелдерді.

Білімді бекіту: Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.



Мақал-мәтелдер

Тақырыптары

1

2

3



4

5

6



7

Денсаулық-зор байлық

.............

Досы көпті жау алмайды,.....

...............

Ата көрген оқ жонар,........

...............

Ерді намыс өлтіреді, ...........


.......

өнер-білім

...........

Еңбек


...........

Ынтымақ,бірлік

..........


Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Әр түрлі тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер жаттап келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Сәбидің дүниеге келуімен байланысты өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты : а) ауыз әдебиетінің түрлері туралы түсінік беру,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ халқында нәрестенің дүниеге келуі үлкен қуаныш болып тойланған. Отбасының арманы мен тілегі, алтын тірек-діңгегі, ерлі-зайыптылардың сүйеніші мен қуанышы — бала.

Сондықтан да қазақ халқының ертегі, өлең-жырларының көбінде зарыққанда көрген ұлдарының батыр, өнерлі болып суреттелуі "Атадан ұл туса екен, ата жолын қуса екен, еліне қорған болса екен" деген тілектен туған.

Адамның тууынан бастап, қартайғанға дейінгі өмір жолының әр кезеңін атап өту, оған арнап өлең-жыр шығару қазақ халқының ежелгі дәстүрі болған. Бала туғанда елді жинап "шілдехана" жасау, азан шақырып, ат қойғызу, бесікке салу, аяғын апыл-тапыл баса бастаған кезде "тұсау кесу", алғаш рет жолға шықса "тоқым қағар", бес жасқа келгенде "атқа мінгізу", мектепке оқуға барғанда "тіл ашар" тойларын жасау секілді салт-дәстүрлер сақталған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры. Баланы бесікке салуды қазақтар қуанышпен тойлап өткізген. Мұны да ойын-сауыққа айналдырған. Онда айтылатын өлең-жырларда жас бала дені сау, еңбек сүйгіш, өнерлі, елін қорғаушы ер-азамат болып өссе екен деген тілек байқалады.

"Бесік жырында " ананың балаға деген мейірі, махаббаты жырланады.

Мәселен:

Әлди, бөпем, әлди-ай!

Айналайын шырағым,

Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым,

Әлди, бөпем, әлди-ай!



Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Шығармашылық жұмыс: «Шілдехана», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар», «Атқа мінгізу» туралы ойтолғау жазады

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

  3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

  4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Бесік жыры», «Тұсау кесер», өлеңдерін жаттап, әуенімен айтып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы : Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар

Сабақтың мақсаты : а) Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар,электронды оқулық т.б

Пәнаралық байланыс : тарих,ән-күй

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?

  2. Тұрмыс-салт жырлары әдебиеттің қай түріне жатады?

  3. Салт өлеңдерінің ішінде қайсысын көп қолданады?

  4. Не себепті баланың тұсауын ала жіппен кеседі?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамның дүниеге келуі қандай заңды құбылыс болса, дүниеден өтуі де сондай заңдылық. Туу, өсу, өлу, қайта жаңғыру — табиғатқа тән нәрсе. Адам да — табиғаттың перзенті. Адам дүниеге жылап келіп, жылап кетеді. Тіршіліктегі қуаныш сезімін, өмірінің әр кезеңін өлең-жырмен өрнектеу қандай заңды болса, өліммен байланысты қайғы, мұң-шерді де осылай атап өту ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың "Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең" деуі осы жағдайды сипаттаудан туған. Адам өлімімен байланысты кеңілдегі мұң-шерді, қайғы-қасіретті сыртқа шығарған өлең-жырларды көңіл-күйімен байланысты туған шығармалар дейміз. Олар қоштасу, естірту, жоқтау болып үшке бөлінеді.

Қоштасу. Қоштасу өлеңінің негізіңде белгілі бір қайғылы хал жатады. Қазақ халқы өзінің тарихында талай ауыр күндерді басынан кешірді. Жат жұрттық жаулармен соғыс кезінде кір жуып, кіндік кескен жерін тастап, қоныс аударуға тура келді.

Тіпті тыныштық заманның өзінде де халықтың аяулы ақындары, шешендері, жыршылары елінің хан-сұлтандарымен келісе алмай, басқа жаққа кетуге мәжбұр болған кездер бар. Сондайлардың кейбіреулері патша үкіметімен, бай, болыстармен ұстасып, Сібірге жер аударылды. Күтпеген жерден сүйікті баласынан, сүйген жарынан айырылды. Міне, осындай жағдайларға байланысты қоштасу өлеңдері пайда болды.

Қоштасу өлеңдерінің тақырыбы әр алуан болса да, мазмұны, түрі төркіндес келеді. Олардың қай-қайсысында болса да көңіл күйі, еліне, жеріне, ғашық жарына, ата-анасына, туған-туысқанына деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі білдіріледі.

Кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерді мәнерлеп,нақышына келтіре оқиды.

Шығармашылық жұмыс: «Қоштасу», « Естірту», «Жоқтау», туралы түсініктерін айтады.

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Көңіл-күйді білдіретін жырларға қандай жырлар жатады?

  2. Қоштасуды қандай жағдайда айтады?

  3. Естірту мен көңіл айтудың айырмашылығы қандай?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырларды оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9



Сабақтың тақырыбы: Ертегілер

Сабақтың мақсаты: а) ертегі туралы түсінік бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,пәнге деген қызығушылығын арттыру;

ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;

б) оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, суреттер т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Ертегілер — халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алатын және жазу-сызу өнері болмаған кезде ауызша шығарылған күрделі шығармаларының бір түрі.

Ертегілер көбінесе қара сөзбен айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы ауызша шығарылып айтылатын көркем әңгіме деуге де болады.

Халық әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбек кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты баяндалады.

Қазақ ертегілерін, академик М. О. Әуезовтың пікірінше, үш жікке бөліп қарастыруға тура келеді. Олар: қиял-ғажайып ертегілер, хайуанаттар жайлы ертегілер, тұрмыс-салт ертегілер. Солардың ішіндегі ең көне түрі — қиял-ғажайып ертегілері. Ертегілердің бұл түрі халықтың сана-сезімінің табиғаттың дүлей күшінің ішкі сырын танып білмей тұрған сәбилік кезінде пайда болған. Олардың бәрі жанды, киелі деген түсініктен туған. Табиғат сырларын білсем екен деп армандаған халықтың ой-тілек түйінінен шыққан.

Ертедегі адамдар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмір сүрсек екен деп армандаған. Бұл арманға олар өздерінің қиялы арқылы ғана жеткен.

Қиял-ғажайып ертегілерінің жағымды кейіпкерлері қарапайым еңбек адамдары, аңшы-мергендер, бақташы-малшылар болып келеді. Олар өздерінің күн көрісі жолында неше түрлі жыртқыш аңдармен немесе табиғаттың дүлей күшімен күресуіне тура келеді. Ал бұған қарама-қарсы қиял-ғажайып ертегілерінің нағыз жағымсыз кейіпкерлері ретінде жалмауыз кемпір, жеті басты жылан, жалғыз көзді дәу, жезтырнақ, айдаһар, қорқау қасқыр, т. б. алынады. Сөйтіп, қиял-ғажайып ертегілерінде жанды-жансыз кейіпкерлер арасында орасан зор тартыс, күрес басталады. Жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Сөйтіп, қоршаған, күресетін жаулары қанша мықты болса да адам баласы өздерінің ақыл-парасатымен оларды жеңіп отырады. Жағымды кейіпкерлер өзінің мақсат-мұратына жетеді. .



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет