ІІІ. Ой ашар.
Жаңа сабақа әзірлік.
1.Жамбылдың «Зілді бұйрық» өлеңі мәнерлеп жатқа оқылады.Өлеңнің мазмұны 1916 жылғы Ұлт-азаттық күреске байланысты жазылғандығы айтылады.
2.Айтыс өнері,оның даму кезеңі,айтыс ақындары,Жамбылдың айтыстары туралы ойлары ортаға салынады.
IV.Мағынаны тану.
Жаңа сабақ.
Тақтада ілінген көрнекіліктер арқылы сабақ түсіндіріледі.
1.Өмірі туралы мәлімет. Халықтың мұң-мүддесін қорғаған,қазақ халқының бақытты болашағын армандаған бұқарашыл бағыттағы Абай,Махамбет,Сүйінбай,Шернияз секілді ақындар мектебінің ірі өкілдерінің бірі – жыр алыбы Жамбыл.
Жамбыл өмірімен де,шығармашылығымен екі ғасырды молынан тұтастыра қаусырып жатқан ұлы тұлға!
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы 1846 жылы ақпан айында Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген...
2.Шығармашылығы. Жамбыл шығармашылығын төрт топқа бөліп қарауға болады.Өзі кедейлікті көп көрген ақын алдымен байларды,халықтың қолы жете алмаған байлықты сынайды.Ондай көріністер «Сәт сайланарда», «Мәңке», «Шалтабайға» т.б. өлеңдерінде жиі кездеседі.
Малы көп бай жылайды қар жауғанда,
Бәрін тастар ниеті малға ауғанда.
Жерден алтын тапқандай кедейлер жүр,
Әйелі шелек толы сүт сауғанда.
Тағы бір өлең-жырлары соғыста жүрген майдангерлерге қуат беріп,ерлікке үндейді.
3.Айтыстың асқан шебері. Жамбылдың даңқы алдымен айтыс өнері арқылы шыққан.Өз тұсында небір бұлбұл,небір дүлдүл ақындармен айтысып тізе бүктірген.Алғашқы айтыстары ойын-тойларда өтеді.Жамбыл жастықтың салтын сақтап,Айкүміс,Бұрым,Сара сияқты қыздармен айтысады:
Сыртың бір сұлу жан екен,
Сыпайы көзге көрінген.
Сыр мінезің бар екен,
Сөйлесуге ерінген.
Қамқа камзол киінген,
Қас қабағың керілген.
Жамбыл Құланаян Құлманбетпен 1881жылы,Сарбас ақынмен 1895 жылы,Досмағанбетпен 1902 жылы, Шашубаймен 1909 жылы айтысады.
Жамбылдың атақ-абройын аспандата көтерген айтысы – Құланаян Құлмамбетпен айтысы.Құлмамбет өз сөзі арқылы қарапайым халықты көнбістікке,кіріптарлыққа, бағыныштылыққа шақырып,ақындық өнерді байлықтан,барлықтан төмен қояды.
Жамбыл:
Адамдықты айт,ерлікті айт,батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап әуре болмай үйіңе қайт- , дейді.Сөйтіп,Жамбыл айтыстарда аттың басын соны сонарға бұрып,елінің мәртебесін көтере,ел қорғаған азаматының атын атойлай,езілгендер мен жәбір шеккендерге ара түсе шырқайды,ел мүддесін қорғайды.
4.Іздену жұмыстары.
Оқулықтағы мәтін іштей оқылып әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топ
Жамбылға ұстазы Сүйінбайдың айтқан сөзін тауып оқыңыз. «Балам,өз өлеңіңді шығар,бірақ оны жұрт жаттап алатын,ешкім ұмытпайтын өлең болсын.Шындықты айт,әділдікті жырла».
ІІ топ
1913 жылы Романовтар әулетінің үш жүз жылдық мерейтойына арнап айтқан «Өстепкеде» өлеңінен үзінді оқып,мағынасын таныстырыңыз.
Үйсін,Найман саңлағы, Желді күнгі қамыстай
Өстепкеде жиылдың. Жапырылып иілдің.
Елде жүрген егейлер, Келтіріңдер намысты,
Ұлық көрсең ұйлығып. Бек қорланып күйіндім.
Бай болыстардың,жағымпаздың мінезін сынау мақсатында айтылған.
ІІІ топ
Жамбыл мен Құлмамбеттің ақындар айтысына кіріскен қызулы шағын суреттеген жерді тауып оқыңыз.
Ақыры,міне,екі әйгілі ақын алқалы топтың алдында,үлкен тойдың қызба шағында батырлардай айқасып,палуандай шайқасып ұстаса кетеді,дүйім жұрттың бүйірін қыздырады.
Дәптермен жұмыс. Ақынның Құлмамбетке айтқан жауабын (1 шумақ) жазып,өлең ұйқасына талдау.
V. «Ой толғаныс»
Жаңа сабақты бектіту. «Зерттеу» жұмыстары.
1-тапсырма. Ақын мұрасының өрнек кестесін құрастырыңыз.Ақын мұрасының өміршеңдігі неде деп ойлайсыз?
2-тапсырма.Сүйінбай мен Жамбылдың қарым –қатынасын қалай бағалауға болады?(«бала Жамбылға бата» өлеңі мәнерленіп оқылады.)
Ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық.Жамбыл ұстазы Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап,ұстазының есімін ардақ тұтумен өтеді.
3-тапсырма. Жамбыл айтыстарын қазіргі кездегі айтыстармен салыстыра сипаттаңыз.(Венн диаграммасы)
VI. Үйге тапсырма.
1.Ақын туралы көркем әдебиеттермен танысу.Әр айтысынан үзінді жаттау.
VII. Поэзия минуты.Әр оқушы өз шығармашылығынан өлең оқиды.
VIII. Топ бойынша бағаланып, көп ұпай жинаған топ «Жамбылдың шәкірттері» атанады.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлин
(1915-1983)
Сабақтың мақсаты:
а)жазушының өмірінен мәлімет бере отырып ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) логикалық ойлау қабілеттерін,өмірге деген көзқарастарын дамыту; б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: баяндау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,хрон. кестені тол.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Әйгілі жазушы қазақ әдебиетін талай қырға шығарып тастаған,қала берді,алпысыншы жылдары қазақ санасында төңкеріс жасаған І.Есенберлин 1915 жылдың 10 қаңтарында қазіргі Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген.Қазақ тау-кен және металлургия институтын бітірген.Жазушының алғашқы шығармалары баспасөз бетінде 1940 жылдан бастап жарық көреді.Поэзия,проза,драматургия,кинодраматургия саласында жемісті еңбек еткен жазушы алғашында ақын ретінде танылады. 1945 ж. «Сұлтан», «Айша» дастандары жарық көреді.
Бес поэма,төрт пьеса,үш киносценарий,он алты роман жазған қаламгердің берекелі таланты – қазақ халқы өмірінің ғасырлар панорамасын көрсетіп берді.Көпғасырлық тарих,ұлттық зиялы қауымның қалыптасу кезеңіндегі трагедиялар,колхоздастыру дәуірінің шындығы.Ұлы Отан соғысына қазақтардың қатысы,тың игеру жылдарының хикаясы,Маңғыстау майданы,геологтар,мүсіншілер,артистер,жазушылар тағдыры – Ілияс Есенберлиннің романдар сериясындағы өзекті тақырыптар.
Поэзиясы: «Сұлтан», «Айша», «Адамгершілік жыры», «Әлия», «Ұмытпаңыз ер қызды», «Домбыра», «Жаңа өлке», «қыз арманы», «Көк кептер», «Ақ қайың»т.б.
Повестер: «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл»
Романы: «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар», «Көшпенділер», «Алтын орда», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «»Алтын құс», «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Маңғыстау майданы» т.б.
Хронологиялық таблицамен жұмыс: Оқушылар елеулі жылдардағы болған оқиғаларды дәптерлеріне жазады.
Білімді бекіту: 1. І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?
2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І.Есенберлиннің шығармашылығын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің поэзиясы.
(1915-1983)
Сабақтың мақсаты:
а)І.Есенберлин өлеңдерінің мазмұнын меңгерту,көркемдік ерекшелігін ашу.Көркем поэзияның сөз өнерінің құдіретін таныту;
ә) көркем поэзияға деген қызығушылықтарын,эстетикалық талғамдарын кеңейту;
б) Сабақ барысында оқушыларға мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сабақтың түрі: лекция сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,журналдар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген І.Есенберлиннің өмірбаянын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?
2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру
І.Есенберлин әдебиет әлемінің босағасын аттағанда поэзия жанырына олжа сала келді. «Сұлтан», «Айша» дастандары 1945 жылы шығып,кейіндері «Адамгершілік жыры» жинағына кірді.Оның алғашқы өлеңдері әйел тақырыбы,батыр қыздар туралы болып көрінді
өлеңдері: «Әлия», «Ұмытпаңыз ер қызды», «Домбыра», «Жаңа өлке», «Қыз арманы», «Тыңда көрдім бір қызды», «Көк кептер», «Елге қайтқанда», «Бесік жыры», «Бөбегіме», «Жарға» т.б.
поэмалары: «Көңіл дастаны», «Қазақ қызы», «Әділбек» т.б.
кітаппен жұмыс: Кітаптан өлеңдерін мәнерлеп оқып,өлеңді құрылысына қарай талдайды.
білімді бекіту: І.Есенберлиннің шығармаларындағы махаббат тақырыбы және бүгінгі күндегі махаббаттың жырлануы жайлы өз ойларыңды білдіріңдер.
білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
үйге тапсырма: І.Есенберлиннің поэзиясын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: І.Есенберлиннің прозасы.
(1915-1983)
Сабақтың мақсаты:
а) Жазушының шығармаларының тақырыбы мен идеясын оқушылардың өздеріне ашқызу; әдеби-теориялық талдау жүргізу арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу;
ә) Сын тұрғысынан ой қорытындысын жасауға үйрету,тіл мәдениетін жетілдіру;
б) адамгершілік,достық қасиеттерді бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген І.Есенберлиннің поэзиясын сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1.І.Есенберлин өмір сүрген кезеңі туралы не білесіңдер?
2.І.Есенберлин шығармашылығы неліктен поэзиядан бастау алады деп ойлайсыңдар?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
І.Есенберлин 1960 жылы «Өзен жағасында» 1965 жылы «Толқиды Есіл» деген повестер жазды.Бұл шығармалары қазақ әдебиетінде көп көріне қоймаған геологтарға арналған еді.Дегенмен алғаш жазған шығармаларының ішінде жазушының айбынын асырған «Айқас» 1966ж.ж. романы болды.
Романдары: «Айқас», «Көшпенділер» трилогиясы
Повестер: «Өзен жағасында», «Толқиды Есіл» т.б.
Дәптермен жұмыс: Дәптерлеріне шығармадағы кейіпкерлерді және оқиғалардың немен аяқталғаны туралы жазады.
Білімді бекіту: І.Есенберлин шығармаларындағы тарихи оқиғалар және оның басты кейіпкерлері: Абылай,Бұқаржырау,Бөгенбай,Қабанбай,Кенесары,баян,Шығыс хан туралы не білесіңдер?
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: І.Есенберлин прозаларын оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев
(1931-1976)
Сабақтың мақсаты:
а) Ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзияына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру;
ә) ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту;
б) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,газеттер
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б)Жаңа сабақты түсіндіру:
Қазақ поэзиясында өзіндік жарқын із қалдырған дарынды ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев 1931 жылы ақпанның тоғызы күні Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Қарасаз деген жерде дүниеге келген.Анасы Нағиман батанқызының айтуынша: «Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы еді. ... Тиын деген енем бар еді ...
Мұқағали бастауыш сыныптарды қарасаз өңіріндегі шағын ауылдарда оқып,үлкен мектепті аудан орталаығы – Нарынқолдағы интернатта бітіріп шықты.Ауқаттлардың балалары Алматы аып,үлкен оқу іздеп жатқанда,ол ауылдық кеңесте хатшы болып қызметке тұрды.Он төрт-он бес жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ.Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап,бірінен кейін бірін оқитын да жататын.Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ таңданатын: «нағиман шеше,сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр» - дейтін... Сөйтсем,өзін-өзі оқытыпты ғой, шырағым».
М.Мақатаевтың ақындық қабілеті бала кезінде-ақ белгі берген.Бала кезінен көптің назарына ілікен Мұқағали ауыл арасындағы қағыс-айтыстарға да түсіп,әріптестеріне алдырмайды екен.1962жылы Алматыға көшеді.Қазақ радиосында директор, «қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болады.
өлеңдері «Отыздан асып барамын», «дариға,домбырамды берші маған», «Фариза», «Бір бала» т.б.
поэмалары: «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек! Райымбек»
кітаппен жұмыс: Кітаптан Мұқағалидың өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
тақтамен жұмыс: Тақтаға бір шумақ өлеңін жазып құрылысына қарай талдайды.
Сен сүйген // орман // көлдерде 1 шумақ
Жыл сабып // құстар // келгенде 4 тармақ
Көк жиек // сонау // белдерден 11 бунақ
Сағынам // сағым көргенде 8 буынды.
Білімді бекіту: Оқушыларға тест сұрақтары беріледі
Білімді бағалау: Оқушыларды жауаптарына қарай бағалаймын.
Үйге тапсырма: М.Мақатаевтың өмірбаянын және поэзиясын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров
Сабақтың мақсаты: а) ақынның өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке баулу.
ә) адам баласында кезесетін жаман мінез-қылықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету
б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: лекция түрінде
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
І.Жансүгіров 1894 жылы Талдықорғанның Ақсу ауданында(қазіргі Алматы облысы,Ақсу ауданы)туған.Анасынан ерте қалған Ілиясқа ескіше хат танитын,көзі ашық,көкірегі ояу әкесі Жансүгір ескі әңгіме,аңыз-ертегі,жырларды жасынан құлағына құйып өсірді. Біраз уақыт Қарағаш деп аталатын жерде Мамановтардың ашқан жаңа үлгідегі мектепте оқиды.1920 жылы Алматыдағы үш айлық мұғалімдер курсын бітіреді.Ташкенттегі Қазақ ағарту институтына түсіп,денсаулығының нашарлауына байланысты аяқтай алмайды,алғашқы өлеңдері «Тілші», «Кедей еркі», «Лениншіл жас» газеттерінде, «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жарияланады.
1928 жылы «Сағанақ» деген атпен тұңғыш кітабы шығады.1927-1937 жылдары жазылған поэзия,проза,драматургия,сын,аударма салаларында мол әдеби мұралар – қазақ әдебиетінің классикалық шығармалары.І.Жансүгіров Москвадағы Коммунистік журналистика институтында оқиды. «Еңбекші қазақ» газетінде,1934-1935 жылдары Қазақстан көркем әдебиет баспасында қызмет етеді.І.Жансүгіров 1938 жылы репрессия құрбаны болды.
өлеңдері: «Көңілдің жүгірісі», «Өзіме», «Сәлемдеме», «Замандасқа», «Талғамалар», «Жаңылғаным» т.б.
поэмалары: «Күй»(1929), «Дала»(1930), «Күйші»(1934), «Құлагер»(1936).
драматургиясы: «Кек», «Түркісіб»
кітаппен жұмыс. Ілиястың өлеңдерін мәнерлеп оқиды және құрылысына қарай талдайды.
білімді бекіту: І.Жансүгіровтың алғашқы өлеңдері қандай тақырыптарды көтерді? т.б.
білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: «І.Жансүгіровтың поэмалары» деген тақырыпта реферат жазып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов
(1897-1961)
Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Сымбатты,шымыр туған жердің табиғатын сүйе білетін,оған құрметпен қарай алатын көзқарасқа тәрбиелеу ;
б) Оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге кез-келген ақын-жазушылардың шығармаларын оқып келуге берілген.Сол тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
1. «Кеңестік әдебиет» атты түсінікке не айта аласыңдар?
2.Қазақ даласында өткен төңкеріске өз көзқарастарыңды білдіріңдер?
3.Қазіргі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдағыдай қауіп бар ма?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұхтар Әуезов Семейдің Абайында,қазіргі шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей облысы) Абай ауданының Қасқабұлақ-Бөрілі аулында 1897 жылы туған.Атасы Әуез,әкесі Омархан елге қадірлі,сауатты,әдебиет пен өнерге құмар жандар болған.Абай аулымен сыйлас,аралас-құралас,туыс болған жандар.Атасы Әуез кішкене кезінен немересіне Абай өлеңдерін жаттатып отырған.Немере ағасы Қасымбекпен бірге Семейдегі,орыс гимназиясында,оны бітірген соң осындағы мұғалімдер семинариясында төрт жыл оқиды.1922 жылы Ташкент Мемлекеттік университетіне түсіп,1923 жылы Петербург университетіне ауысып,1928 жылы бітіреді.
Орта Азия мемлекеттік университеті Шығыс факультетінің аспирантурасынан білім алады.Тұңғыш жарық көрген еңбегі (1917) «Адамдық негізі - әйел» деп аталады.Көсемсөзде әйелдің тең құқығы,бостандығына назар салып,қызмет бір ғана әйел үшін емес,қоғам үшін екенін айтады.Қазіргі нақыл сөзге айналған: «Ал,қазақ,мешел болып қалам демесең,тағылымыңды,бесігіңді түзе! Оны түзейін десең,әйелдің халін түзе!», - деген ойды айтқанда М.Әуезов не бары 20 жаста ғана болатын.Жиырмасыншы жылдары «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы», «Оқыған азамат», «Үйлену», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жуандық» т.б. шығармаларын жазды.30-40 жылдары «Іздер», «Білекке білек», «Қасеннің құбылыстары», «Бүркітші», «Асыл нәсілдер», «Шатқалаң» т.б. сияқты бірнеше әңгімелер дүниеге келді.М.Әуезовтың,қазақ әдебиетінің,ұлы шығармасы «Абай жолы» алғаш «Абай» деген атпен 1942 жылы бірінші,1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.
Хронологиялық таблицамен жұмыс:
1897 жылы дүниеге келген
1922 жылы Ташкенттегі университетке түседі
1923 жылы Петербургке ауысады
1928 жылы бітіреді
1942 жылы «Абай жолы» жарыққа шығады.
Білімді бекіту: 1. М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы қандай мәселені көтерді?
2.М.Әуезовтің 20-жылдарда жазылған әңгімелер топтамасы қандай идеяны,тақырыпты қозғайды?
Білімді бағалау: оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтың өмірін және шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің әңгімелері,повестері
(1897-1961)
Сабақтың мақсаты: а) Жазушының өмірінен мәлімет бере отырып,оқушыларды ерлікке,адамгершілікке баулу;
ә) адам баласында кездесетін жаман мінез-құлықтардан аулақ болуға,оларды сынай білуге үйрету ;
б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?
2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?
3.Қандай шығармаларын білесіңдер?
4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Жазушының алғашқы прозалық шығармасы – 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» әңгімесі.Асыраушысы,сақтаушысы,қорғаншысынан айырылған жас Ғазиза,оның кәрі әжесі мен соқыр шешесінің тағдырлары.Әңгіме Ақан болыстың жас бала Ғазизаға жасаған зорлығы,қиянат атулының шегі жоқ дегенге сендіреді,жан түршіктіреді.Жазушы табиғат суретін,Күшікбай жайындағы әңгімені тарата отырып,психологизм,символдық бейнені шебер жымдастырады. Кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан дүниесімен үйлесімділік табады.
Жазушының алғашқы шығармаларының бірі «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен» т.б. әңгімелері әлеуметтік теңсіздік,қоамдық әділетсіздік қана емес,адамдардың қым-қиғаш,қиын өмірі бір-біріне өздері жасайтын озбырлық пен қиянаттан дегенді айтады.
М.Әуезов әңгімелері терең психологизмнің,нәзік лиризмнің,сондай-ақ қазақтың шешендік тілінің үлгісі десе де болады.
Жазушының «Шатқалаңда», «Бүркітші» т.б. әңгімелері – саясат ықпалымен колхоз құрылысын,социалистік қоғамды көрсетуге арналған шығармалар.
«Кім кінәлі?», «Сөну-жану», «Қыр суреттері», «Жетім» әлеуметтік тақырыптарды қозғайды.Жазушының «Қыр суреттері», «Барымта» шығармалары құлашты суреткерлігін,баяндау тәсілінің кеңдігін,кейіпкер сомдау шеберлігін көрсетті.
Жазушының табиғат,табиғаттағы тіршілік иелерінің өмір үшін күресі,айқасы «Көксерек» повесіндегі қасқыр бейнесімен берілген.Адам мен жыртқыш аң арасындағы айқас,суретіне басқа көзбен баға беруге мәжбүр етеді.Құрмаштың бөлтірік кезінде қолға түскен асыранды Көксерегінің әрекеттері айтылады.Қанша қолдан тамақ беріп,түнде қойнына алып жатқанымен де,тағының бәрібір жыртқыштығын қоймайтыны,оның әр қимылынан,әр айла,әрекетімен көрінетіні көркем жазылған.
әңгімелері: «Көксерек», «Оқыған азамат», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу»,. «Ескілік көлеңкесінде», «Шатқалаңда», «Бүркітші», «Білекке-білек», «Іздер», «Жетім», «Барымта»т.б.
повестері: «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».
Шығармашылық тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларындағы кейіпкерлерге мінездеме береді. «Қилы заман» повесін шығарманың құрылысына қарай талдайды
Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтың шығармаларын оқып келуге беремін.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы
Сабақтың мақсаты: а) Абай жолы эпопеясы туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;
ә) Оқушылардың бойына әдептілік,инабатылық,қарапайымдылық қасиеттерін қалыптастыру;
б) сабақ барысында оқушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.
Сабақтың көрнекілігі: бүктемелер,кітаптар т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
1.М.Әуезов қай оқу орнында оқыған?
2.М.Әуезовтың тұңғыш мақаласы не жөніндегі мәелені көтерген?
3.Қандай шығармаларын білесіңдер?
4. «Көксерек» повесін жазуға не себеп болды?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
М.Әуезов шығармашылығының үлкен арнасы – ұлы Абай жайындағы еңбектері.
Бала кезінен данышпан ақынның өлеңдерін жаттап,ұлылығын құлағына сіңіріп өскен М.Әуезов бұл тақырыпқа әңгіме де(«Татьянаның қырдағы әні»), «Абай(Ибарагим)Құнанбайұлы» атты зерттеу,либретто,пьеса,сценарий, «Абай» романын жазды.Жазушының 30-40 жылдары ұлы ақынның туған еліне,Семей,Абай ауданына қайтадан арнайы барып,Абай өмір сүрген дәуір мен өмір туралы замандастары мен көз көргендерінен естіген,ойда жүрген деректерді қағазға түсірген ерліктері де бар.Бұл тұрғыда жазушының өзі шығармаға материал жинау мен қордаланған деректерді қорыту,көркем әлемге енгізу туралы былай дейді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп,сөнуге айналған ошақ орнынан қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып,жалынды алауға айналдырмақ болған кешеуіл жолаушының әрекетімен салыстырар едім
Көне көз қариялардың күңгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас дәуіріне жетелеп,жол көрсетіп отырды,алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын заманындағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым. (М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»).
Жазушы Абай заманын бейнелеуде нақты тарихи деректерді ала отырып,соның негізінде ақынның өз өмірінің басты мәліметтерін қажетке жаратып,кейіпкер мен орта қатынасын неғұрлым шынайы көрестуді мақсат тұтты.Ұлы ақын өмірі мен эпопеядағы кейіпкерден аса сом тұлғалы көркем бейне жасалған.
«Абай жолында» Абайдың бүкіл өмір жолы,саналы шығармашылық,жеке бас тіршілігі молынан қамтылған.Абайдың балалық шағынан алынған эпизодтар жазушы қиялы болғанымен де,бұл болашақ азамат,ақын,ел ағасы,ұлт қадірі Абайдың мінезін ашып,қалыптасу кезеңдерін суретеу үшін алынған.
Алғашқы роман «Абай» деген атпен 1943 жылы жарықа шыққанда Ғ.Мүсірепов: «Абайдай» шығарма бұл күнге дейінгі бүгінгі қазақ әдебиетінде болған емес.»Абай» пьесасы жазушы М:Әуезовтың «Абай жолы» романына барар жолдардың бірі десе де болады.
Шешен тілді,көркем суретті,оқшау оқиғаны шебер қиыстыратын классик жазушы М.Әуезов әлем әдебиетіне қосылар ірі тұлға екенін оның туындылары дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |