Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты



бет8/11
Дата05.11.2016
өлшемі1,56 Mb.
#572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. 1916 жылғы «Маусым жарлығы» неге шықты?

  2. Қазақ жігіттерінің қара жұмысқа алынуына не себеп болды?

  3. 1916 жылғы көтеріліс туралы Ж.Жабаевтың қай шығармасын білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Амангелді мен Бекболат батырлар туралы оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыт

Сабақтың мақсаты : а) Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыттағы әдебиеттен мәлімет бере отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

ХХ ғасыр басы қазақ секілді бодан елдің бостандыққа қол созуына мүмкіндік береді.



Тарихи жайлардың себеп болуы

1

2

3

4

5

6

«Столыпин реформасынан» кейінгі шаруалар ХХ ғасыр басында қазақ даласын дендеп жайлай бастады. Бұған орыс мемлекеті баса мән беріп,жоспарлы түрде қазақ жерін жаулап ала бастады.

Қазақ оқығандары бас қосып,бірігуге пейіл берді

1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде «Қарқаралы петициясы» жазылып Ресей өкіметіне мынадай талап қойды: жергілікті халық еркіне шектеу қоймау, қазақ тілінде мектептер ашу, ел мұңын айтар газет шығару.

Орал қаласында «Қазақ консититуциялық-деомократиялық партиясы» құрылды.

Ресейдің бірінші мемлекеттік Думасына қазақтар да қатыса бастады.

1909 жылы Абай өлеңдері «Оян қазақ», «Қырық мысал» кітап болып шықты.

Кітаппен жұмыс : Кітаппен жұмыс жүргізіледі.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Мемлекетшілдік-ұлтшылдық бағыттағы әдебиетті оқып келу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

« Мен кім?»

Сабақтың мақсаты:

а) Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңінің негізгі идеясын таныту;

ә) оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

б) өршіл де өжет,жігерлі болуды талап ету,үйрету;



Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , салыстыру т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, деңгейлік тапсырмалар жазылған жайма қағаз т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Қазақ әдебиетінің 20 ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі—Мағжан Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаев кім,қандай ақын? Осы сұрақтың жауабын,яғни ақынның кім екенін,ақындық қуаты қандай екенін «Мен кім?» деген өлеңінен іздеп көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқып, ауызша талдау.



Топпен жұмыс: . «Баяндаушы топ» Ақын өзін нелерге теңейді?

Жалын жолбарыс бұлт




арыстан


Тұлпар

теңіз


күн жел
« Суреттеуші топ» Ақын өзін неге осы нәрселерге теңеді? Ол сөздер қандай қасиеттерді бейнелейтіндігін айтыңдар.

Арыстан: азулы аң,аң патшасы.Жолбарыс: бұл да мықты.Бұлт: түйіліп тұрады,жаңбыр әкеледі. Күн: жер бетіне шуақ әкеледі. Теңіз: буырқанады,толқиды,тасады. Жалын: от,өртеп жібереді.



Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Венн диаграммасы бойынша «Мен кім?» өлеңін Сұлтанмахмұттың «Шығамын тірі болсам,адам болып» өлеңімен салыстырады.



Білімді бағалау:Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: «Ер жігітке тән қасиеттер..» деген сөйлемді жалғастырып,толықтырып,өлеңді жаттап келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев

«Сүйемін»

Сабақтың мақсаты:

а) М.Жұмабаевтың ақындық ерекшелігіне тоқталу;

ә) Мағжан өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу;

б) Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп,ұғынуға дағдыландыру;



Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, портреті т.б

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсыпманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

Мағжанның қандай шығармаларын білесіңдер?

Мағжанға айып тағылғанда қандай айып тағылған еді?

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы







«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»



«Педагогика»

«Бернияз Күлеев»



«Ақбозат»

«Большевик баласы»





А)


Қарт анасын

Жарын

Алаш елін

Сарыарқа жерін

Ә) Өлең құрылысына талдау.

Күлдей күңгірт шашы бар, а

Тоқсан бесте жасы бар, а

Көз дегенің сұп-сұр көр, ә

Тасбиқ санап бүгіліп, б

Жерге қарап үңіліп, б

Көрсе ауыр күрсінер, а

Менің бір қарт анам бар, а

Неге екенін білмеймін, в

Сол анамды сүйемін. в

(1 шумақ , 9 тармақ, , 7 буын аралас ұйқас)

Б) Өлең мазмұны

І қатар. Ана,өмірдің алтын кіліті сенде ғана

ІІ қатар. Жар-ердің тірегі.

ІІІ қатар. Туған елін сүйе алмаған,

Сүйе ала ма туған жерін.
Деңгейлік тапсырмалар

І

Сөздер

Мақал-мәтел

Ата-ана

Жанұя- шағын мемлекет. Әке көрген оқ жонар. Ата-ананың ақылы-қакзулы қара жолмен тең.

Жар

Ерге жаққан әйел елге де жағады. Әйел-үйдің көркі. Жақсы әйел-ырыс. Алған жарың жақсы болса,айтың-тойың не керек.Жақсы әйел жолдасың,Жоқтан құрап тойғызар.

Туған ел




Туған жер





ІІ

теңеу

Эпитет

Күлдей

Жыландай


Құрандай

Күңгірт

Сұп-сұр көр

Жабайы жар

Ұйқы басқан қабағы





ІІІ.Шығармашылық (әңгіме,өлең, сурет салу)

Топтастыру жүйесі:

Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау


Махаббат


Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін


Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды ауызға алғанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?.



Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып келу.
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»

Сабақтың мақсаты: а) Мағжан Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру:

МағжанЖұмабаевтың өміріне шолу жасау.



  1. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқып шығу.

  2. Түсінік беру

  3. Мәтінмен жұмыс

(өлеңді сатылай кешенді талдау)

  1. «Қысқы жолда»

  2. Өлең.

  3. 5 шумақ

  4. 21 тармақ

  5. 8 бунақ

  6. 7-8 буын

  7. аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)

  8. а)Эпитет «Құлағын қайшыландырып».

ә) Кейіптеу «Екі иімінен дем алып», «Сақ-сақ күледі,долданып», «кебін жамылып», «Екі санын шапақтап»

б) Теңеу. «Аңдай ұлып»

9. Қаракөк-аттың аты

10. Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға қауіпті екенін білдіреді.

4. Сонымен «Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?

Қазір жылдың қай мезгілі?



Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер? (Абай)

Вен диаграммасы: қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру


Білімді бекіту: 1 «Тез тап» психологиялық тренингі

2. Шыққан сөйлем арқылы сабақты қорытындылау



Білімді бағалау : Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Өлеңді жаттау. Қыс туралы әңгіме жазу,сурет салу
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы : М1РЖАҚЫП ДУЛАТОВ

Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштыц білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің тулегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.



Хронологиялық таблицамен жұмыс:

1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді

1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады.

1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.

1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын больш оралады.



1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды.

1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады.


Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

  1. М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?

  2. «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып,неліктен елді дүр сілкіндірді?

Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Міржақып Дулатовтың өмірбаянын оқып келу

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10


Сабақтың тақырыбы : Міржақып Дулатов

«Оян қазақ»

Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу,поэзияның тереңіне бойлау;

ә) өлеңнің,сөздің астарына,қыр-сырына мән беруге,идеясын түсініп,бағалай білуге баулу;

б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға,ойын еркін айтуға,өз пікірін қорғап,айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау,мәнерлеп оқу, баяндау, т.б

Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар,тірек сызба,сурет т.б.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген тапсырманы сұраймын.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді.

Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:

Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,

Қазағым, енді жату жарамас- ты.

Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет