Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты



бет2/11
Дата05.11.2016
өлшемі1,56 Mb.
#572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Шортанбайдың өлеңдерін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сал- серілер поэзиясы

Сабақтың мақсаты : а) Сал- серілер поэзиясы туралы айта отырып, сал мен серінің айырмашылығын түсіндіру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар ,суреттер

Пәнаралық байланыс : ән-күй ,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Зар заман ақындарының өмірі,шығармашылығы жайында не білесіңдер?

  2. «Зар заман» топтамасы туралы қандай ойларың бар?

  3. Тәуелсіздік, егемендік алғаннан бері зар заман ақындарына деген көзқарас қандай өзгеріске ұшырайды?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ әдебиетінің ерекше, өзгеше, ешбір халық мұрасына ұқсамайтын шетін өнер иелері-сал-серілер.

Бодандыққа бет алған ел ішіндегі осы бағыт өкілдері өз қылықтарымен қарсылықтарын білдіріп тұрғандай.

Олар еш заңға бағынбайды,ешкімнің құлы емес, еркін, өр. Тіпті киімдері де ешкімге ұқсамайды. Жүріс-тұрысы бөлек жандар қазақ өнері алдында ғана бас иеді. Әнді әспеттеп, сөзді сүйіп, жүйрік ат, алғыр қыран ,алымды тазыны ертіп, өткен күннің ертек кездің кейіпкеріндей сұлу тағдыр кешеді.



Сал-серілердің бойындағы қасиеттер

Сал-серілер әнші де өнерлі адамдар

Сал-серілер-сазгер әрі ақындар

Сал-серілер ешкімге бас ұрмайтын ер көңіл, жүректі жандар

Сал-серілер сәнді киім,жүйрік ат, қыран құс,алғыр иттің иелері


Кітаппен жұмыс: Сал-серілердің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Сал-сері деп кімдерді айтамыз?

  2. Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Сал-серілердің өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Сегіз сері

Сабақтың мақсаты : а) Сал- серілер поэзиясы туралы айта отырып, сал мен серінің айырмашылығын түсіндіру;

ә) оқушыларды адамгершілікке, қайырымды болуға,қоғамдық-саяси дүниетанымын дамыту;

б) Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Сал-сері деп кімдерді айтамыз?

  2. Сал мен серінің қандай айырмашылығы бар?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Өз кезінде ерекше мұрасымен қалған, қазақ әдебиетіне аңындығымен, айтыскерлігімен, жыршылығымен, білімділігімен атағы жеткен әйгілі Сегіз (шын аты Мұхамет-Қанапия Баһрамұлы Шақшақов) сері екендігі белгілі. Академик Әлкей Марғұлан Сегіз серінің туған уақыты 1808 жыл дейді. «Ол XIX ғасырдың бірінші жартысында жасаған атақты сері. Туған жері Обаған төңірегінен, Ашамайлы Керейлерінен, қыстаулары Маманай Орманның іші. Он екі жасына дейін ауылдағы мектепте оқып, содан кейін Омбыдағы Азия (Азиатская школа) мектебін бітіреді». (Әлкей Марғұлан 1985.А., Ежелгі жыр, аңыздар).

Тоғызға толмай Сегіз ата-анасынан айырылып жетім қалады. Әкесінен айырылған ұл сол өңірге белгілі Шақшақ шешеннің, ұлы атасының тәрбиесінде болады. Сегіздің әкесі Баһрамның арғы аталары қазақ халқы бас ұрып құрметтеген Толыбай сыншы болады. Демек, Сегіз серінің арғы ата-бабалары даңққа бөленген.

Батырлықпенен балуандықтың шыңына жеткен ұлы бабалардың ұрпағы болады.

Жастайынан шалт қимылымен, ерекше ісіменен танылған Сегіз кейіндері қазақша оқуды тастап, Қызылжардағы «Приходьская школада» білім алады. Орыс тілін оңай меңгерген талантты ұл Омбы қаласындағы офицерлер даярлайтын училищені бітіріп шығады. Бірақ, сері елін қанап отырған, жерін талап отырған орыс өкіметіне құлдық қызмет етуден бас тартып, досы Нияз Бағланұлымен патша құрығынан қашып, Сыр бойына кетеді. Сырдың бойында Телікөл, Айнакөл деген жерлерде жаз бойы жүріп, серілік дәурен кешіп, сол маңайдағы қазақты өнерімен тамсандырып, хас жігіт екендігін танытады. Өзі ақын, өзі жыршы, өзі палуан Сегіз күйшілігімен де ерекше көзге түсіп, сол елдегі Рысбике деген сұлуға үйленді, осындай серіге тамсанған Біржан сал өз өлеңінде былай дейді:

Жалғанда мүратына кімдер жеткен,

Көп жақсы менен бүрын өтіп кеткен

Кітаппен жұмыс: Сегіз серінің өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. Сегіз серінің өмір сүрген кезеңіндегі жалпы қазақ жағдайы қандай?

  2. Сегіз сері бейнесі әлем әдебиетіндегі кімдерге ұқсайды?

  3. Сегіз серінің махаббат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Сегіз серінің өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Біржан сал Қорамсаұлы

Сабақтың мақсаты : а) Біржан сал Қорамсаұлының шығармаларын оқытып, мағынасан ашу, талдату;

ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) өлең арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы : а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Сегіз серінің өмір сүрген кезеңіндегі жалпы қазақ жағдайы қандай?

  2. Сегіз сері бейнесі әлем әдебиетіндегі кімдерге ұқсайды?

  3. Сегіз серінің махаббат тақырыбына жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

"Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" Біржан қазіргі Көкшетау облысы Еңбекші ауданы Ермол деген жерде туған. Ол жер бұрын Біржанды тәрбиелеген атасының атымен "Қожағұл ауылы" деп аталған: өз әкесі Тұрлыбайдың дәулеті шағын болған. Ол өнерді, Біржанның жан-дүниесін түсініп ұға алмаған, ел аралап ән салған серінің тапқан сый-сиятын азсынып, оған "мал табушы ұл" деп қарайды. Малдан басқаны түсінбейтін әкесін бір өлеңінде:

"Ұсынсам қолым жетпес туған айға,

Айтсам да арыз жетпес бір құдайға.

Жылына без жүз теңге тапсам-дағы

Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға.

деп шындықты ашып айтады. Біржанның әкесінің кедейлілігін айтыс кезінде Сара қыз бетіне басады.

... Жылқының арығындай Арғын керей,

Тойғансып мәз боласың ішпей-жемей.

Құр айқай салғаныңнан кім шошиды,

Жеңермін иттей қылып, адам демей,-

дейді. Біржан аз уақыт ішінде халқына белгілі әнші, ақын, сал болып аты шығады. Ол өзін сүйген халқына өнерін жаюдың жолы ел аралау, жаңа ән үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсіне білген.

Табиғи талант иесі Біржан ел аралап, ән салып айтысқа түсіп, жиын-тойдың көркі атанып, әнші, ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады.

Кітаппен жұмыс: Біржан салдың өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


  1. Біржан сал өмір сүрген кез туралы не айтасыңдар?

  2. Біржан салдың қай әнін білесіңдер?

  3. «Біржан сал және ән өнері» деген тақырыпта өз ойларыңды айтыңдар?

  4. Біржан салдың шәрірттері деп кімдерді айтасыңдар?

  5. Бүгінгі күн биігінен Біржанға қандай баға беруге болады?

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Біржан салдың өмірі мен шығармаларын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Біржан мен Сара айтысы

Сабақтың мақсаты : а) Біржан мен Сара айтысын оқытып, мағынасан ашу,талдату;

ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;

б) поэзия арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;



Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



  1. Біржан сал өмір сүрген кез туралы не айтасыңдар?

  2. Біржан салдың қай әнін білесіңдер?

  3. «Біржан сал және ән өнері» деген тақырыпта өз ойларыңды айтыңдар?

  4. Біржан салдың шәрірттері деп кімдерді айтасыңдар?

  5. Бүгінгі күн биігінен Біржанға қандай баға беруге болады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біржанның Жетісудың ақын қызы Сарамен айтысы қазақ поэзиясының асыл қазыналарының бірінен саналады.

Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оның әнін пір тұтып ұстаз деп таниды.

Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарлығапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан-Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.

Е.Брусиловский өзінің операларында Біржан әндерін кеңінен пайдаланды. М.Төлебаев "Біржан-Сара" операсында әншінің шығармаларын толығымен пайдаланды. Біржан- қазақ халқының музыка мәдениетінің алыбы.

Екеуара жұмыс: Біржан мен Сараның айтысын рөлге бөліп оқиды

.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.


Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Біржан мен Сараның айтысын оқи отырып , мінездеме жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ақан Қорамсаұлы

Сабақтың мақсаты : а) А. Қорамсаұлының өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас тұлға екенін таныту;

ә) өнерді сүю,өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру;

б) Ақанның сері ретіндегі мүмкіншілігін таныту,идеялық-эстетикалық мәнін ашу,логикалық ойларын дамыту;

Сабақтың түрі : жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту

Сабақтың көрнекілігі : тірек сызбалар ,суреттер

Пәнаралық байланыс : ән-күй ,тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ақанның өмірі мен шығармашылығы. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Кұнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұанамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады. Жасынан өлең айтып, домбыра тартып, ән шығарумен шұғылданған Ақанның серілік өмірі басталады. Ел мұңын жоқтап, жүрген жерлері думанға айналған. Ақан сері Балуан ІПолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сынды атақты сал серілермен жақын қарым-қатынаста болған. Ит жүгіртіп, құс салып аңшылық құрған. Алғыр қыран құс, жүйрік тазы ұстаған. Кейін Құлагер сияқты жүйрік атқа ие болған.Ақан сері өмір шындығын терең жырлаған. Асқақ ақын ғана емес, сыршыл лирикалық сезіммен, әншілік орындаушылық композиторлық өнерімен бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иесі, арқаның ардагер ақын әншісі болды. "Ойқалқа", "Біздің көңіл қайда жатыр".

Жастық, бозбалалық көңілде Ақан серінің көп жырлаған тақырыбы достық, махаббат болды. Өзі ақын, өзі әнші, өзі аңшы сұлу жігіт Ақанның халық арасына атағы тез жайылады. Оның айналасына қыз- бозбала топтала береді. Эстетикалық сезімі, талғамы күшті ол Көкшенің көркем табиғатында туған небір әсем әндерін бабына келтіріп орындайтын болған.

Өлеңдері: «Балқадиша», «мақпал қыз», Қыз сипаты», « Сүмбіл шаш», « Көңіл жыры», «Нұрила», «Ақшабақ» , «жайықтың ақ түлкісі аралдағы» т.б

Кітаппен жұмыс: Ақан Қорамсаұлының өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіре оқиды.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға Ақан серінің өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.

Айтайын //замандасқа// біраз кеңес, 1 шумақ

Жігіттік //талап еткен// жаман да емес. 4 тармақ

Өнермен //талпынам деп //орға түссе, 12 бунақ

Өкініп// өз ісіне //қайғы жемес

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: Ақан Қорамсаұлының өлеңдерін оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты : білімділік – Шоқан жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа мағлұматтар алуына жағдай туғызу, шығармаларының тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық – оқушылардың мәнерлеп оқу,өлең мазмұнын меңгере отырып автор шеберлігін тануына көмектесу,өлеңді теориялық жағынан талдай білуге үйрету;

тәрбиелік – а) шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына,тіл байлығының артуына ықпал жасау;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі : бүктемелер ,суреттер,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық. мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті


Ш. Уалиханов өмірінің елеулі кезеңдері мен еңбектері


жылдар

оқиғалар

еңбектері

1835

Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған




1847-1853

Омбыдағы кадет корпусында оқиды




1852

Шығысты зерттеуші И.Н. Березинмен танысады




1853

Әскери қызметте қалдырылады




1855

Орталық Қазақстанды,Жетісу, тарбағатай өлкелерін аралайды

«Тәңірі», « Қазақстандағы шамандықтың қалдығы»

1863-1864

Омбы қаласы

«Сот реформасы туралы жазбалар»

Кітаппен жұмыс: Шоқанның шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шоқан Уалиханов туралы не білесің?

  2. Ш.Уалиханов өмір сүрген шақтағы қоғам туралы,қазақ елі туралы не айтасың?

  3. Ш.Уалихановты не себепті аққан жұлдыз деді?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.



Үйге тапсырма: «Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру ,өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,өлеңді түсініп,мәнерлеп,көркем оқи білуге баулу;

ә) оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны қалыптастыру,ақын тіліне деген көзқарасн білу;

б) адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге,оны қорғауға баулу,қоршаған ортаға құрметпен қарауға баулу,ойынеркін айта алатын қолайлы орта туғызу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих,ән-күй

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.

Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің алдында да беделді, белгілі кісі болған.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин атасының жақсы танысы, сыйлас кісісі — Орынбордағы Шекаралық комиссияның төрағасы, шығыстанушы белгілі ғалым, профессор В. В. Григорьевпен жақын танысады. Ол Ыбырайға қамқорлықпен қарап, оған өзінің бай кітапханасын еркін пайдалануына жағдай жасайды. Ыбырай Григорьевтің кітапханасынан орыс жазушыларының шығармаларын, орыс және дүние жүзі ағартушы-педагогтерінің еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі жайындағы кітаптарды алып, бас алмай оқыған. Мерзімдік басылымдарды оқып тұрған.



Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", - деп жазады ол белгілі шығыстанушы, профессор Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді.

Топтастыру:

өлеңдері әңгімелері




Аудармалары мақалалары
Кітаппен жұмыс: Ыбырай шығармаларын оқып,талдау жасайды.

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Ыбырай Алтынсариннің өмір жолын оқып келу.

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10



Сабақтың тақырыбы : Ыбырай Алтынсарин

«Қазақ хрестоматиясы»

Сабақтың мақсаты : а) Ы.Алтынсариннің өмірі мен еңбектеріне тоқтала отырып,әңгіменің идеялық мазмұнынына талдау,оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып,пікірін тыңдау,қорытынды жасау;

ә) білімділік танымын,шығармашылық қабілетін,тілдік қорын,ізденістерін арттыру;

б) еңбексүйгіштікке,мамандық таңдай білуге,адамгершілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ (танымдық сабақ)

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау (ой қозғау,топтастыру)

Сабақтың көрнекілігі:, бүктемелер,кітаптар т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих , еңбек

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.



б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Ыбырай Алтынсарин қазақ балаларына білім мен тәрбиенің негізгі көзі –оқулық деп қарап, мазмұны бала табиғатына жақын ,тақырыбы таныс әрі қызқты кітап шығару керек деп түсінді. 1876 жылдан «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия 1879 жылы , Орынборда басылады.Ыбырай Алтынсарин 1846 жылы И.Н Ильминскийге жазған хатында: «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін,қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым»,-деп жазады.

Ыбырай Алтынсарин адамдық қасиеттер жөнінен әңгімелер кіргізді. Көбін өзі жазды,бірқатарын сол кездегі орыс оқулықтарынан ел тұрмысына лайықтап аударды. «Қазақ хрестоматиясы» орыс әліпбиі негізінде жазылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет