Күні: 20.04. 2016. Пәні:
|
Әдебиеттік оқу. 3 «а» сыныбы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қ. Ыдырысов. Жаңбыр
|
Сабақтың мақсаты:
|
Білімділік: Автор туралы мәлімет бере отырып, өлеңнің мазмұнын, негізгі идеясын ұғынуына жағдай жасау.
Дамытушылық: танымдық қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өлеңді өмірмен байланыстыра отырып, сөйлеу мәдениеттерін арттыру.
Тәрбиелілік: топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа,табиғатты аялау сезімдерін оятуға тәрбиелеу
|
Күтілетін нәтиже:
|
Өлеңнің мазмұнын түсінеді, қорытынды жасайды. Сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілеті артады. Өз ойларын дәлелдей алады.
|
Сілтеме:
|
Оқулық- 3 сынып, сабақ жоспары.
|
Ресурстар:
|
Қ.Ыдырысов портреті, интербелсенді тақта,слайдтар, смайликтер
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Психологиялық дайындық
Құлпыра берші, кең дала,
Гүліңді күнде терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Құшағыңа енейін.
|
Кезеңдері:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Үй тапсырмасы:
«Ойлану баспалдағы»
(тарауды пысықтау)
|
1 Біздің өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады?
2 «Дала» шығармасының авторы кім?
3 Осы тарауда Абайдың қандай шығармасын оқыдық?
4 «Малсақ бала» әңгімесіндегі негізгі ой?
5 «Көлде» шығармасында кездескен құстарды ата?
|
Сұрақтарға жауап береді, бір-бірін толықтырады
|
Өзіммен-өзім
|
Балалардың көздерін жұмғызып, музыка жібередіде, қандай дыбыс естігендерін сұрайды
|
Балалар жаңбырдың дыбысын естігенін айтады
|
Мағынаны тану
|
Ыдырысов Қабдыкәрім «Жаңбыр»
Ақын , аудармашы 1928ж Павлодар обл,Ақтоғай ауылында дүниеге келген
Шығармалары: Өмір гүлі; Жасырынбақ; Әрқашан күн сөнбесін;Үйелмелі-сүйелмелі;Шуақты күндер; Әке жолы
Павлодар педучилищесін,Абай атындағы мемл-к институт бітірген
Тұңғыш өлеңі 1947 жылы шыққан. 30-дан астам үлкенді-кішілі кітабы жарық көрген
«Қазақстан пионері», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған. «Жалын» баспасының директоры
Павлодар педучилищесін,Абай атындағы мемл-к институт бітірген
|
Жаңа ақпарды ойларына түйеді, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша қажетті тұстарын дәптерлеріне жазады.
|
«Бір айналым сөйлесу»
|
Жаңбыр туралы не білесіз?
|
Балалар өз ойларын айтады, бірін-бір толықтырады
|
Оқулықпен жұмыс:
|
Мұғалім бағыт беріп тұрады
|
1 Тізбектей оқу
2 Әр шумаққа ат қою
|
Топпен жұмыс:
|
«Ортада қаламсап»
топ: Жаңбыр туралы мақал-мәтел айту
топ: «Еркін жазу стратегиясы» Жаңбырдың пайдасы
топ: жаңбыр туралы 5 жол өлең
топ «Галереяны шарлау» «Жаңбырлы күн» сурет салу
|
«Ортада қаламсап» әдісі арқылы әр топ жауап беруге мүмкіндік алады
Жұмыстарын қорғайды
|
Ой толғаныс. Бекіту
|
«Сиқырлы қалпақ » арқылы ойларын қорыту.
|
Өтілген тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді
|
Үйге тапсырма
|
Өлеңді жаттау, бүгінгі сабақта айтылмаған мақал-мәтелдерді жазып келу.
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау.
|
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды қолшатырдың қызыл түсін –«5»,
көк түсін «4» деп бағалау.
|
Өз-өздерін бағалау арқылы сумативті бағалауға өтеді
|