Сабақтың тақырыбы: Қ. Ысқақов «Қоңыр күз еді»



Дата28.11.2016
өлшемі85,08 Kb.
#2755
түріСабақ
























Сабақтың тақырыбы: Қ.Ысқақов «Қоңыр күз еді»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі: Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті

жылдарымен тұспа-тұс келген жазушының

балалық шағының суреттелуіндегі ерекшелікті таныту

ә) тәрбиелігі: Оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығын

арттыра отырып, жазушыныңайтар ойы мен мақсатын

танып өсуге тәрбиелеу

б) дамытушылығы: Оқушының ойлау қабілетін , қиялын дамытуға, өз

бетімен ізденуге үйрету, дағдыландыру

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, баяндау, топтастыру әңгіме кестесі,

концептуалдық кесте, Б.Ү.Ү

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі, Биология

Сабақтың көрнекілігі: Жазушы суреті, өмірі, иетерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сынып оқушыларының сабаққа қатысын тексеру

ә) Оқушылардың дайындығын тексеру

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Шерхан Мұртазаның «Жүз жылдық жара»

әңгімесі


  1. Әңгіменің бұлай аталуының себебі неде?

  2. Ұлы Отан соғысы туралы не білесіз?

  3. Бахтияр бағы деген не?

  4. Байшынар неге жалғыз қалды?

  5. Жуанқұлдың тағдыры не себепті қиындыққа ұласып кетті?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі. Қ.Ысқақов «Қоңыр күз еді»

Алтайдың тұмса табиғатын, шулаған қара орманы

мен Бұқтырманың булыққан сарынын көркем прозада

бірінші рет бейнелеген Қ.Ысқақов - деп жерлес

жазушымыз жоғары баға берген.

Қ.Жұмаділов.




Жазушының өмір жолы
Қ.Ысқақов - идеялық, адамгершілік, профессионалдық кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер, қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келген әдеби толқынның басында тұрған аса көрнекті жазушылардың бірі.


Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы Қалихан Ысқақов 1935 жылдың 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған

1965-1967 жылдары Москвадағы сценаристер курсын тәмамдаған.



Үлкен Нарын ауданындағы Ш.Айманов атындағы Жұлдыз ауылдық мектебін бітірген соң Қазақтың Әл-Фарби атындағы ұлттық Университетінің журналистика факультетін 1957жылы аяқтаған.

1967-1972 жылдары «қазақфильм» киностудиясындағы үшінші творчестволық бірлесткітің бас редакторы болды.



Университетті бітіргеннен кейін республикалық мерзімді баспалар редакциясындаәдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды

1972 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында істеп, драмматургия бөлімін басқарды. Жазушының творчестволық қызметі 1957 жылдан басталды.

«Дос хикаясы» «Ақсу – жер



1963 жыл жаннаты»

1989 жыл



Шығармалары

«Менің ағаларым» «Қоңыр күз

1965 жыл еді»

1981 жыл

«Бұқтырма сарыны» «Тұйық» «Қара орман»

1967 жыл 1975 жыл 1980 жыл

«Ақсу- жер жаннаты» романы үшін 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Жазушы шығармалары



Өзбек болгар

Қырғыз Словак

Тәжік Украин

Татар Башқұрт Шешен Орыс

тілдеріне аударылып, өз оқырмандарын тапты.

Жазушы

Л.Н.Толстой И.А.Бунин

А.П.Чехов А.И.Куприн

И.С.Тургенев

Шығармаларын қазақ тіліне аударма жасаған.



1. Әңгіме аты

Қоңыр күз еді

2. Әңгіменің авторы

1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Топқайың ауылында туған Қалихан Ысқақов. Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі жазушы.

3. Шығарма мазмұны

Балалық шағы сонау Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен тұспа – тұс келген жазушының балалық шағындағы өмір өксігі мен өз махаббатын аңсауы ұтастай қағаз бетіне түсіруге арқау болған. Бұл повесте бізге таныс интернат өмірі бар шындық қалпында бейнеленген. Мұнда сезім мөлдірлігі ,жан тазалығы, турашыл сезімдер шынайылықпен суреттелген .

4. Оқиға кімнің атынан баяндалған?

Жазушы Қалихан Ысқақовтың өз атынан баяндалған.

5. Оқиға орны:

Топқайың ауылындағы мектептің интернат үйі.

6.Алғашқы таныстың иесі кім болды?

Мектеп директоры орта жасты, бір көзінің бидайдай ағы бар, күбіқарын, жуан кісі.

7.Интернат өмірімен

танысу неден басталды?

Барақ сияқты жатақхана ішіндегі қара домалақ балалар , интернаттың күйбең тіршілігі, темір көйке, астан –кестеңі шыққан төсек - орын, көк ат, әнші Алтынды тануынан басталады.

8. Соғыс біткен жылдың

күзінде қандай өзгеріс

болды?

Маймұрын Қаламтайдың інісі Алматай Алматыдан институтты бітіріп біздің мектепке әдебиет сабағынан беретін мұғалім болып келді. Осы кезден бастап, Қасымныңәдебиетке деген қызығушылығын оятты.

9. Кітаптың жасырын

оқылуының сыры неде?

37 жылдың зұлматына ілініп, халық жауы деп, жазықсыз атылып, кеткен Бейімбет Майлинніңәлі ақталмаған, шығармасын оқуға тыйым

салынған кезі еді .

10. Әңгіменің «Қоңыр күз еді» деп аталуының себебі неде?

Қасымның әдебиетке деген қызығушылығы да, шығармаға деген құштарлығы да сол бір күз кезінде басталған еді. Мұғалімнің де Қасымның әдебиетке деген қабілетін сол жолы байқаған болатын.

11. Әңгіме немен аяқталды?

Алматы қаласын, «Шұғаның белгісі» деп аталған керемет шығарманы жазған.

Әңгіме кейіпкерлері кімдер?

ІҮ. Жаңа сабақты меңгеруін тексеру

Концептуалдық кесте

Әңгіме кейіпкері

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге берілетін













Ү. Оқулықпен жұмыс жүргізу

Кейіпкерлерге мінездеме

ҮІ. Сезімнен шыққан өлең Күзді биологиялық жолмен бейнелеу


  1. Күздің белгісі қандай?

  2. Қалай сезінесің?

  3. Қалай естисің?

  4. Күзде қандай иіс болады?

  5. Күздің дәмі қандай?

ҮІІ. Оқушылар білімін бекіту

Білетінім

Үйренгенім


Үйренгім келеді










ҮІІІ. Үйге тапсырма, бағалау

1. Әңгімені оқып, мазмұндау

2. Қоңыр күз бейнесін суреттеу

3. Повесть ішіндегі көркемдегіш құралдарды табу



ІХ. Оқушылар білімін бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет