Сабақтың тақырыбы : Жазбаша бөлу тәсілдері Сабақтың мақсаты : Жазбаша бөлу тәсілдері жайлы алған білімдерін



Дата22.08.2017
өлшемі136,23 Kb.
#23989
түріСабақ
Шымкент қаласы

55 жалпы орта мектеп



бастауыш сынып мұғалімі

Ибрагимова Умсын Момынкановна
Сынып: 4

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Жазбаша бөлу тәсілдері

Сабақтың мақсаты: Жазбаша бөлу тәсілдері жайлы алған білімдерін

пысықтау, күрделі теңдеулер құрастыру туралы білімдерін бекіту;



Күтілетін нәтиже: Сандар әлемін түсінеді. Есептің шарты арқылы есептің тез шешілу жолдарын қарастыра алады. Өлшем бірліктермен сауатты жұмыс жасап біледі..
Психологиялық дайындық

Сонау-сонау алысқа, жүзсін десең кемелер.

Тылсым сырлы ғарышқа,ұшсын десең денелер.

Жасау үшін бәрін де

Математика

Ең маңызды ғылым бұл

Сондықтан да,сондықтан да

Сол ғылымның тілін біл!


Қызығушылығын ояту.

Математика есептерін тез шығару үшін сендер жылдам, алғыр, жүйрік, мықты болуларың керек.

Топқа бөлу

1 топ. «Жылдамдар»

2 топ. «Жүйріктер»

3 топ. «Мықтылар»

4 топ."Алғырлар"

- Топтың жұмысын мен бағалаймын, әрбір дұрыс жауаптарың үшін гүлдер жинаймыз

1 топ – қызық раушангүл

2 топ - сары раушан гүл

3 топ – көк раушангүл

4 топ – ал қызыл раушангүл

«Миға шабуыл». Үй тапсырмасын сұрау.

1 есеп. Тез есептеу жолын түсіндір.

4 топқа 4 тапсырма

1 топ. 45∙99; 99+115

2 топ. 101∙89; 37∙101

3 топ. 6∙999; 40 ∙25

4 топ. 50∙999; 800∙25

«Ой қозғау» . 2 есеп.

Баған түрінде түсіндіре отырып шығар. (Әр топқа А-4 парақшасы таратылады, соған есепті шығарады)

1 топ 27200 : 320

2 топ 22400 : 640

3 топ 132 500 : 5300

4 топ 17920 : 280

- Біз қандай амалдарды орындадық, есепті қалай шығардыңдар

Яғни, бүгінгі сабағымызды тақырыбы «Жазбаша бөлу тәсілдері»


Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Кіріспе сөз. Қазақ халқы киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп.

«3, 7, 9, 40» сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым – тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлемімінің ішіндегі 7 санымен танысамыз.

Қазақ халқы үшін 7 саны киелі сан: 7 ата, 7 қабат аспан, 7 ғашық, 7 жұт,

7 құт, 7 қазына, аптада 7 күн және т.б. бар.

- Балалар, жеті санын айтқанда әлемнің жеті кереметі еске түседі.

Ал қазақ халықының жеті кереметі бар екенін білесіңдер ме?

- Біз бүгін өзіміздің халқымыздың жеті кереметімен танысу үшін саяхатқа аттанамыз.Әр кереметтің бізге даындап қойыған қызықты тапсырмалары бар, соны орындасақ, бір керемет бізге ашылып отырады.

- Олай болса, саяхатқа аттандық. Тапсырманы орындаған жағдайда ғана кереметтер бізге ашылады.



1 кереметтің тапсырмасы. 3 есеп. Түсіндіре отырып шығар

1 топ 2 топ 3 топ 4 топ

4 207 ∙ 36 4 027 ∙ 36 1 232 : 56 91 350 : 15

4 270 ∙ 36 4 007 ∙ 36 4 116 : 42 169 960 : 28


Ал енді 1 кереметті көрейік, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

2 кереметтің есебі 4 есеп.

1 топ және 2 топ а) Сыныптан 23 бала шыққаннан кейін, онда 5 қыз және 8 ер бала қалды. Сыныпта барлығы неше бала болған?

3 топ 4 топ ә) Сыныптан 12 бала шыққаннан кейін, онда шығып кеткендердің жартысын құрайтын бала қалды. Сыныпта барлығы неше бала болған?
3 кереметтің есебі.» Кім жылдам» Барлық топтарға бірдей 6 есеп

Жаңажылдық сыйлықта 12 карамель және 24 шоколад кәмпит болды. Егер барлығы 5 400 кәмпит болса, әр түрінен сыйлық қалташаға неше кәмпиттен салынған?



3 керемет «Айша бибі мазары»
4 керемет бізге сергіту сәтін дайындапты

1,2,3,4,5,6,7,8 өзіңе жақын, ұнататын саныңды таңда.


1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады.

2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән.

3 саны ашық, көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны.

4 саны жұмбақ сан.

5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалайтын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны.

6 саны қыз балаға тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес.

7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал.

8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндіктерін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар.

9 саны қашан да көмекке ұмтылып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола алатындарға тән сан.

4 керемет «Тамғалы жартас суреттері»
5 кереметтің есебі 7 есеп

1 топ 570 ∙ х – 4700 = 13 540

2 топ 340 ∙ х – 416 ∙ 2 = 18 208

3 топ (223 440 – 130 ∙х) : 35 – 6 020

4 топ ( 31 ∙550 – х) ∙120 = 10 200

5 керемет «Алтын адам»
6 кереметтің сұрағына жауап беріңдер

Барлық топтарға. Сұрақтарға жауап бер



- Көк шеңбердің ішінде 2-ге бөлінбейтін неше сан бар?

- Қызыл шеңбердің ішінде 5-ке бөлінетін неше сан бар?

- Көк және қызыл шеңберлердің ішінде 2-ге және 5-ке бөлінетін сандар нешеу?

- Көк шеңбердің ішінде 5-ке бөлінбейтін сандар нешеу?



6 керемет «Домбыра»
7 керемет. Сабақты қорытындылау.

Мақалдарға сан қою арқылы толықтырыңдар:

1……….. саусақ бірдей емес.

2.Жігітке ………… өнер де аз.

3. ………. қырлы, ….. сырлы.

4…….. жақсы дос…….. туыстан артық


7 керемет «Күлтегін ескерткіші»
Рахмет,балалар,енді әрі қарай жұмыс жасайық.

Оқушыларды бағалау

Білім ағашы

Бәрекелді, балалар!

Бәріңе бестік баға бар.

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін бағалар.
Рефлексия

Менің сабақтағы көңіл күйім жақсы/ төмен

Маған сабақ ұнады/ ұнамады

Топта жұмысым нәтижелі болды/ нәтижелі болмады


Үйге тапсырма

Күнделікті енді алайық,

Үй тапсырмасын жазайық

Математикадан алған білімді



Ұмытпай есте сақтайық.

5 есеп. 22 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет