Сабақтың тақырыбы : Көру және есту түйсіктері Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата09.06.2020
өлшемі22,99 Kb.
#63269
түріСабақ
1   2   3
Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен амандасу.

Ә)сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ оқушыларды белгілеу.

Б)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

А) топ бойынша үй тапсырмасының орындалуын тексеру.

Ә)үй тапсырмасы бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

Б)Оқушылар назарын сабаққа аудару.

3.Білімді жан-жақты тексеру.

Бұрынғы өтілген материалды қайталау.

4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі.

А)жаңа сабаққа назарын аударту.

Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.

5.Жаңа сабақ. Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.

Тақырыбы: Көру және есту түйсіктері
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
1.   Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер.Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады.
2.  Ішкі    мүшелеріміздің    күйін    бейнелейтін"(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі органикалық түйсіктер"жатады. Олардың рецепторларын     интероцептор   деп атайды.
3.  Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады.

Мұның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топтағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.   Көру туйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады. Спектрге  қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі тусті және олардың сансыз реңцерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жа-сыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сүр түстері) болып екіге бөлінеді.Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы), ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады.Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы.Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашылығы. Ең қою түс — қызыл түс болады.Көру мүшесі — көз. Оның  негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен      (ақ түсті,тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе. Есту түйсіктері
Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц  (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ 
аң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке — 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.

6.Жаңа материал бойынша дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.Жаттығулар мен жағдаяттарды орындату.Жаттығулар жүргізу

7. Бекіту сұрақтары.

8.Үй тапсырмасын беру. Көру және есту түйсіктері.Терминдермен жұмыс.

9.Оқушыларды бағалау: біліміне, сабақта берген жауабына қарай бағалау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет