Сабақтың тақырыбы : М. Жұмабаев «Батыр Баян»



Дата05.06.2017
өлшемі93,18 Kb.
#17724
түріСабақ

Чкалов №2 орта мектебі.

« Батыр Баян»- патриоттық шығарма М.Жұмабаев.

Қазақ тілі әдебиеті 8-сынып.





Тайынша ауданы №2Чкалов ОМ Шауенова А.Б.



Сынып:8

пән:Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев « Батыр Баян»- патриоттық шығарма.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Поэмадағы тарихи оқиғаларды түсініп оқып, Баян бейнесін ашу, оқушылар өз көзқарастарында дәлелдеу, өзекті ойды ала білу. адалдыққа, намысшылдыққа тәрбиелеу. Тәрбиелік: Поэма патриоттық шығарма екенін дәлелдей отырып, адалдық пен намыстылыққа тәрбиелеу;Дамытушылық: сөз астарына үңіліп, сөйлеу мәнерін қалыптастыру, афоризм сөздерді тірек етіп қолдана білуге үйрету.

Сабақтың түрі: дебат – пікірталас сабағы. ( Карл Поппер пікірталасы бағдарламасы бойынша)

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың әдістері: танымдық ізденуші, зерттеу әдісі, СТО сстр. Венндиаграммасы, топтастыру, (кластер), топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, презентация, «Баян Сұлу» фильмінен суреттер.

Сабақтың барысы: ұйымдастыру кезеңі

Үйге М. Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы. «Батыр Баян» поэмасын оқып келу керек болатын.

1-топ.

Мағжан өміріндегі жылдар үн қатады.



2-топ.

Мағжан шығармалары.



Мұғалім сөзі. Мағжан лирик ақын,сыршыл ақын,эпик ақын. Мағжанның ақындық суретшілігі жайлы Жүсіпбек Аймауытов «Мағжанның ақындық күші,сөзге еркіндігі,суретшілігі-баянда толық көрінеді.абай айтқан сөз патшасы «Баянда» бар.Адамдардың мінезін дұрыс келтіру, махабатты, батырды, соғысты,өлімді суреттеуі өмірді түйе білгендігін көрсетеді. «Баян» -қазақ әдебиетінде бола бермеген табыс» дейді, ендеше сол айтылған ойға көз жеткізейік.

-Алдымен Баян туралы қысқаша дерек алайық.

-Мақсатына тоқталу.

-Батыр баян поэмасының қысқаша композициялық құрылысын талдайық.



2-топ құрады салыстырамыз.

Оқиғаның болған кезі: Тарихи кезеңдер қазақ,қалмақ шапқыншылығы,жаугершілік заман, Абылай хан тұсы.

Оқиға неден басталады: Шапқыншылық кезінде қалмақ қызының қолға түсуі.

Оқиғаның дауы, өрбуі: Баян қызды еліне алып келуі.

Оқиғаның шиеленісуі: Ноянның қызға ғашық болып, екуінің қашып кетуі.

Оқиғаның шарықтау шегі: Ноян мен қыздың Баян қолынан қаза табуы.

Шешімі: Батыр Баянның жау қолына өзі барып түсуі.

Оқиғадағы негізгі кейіпкерлеріміз кім? Баян, Ноян,Лағда.

Ендеше осы кейіпкерлерімізге мінездеме бере кетейік.



Кейіпкер

өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіп. берілетін баға

Батыр Баян

Жоғары. Елі, жері үшін басын тікті

Жоғары. Елін,жерін ойлайды, бауырын өлтіреді.

Жоғары

Ноян

Көрсеқызар, қыздың соңынан еріп кетеді, орташа

Орташа. Елінен, жерінен, туғандарынан қызды жоғары қояды.

Орташа

Қалмақ қызы

Жоғары. Елі үшін, жері үшін айлакерлік жасайды.

Жоғары. Туған еліне, жеріне адал.

Жоғары

Сол сұлу сұлу екен атқан таңдай,

Бір соған бар сұлулық жиылғандай.

Торғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт,

Сөздері – су сылдырлап құйылғандай.

Бір улап, көзқарасы бір айнытқан,

Жұлдыздай еркелеген сөнбей-жанбай...

Ақын бұл шығармада өзі де сұлулыққа табынады.Сұлулық- тылсым күш. Ол ер Баянды да тұтқындайды.

Қан жауып екі көзін қанды балақ,

Ілмекке қоңыр қазды көңіл бөлген...

Болмасын жас сұлудың білгеннен соң,

Ер Баян қарындас қып ерік берген...
Жанса да жап-жас ноян, сұм сұлу қыз

Көп заман жүрді бірақ көз де салмай...



Келесі негігі сұрақтардың бірі- ақын қалмақ қызын сұлу деп қана жеткізбей сұм сұлу деп айтуының себебі неде?

  • Осындай ерекше сұлулық иесі – қалмақ қызының қайсарлығы мен ақылы да қайран қалдырады. Сөз салмақ болған Баянды "ағатайлап" жүріп, өзіне қарындас ретінде қарауға мәжбүр еткен. Түпкі ойында туған жұрты, ата-анасы жатыр.

Алаштың аруы боп кетсе-дағы,

Жанымен өз жұртынан айырылмаған, –

  күйі, ақыры, жас Ноянды өз дегеніне көндіреді.



Батырдың жан күйін, сезім тасқынын суреттейтін жер?

Боз үйде жалғыз қалып Баян енді.

Жаралы жолбарыстай күңіренді...

...Ойламай, белді бекем будым неге?

Қозымды қас дұшпандай қудым неге?

Майысып Ноян қалқам, ерке марқам,

Қасқиып қарсы алдымда тұрдың неге?

Бауырыма тас жүрегім жібімеді-ау,

Бір ата, бір анадан тудым неге?

Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым

Қанымен өз қозымның жудым неге?

Күнәсіз екі жасты өлтіргенше,

Өлмедім ішіп уын...

Жоқ әлде жоқ,жоқ... әлде ... өлтірдім бе,

Інімді алты алаштың намысы үшін?!

Коллизия деген не?кейіпкердің азап шегуі, бір – біріне қарама – қарсы сезімдердің бір адамның бойында тоғысуы.

Ал, енді осы оқиғаны сараптай отырып, Ноянды кім дейміз?

Баянның інісін өлтіргені қылмыс па, қылмыс емес пе? Осы тақырыпқа пікірталастырайық. Ендеше балалар, осы пікір жайында пікірталас ұймдастырайық.


Ақтаушылар

Даттаушылар

Жақтаушы топтың қарар тақырыбы:

«Інісін өлтірген Баянның ісі қылмысқа жатпайды.»

Кілт сөздер, аргументтер:

  1. Қылмыс кісіні қасақана дайындалып өлтіру.

  2. Ар – намысын, ел намысын қорғау үшін жасалған.

  3. Кек – жауға, дұшпанға, сатқынға деген өшпенділік, қастық.

Дәлелдемелер:

  1. « Батыр – ел қорғаны»

  2. « Жауға жаныңды берсең де, жолдасыңды құтқар»

  3. Халықтың намысы, ер азаматтың азып, дұшпанға күлкі болмауы үшін жасалған қылмыс – қылмыс емес.

Айғақтар :

  1. “ Би, Қанай! Аттанбайды хан Абылай, келмесе қандыбалақ батыр Баян”

  2. Жоқ, алде, жоқ, жоқ, әлде өлтірдім бе?!

  3. - Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан жөңкіліп бұл кетудің мәні қалай? Жігіттерімді жинайын, олар кетсе де, мен кетпеспін.

Даттаушы топ мүшелерінің жақтаушы топ мүшелеріне сұрақтары:

  1. Ноян сүйгені үшін айыпты ма?

  2. Кісі өлтірмей ер, ел намысын қорғауға болмай ма?

  3. Әйел үшін інісін өлтіру батырға лайқ іс пе?

  4. Баян өшін сұм сұлудан неге алмады?

Жақтаушы топ мүшелерінің даттаушы топқа сұрақтары:

1,Елін, жерін, туғанын әйел үшін тастай қашқан Ноян ісі ердің ісі ме?

2,Ағайын арасына от салған,ерді аздырған сұм сұлудың ісін қалай түсіндіресің?

3. Қазақта, “ Ер жігіттің бірінші бақыты – Отаны” дейді. Сонда Ноян сұлу үшін өз бақытынан бас тартып, қара басының бақытын алға қойған ба?

4. “ Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі” деген Леонардо да Винчи. Егер Ноянның сатқындық, опасыз ісі жазаланбаса дұрыс деп ойлайсың ба? Ертеңдері сол Ноянның қарсы жақтан жау болып шықпасына кепіл бола аласың ба?

Жақтаушы топтың пайымдаулары:


  1. Адамгершіліктің негізі – әр адамның ұлтын, жерін сүюінде.

  2. “ Өзің үшін ғана еңбек етсең, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боларсың” деген Абай.

  3. “ Батыр болып туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі” деген Қорқыт.

  4. “ Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы екен” деген Қорқыт.

  5. “Отаныңның перзенті бол, туған жер топырағымен байланысыңды терең сезін,оған перзентше қара,одан алғаныңды үш еселеп қайтар. Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер көп,бірақ адамның туған ансы сияқты Отаны да біреу ғана” деген К.Д. Ушинский

  6. “ От басына өрт салмаа, өзегіне дерт салма” , барлық кінә сұм сұлуда.


Даттаушы топтың қарар тақырыбы:

Інісін өлтірген Баянның інісі қылмысқа жатады”.



Кілт сөздер, аргументтер:

  1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін өлтірді.

  2. Халық кегін, намысын алға тартып өш алды.

  3. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

Дәлелдемелер:

  1. “ Ашу-ызамен жасалған істі іске асырушы – Баян”

  2. “ Кінәсін жуу үшін соғысқа аттанып, қалмақпен соғысады”.

  3. “ Сұлуға деген махаббаты, айрылып қалу күйініші қылмысқа итермелейді”

Айғақтар:

  1. Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті”

  2. Екі қыршын жастың ажалы: “Жан көке, аға!”, “Баян аға!”

  3. Баян монологы:

“Жейтұғын өз күшігін болдым бөрі.

Ісімді мынау ағат немен жабам?”



Даттаушы топтың пайымдаулары:

  1. “Махаббатсыз қан салқын. Махаббат- құштарлық атаулының ең құдіреттісі. Ол жасты да, жүректі де, тәнді де түгел баурайды” (Вольтер)

  2. “ Сүйген әйелге құштарлық етуден еркектің басы төмендемейді, қайта биіктей түседі. Әйелге қызмет етудің бір бөлшегі” Толстой

  3. Жас жаңылады, үлкен кешіреді”

  4. Жаугершілік заманда бір батыр өзінің баласын тастап, бауырын қоршаудан алып шыққан. Сондағы ойы: “ Өзім аман болсам бала болады, ал туған бауырды қайдан табам?”

  5. Бейқамдық сәтсіздікке бастайды, оның аяғы қолайсыздыққа ұрындырады.

  6. “Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көрде, ішпен біл” ( Абай)

  7. “ Адасқанның алды-жөн, арты – соқпақ”

( Абай)

  1. “ Алтын жығаң болса да, жаға мен жең керек. Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек” ( Мақал)

  2. Жүрекке әмір жүрмейді.





Қорытынды: Міне, балалар, сонымен түйін шешілді. Баян да, Ноян да кінәлі емес. Алтыбақан алауыз қылған сол заман келмеске кетсін.

Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас....


Дей отырып, Батыр Баян бейнесі қалай болғанда да тарихи, реалистік, аңыздық, трагедиялық, романтикалық, батырлық бейне деп бүгінгі сабағымызды М. Жұмабаевтың жыр жолдарынан мына үзіндімен аяқтайық.

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңға,

Мен жастарға сенемін!

Ақынның осы сенімін ақтайтын болашақ сендер екеніңді ұмытпаңдар.


Еліміз тыныш болып ,Тәуелсіздігіміз асқақтай берсін.
Оқушыларға үй тапсырмасы: «Ерлік туралы дастан» атты шығарма жазуға даярлану.

Абылай хан туралы мәлімет.



Бағалау.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет