Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.
Пәнаралық байланыс: адам анатомиясы, физиологиясы пәндері.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, слайд қолдану, практикалық іс-әрекеттерді көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, манекендер, муляждар.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі -5 (мин)
а) Кіріспе ( массаж туралы жалпы түсінік) -10 (мин)
ІІ. Тәжірибелік дағдыларды орындап көрсету (муляждардан іс-әрекеттерді көрсету) - 30 (мин)
ІІІ. Ситуациялық есептер – 15 (мин)
IV.Сергіту жаттығулары - 7 (мин)
V. Слайд (анаграммаларды шешу тақтамен жұмыс) - 7 (мин)
VI. Қорытынды (өзін –өзі массаж жасау әдістерін көрсету) -13 (мин)
VII. Бағалау - 3 (мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі: - 5 (мин)
Сабақтың барысы: Саламатсыздарма! Көңіл-күйлеріңіз қандай жақсыма?
Үйірме сабағымыздың ұстанымдары:
Ашық болу
Тәжірибе барысында бір-бірімізге кедергі келтірмеу
Белсенді болу
Тәжірибелік дағдыларды үйреніп алу.
а). Кіріспе - 10 (мин)
Ағзаға массаж жасау адамзаттың ерте кезден қолданып келе жатқан емдеу әдіс-тәсілдерінің бір түрі болып табылады.
Негізінен массаж жасайтын адам, ең әуелі адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Ағзаның нақтылы ауырып тұрған жерін тауып, сол жерге массаж жасауы тиіс. Массаждың буынға және қалың бұлшық етке қалай, қандай тәсілдермен жасалатынын меңгерген дұрыс. Ол үшін саусақтың ұшымен сипап отырып анықтап алуға болады. Себебі, массаж саусақтың ұшымен және алақан күшімен орындалатындығы ескертіледі. Осылайша, бір мүшеге жасап болғаннан кейін екінші мүшеге жасауға ауысып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |